Екінші сабақ типі: «Оқушы білімін және іс-әрекет тәсілдерін жетіл- діру» сабақтары.
Сабақтың мақсаты – білімнің беріктігін орнықтыруды қамтамасыз ету және іс-әрекет тәсілдерін жетілдіру.
Сабақ құрылымы (кезеңдері):
Мотивация.
Жетекші білімді қалыпты және ӛзгерген жағдайда ӛзектілеу, білімді ӛз бетінше қолдану.
Бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау.
Түзету.
Рефлексия.
Бұл сабақ практикум, семинар сабақ, «ашық ойлар» сабағы, «Брейн- ринг» ойыны, тренинг-сабақ, ӛзіндік жұмыс т.б. сабақ түрінде жүзеге асады.
Үшінші сабақ типі: «Білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану».
1 Управление образовательными системами. Шамова Т.И., Давыденко Т.М., Шибанова Г.Н. 4-е изд., стер. - М.: 2007. - 384 с.
Мұндай сабақтардың мақсаты – оқушылардың кешенді білім және іс- әрекет түрлерін ӛз бетімен қолдану үшін мазмұндық және ұйымдастыру жағдайларын жасау.
Сабақтың құрылымы (кезеңдері):
Мотивация.
Кешенді білім мен іс-әрекет әдістерін ӛзектілеу.
Ұқсас және жаңа жағдайларда білімді ӛз бетімен қолдану, бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау.
Түзету.
Рефлексия.
Аталған сабақ типін әңгімелесу және практикалық сабақ, дәріс және тренинг түрінде жүргізу тиімді.
Төртінші сабақ типі: «Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жүйелеу және қорытындылау» деп аталады.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың білімін және іс-әрекет әдістерін қорытындылау жұмыстарын ұйымдастыру.
Сабақтың құрылымы (кезеңдері):
Мотивация.
Оқу материалының мазмұнын талдау.
Оқу материалындағы басты мәселені ерекшелеу.
Жүйелеу және қорытындылау.
Пән аралық және пәнішілік байланыс орнату.
Рефлексия.
Бірінші және екінші сабақ типтеріндегі сабақ түрлерін белсенді қол- дануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |