Қазақстан республикасы білім және ғылым



бет83/94
Дата12.12.2023
өлшемі0.79 Mb.
#486281
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   94
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva (1)

Кәмила: Қазіргі заманда жұрттың бәріне бірдей ұнай беру шарт емес. ХХ ғасыр ғылыми-техникалық прогресстің ғасыры ғана емес, субьективті пікірдің ғасыры. Біреуге ұнау үшін әрекет жасау бекершілік.
Сұлтан: Біреуге ұнамауды мақсат ету де адамды рухани тұйықтыққа итермей ме?
Кәмила: Сен мені түсінбей қалыпсың. Біреудің қабағына қарап, соның ақылымен ӛмір сүру, қайткен күнде де оған да ӛзің жайлы жаман пікір қалдырмауға тырысу — адамды ой бостандығынан айы- рады. Ал ой бостандығы болмаған жерде... айталық, сен қолыңа гита- ра ұстап, туған күніңді думандатып, маған қарсы дау айтып отыр- ғаныңа қарамастан, тіпті он екі мүшесі сау, қаланың ортасынан үш бӛлмелі пәтеріне, жергілікті комитеттің мүшесі екеніне де қарамас- тан, мына сен ... сыртын терімен қаптай салған тұлып болар едің.
Сұлтан: І-імм. С-солай де. Ашулануға тұрарлық сӛз екен. Бірақ жақын досымның үйіне алғаш рет келіп отырғандықтан, шаңырақтың шырқын бұзғым келмей отыр. Дегенмен, айта қойшы, жұрттың бәріне бірдей ұнамауды мақсат еткен адам ғана ой бостандығының иесі санала ма? Обьективті пікір деген бар ғой.
Светлана: Жоқ.
Сұлтан: Қалайша? Обьективті пікірді жоққа шығарғың келе ме? Светлана: Жоққа шығарғым келмейді. Ӛйткені ол болған емес.
Обьективті пікір деген-субекьтивті пікірлердің жиынтығы.
Сұлтан: Ал, әйтпесе, ХХ ғасырдың жойқын нигилисі арамызда жүр екен ғой. (Гауһарға қарап ) Бұған сіз қалай қарайсыз, қарындас?
Гауһар: Мен бейтаныс адамдардың алдында пікір айтпаймын.
Сұлтан: Бұл да ӛзінше жаңалық екен. Қалыс қалудың сәті табыла кеткен түрі ғой.
Темірбек: Жолдастар, айтысты тоқтатуларыңды ӛтінемін. Светлана: Жо-оқ, жалғастыра берсін. Мен үшін ӛте қызық.
Меніңше, дастархан басында адамдардың сӛзінен-ақ бүтін бір қоғам мәдениетінің даму деңгейі кӛрінеді. Білімді жастардың айтысы да, тартысы да әлеуметтік биіктен басталуы керек. Обьективті және субьективті пікір дегенді мен күнде естіп, сол сӛзді ӛзім қолданып жүрсем де, анығына жете алмаймын. Сұлтан, ол жӛнінде сенің ойың қалай?
Сұлтан: Сен ӛз сұрағыңа ӛзің жауап беріп отырсың ғой. Мен ӛз пікірімді айтсам, демек ол субьективті пікірім, ал кӛпшілікке ұнайтын ойымды айтсам, ол обьективті пікір.
Драмалық шығармада бақыт тӛңірегінде ой ӛрбиді. Шығарма кейіпкерлерінің бақыт туралы пікірлерін оқып, шығарманы түйіндегеннен кейін оқушылардың ӛз пікірлерін тыңдау, шағын ой толғау немесе эссе жаздыру ӛте тиімді. Эссе тақырыбы: «Бақыт деген...» Осы орайда бірнеше оқушының шығармасынан мысал:

  1. оқушы: «Бақыт деген немене? Осы ойды біздің заманымызға дейінгі сан ғасырлар бойы әр адам ӛзінше пайымдап, ӛзінше түйін жасап келді.

«Бақыт» ұғымы ақын, жазушыларды да аз толғандырған жоқ. Мен бақытты болудан, оны сезіну маңызды деп білемін. Себебі кейде адамдар қолдарында бар бақытты бағаламайды. Ӛздері бақытты бола тұра бақытты екендіктерін сезбейді. Адам үшін осы жарық дүниеде ӛмір сүрудің ӛзі бақыт. Ата-анасының, достарының қасында, алтын ұя мекте- бінен білім алып жатқан осынау уақыттардың бәрі — бақыт. М.Мақатаевтың «Бақыт туралы ой» деген ӛлеңінде бақыт туралы әр адамның пікірін қорыта келіп:
«Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым, Бақыт адам баласына келмес оңай соны ұқтым. Безбеймін баладан да, байлықтан да, жардан да, Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда,
Үміт үзбей іздейді олар таңдап сол бір жақұтты.
Оны алыстан іздемегін жүректен тап бақытты», – дейді. Мен де ақын ағамыздың пікірін дұрыс деп білемін. Мен үшін бақыт ӛз Отаныңда, ӛз ата-анаңның жанында уайымсыз күн кешу. Бүгіннен ертеңгі күннің нұрлы болуы деп түсінемін.

  1. оқушы: Бақыт деген...Бақыт деген, меніңше, ӛмірге келуіміздің ӛзі бақыт. Атқан таңды, батқан күнді кӛрудің ӛзі бақыт. Ананың ақ сүтін емген әрбір адам, әкенің аялы алақанын кӛрген адам бақытты. Балалық шақтың бақыты деп мен, достарыммен бірге доп ойнап, кӛбелек қуып, сыңғырлаған қоңырау үні естілетін білім ұямыз мектепті

айтар едім. Ал қазіргі кездегі бақытым, әке-шешемнің аман жүруімен, денсаулығымның күштілігі, сонымен қатар заманымыздың тыныштығы деп айтар едім.
Мен бақыттымын, себебі мен бейбіт, тыныш, тәуелсіз, ӛрке- ниетті де мәдениетті елде ӛмір сүремін. Осы елімнің болашағы, ақ таңы үшін бейбіт елімді қорғауға әрдайым дайынмын.
Кейбіреулер ойлайды. Бақыт деген – ақша, байлық, мал-мүлік деп. Ол дұрыс емес, ӛйткені ақша да, байлық та қолдың кірі, бірде бар да бірде жоқ. Мен айтар едім, бақыт деген – білім, ӛнер, ақыл. Ол бақыт- ты сенен ешкім де тартып ала алмайды.

  1. оқушы: Бақыт деген... Адам баласы ӛмірге келгенде, әр адамның ӛзіне Алла тағала маңдайына бақыт жазады. «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін» – дейді ғой. Әр адамның ӛз бақыты болады және әртүрлі болады. Мысалы: анаң мен әкең қасыңда болса, соның ӛзі де бақыт, тілеген арманың орындалса, оның ӛзі де бақыт. Мектепті ойдағыдай аяқтап, жоғарғы оқу орнына түссем, оның ӛзі зор бақыт. Ӛзім ғана емес бүкіл жер жүзіндегі адамдарға бақыт тілеймін.

Әдебиетті оқыту негізінен эстетика мен мәдениеттану ілімдеріне арқа сүйенетіндіктен, драмалық шығармаларды оқытуда мақсатқа жетудің жолы
— жаттығулар жүйесін жасау. Драмалық шығармаларды оқытуда әдеби ойындардың да алатын орны ерекше. Мәселен, Д.Исабековтің «Әпке» драмасындағы Тимур, Нәзила, Света, Кама сияқты жастардың адам, қоғам, заман адамы жайлы ойларын проза тіліне айналдыра отырып, шағын ой толғау жазу, эссе жазу; шығармада кӛтерілген проблемалық сұрақтар тӛңірегінде интервью, сауалнама алу т.т. жұмыстар оқушыларды шығармашылыққа жетелейді.
Қорыта айтқанда, драмалық шығармалар ӛзіндік күрделі құрылымға ие. Драмалық шығармаларды оқытудағы бір қиындық мектеп бағдарлама- сында драмалық шығармалардың санаулы болып келуінде. Ӛйткені, күні бүгінге дейін мектеп бағдарламасында драмалық шығармаларды оқытуға жете кӛңіл бӛлінбей келеді.
Жас ұрпақтың дамуы туралы заңдылықтарға сай әдебиет бағдарла- масының да мазмұны мен құрылымы ӛзгеріп отырады. Драмалық шы- ғармаларды оқыту бастауыш сыныптарда рӛлге бӛліп оқытатын ӛлеңдерден, шығармалардан, шағын пьесалардан басталып, орта буын сыныптарда драмалық шығармалармен ұласқаны, бірте-бірте молая түскені абзал. Драмалық шығармаларды оқыту және талдау жолдарын әдіс- тәсілдерін әлі де жетілдіре түсу қажет.
Сыныптан тыс жұмыстарда, драмалық үйірмелерде драмалық шығармаларды оқыту, мүмкіндігінше сахналату оқушы үшін драмалық шығарма табиғаты мен күрделі кейіпкерлер жүйесін, адамдар әлемін танудың бірден-бір жолы болмақ.

Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары:


  1. Драмалық шығармалардың ӛзіне тән қандай ерекшелігі бар?

  2. Драмалық шығармалардың мектеп бағдарламасындағы орны қандай? Оларды оқыту міндеті қандай?

  3. Оқушылардың драмалық шығармаларды оқып қабылдау мүмкіндіктері қандай?

  4. Драмалық шығарманы оқыту үшін 5-7 сыныптарда қандай даярлық жұмыстарын жүргізуге болады?

  5. Драмалық шығармаларды оқыту әдіс-тәсілдерін саралаңыз.



Әдебиеттер тізімі:


  1. Дүкенбаев С.Х. Драмалық шығармаларды оқыту. – А., Мектеп. 1987.

  2. Бораш Р.Б. Драмалық шығармаларды оқытудың кейбір мәселелері // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2006. № 3.

  1. Майман Р.Р. Практикум по методике преподавания литературы.М., Прос.1985 -103-с.

  2. Зепалова Т.С. Уроки литературы и театр. Москва, «Просвещение. 1982.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет