Қазақстан республикасы білім және ғылым


Ғылыми шаруашылық технологиясы зертханасы



Pdf көрінісі
бет12/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

11. Ғылыми шаруашылық технологиясы зертханасы 
ертеден бар мелиоративтік болжау зертханасы негізінде 1993 
жылы қайта ұйымдастырылды. Зертхананы тәжірибелі ғалым 
В.А.Корниенко басқарады. Зертханада 10 қызметкер бар, оның 
жартысы ғылыми қызметкерлер. 
Негізгі ғылыми бағыты – теориялық есептеулер мен тә-
жірибе жұмыстарының нәтижесінде суарылуға тиісті жерлердің 
мелиоративтік жағдайларын алдын-ала болжау. 
Ертеректе жүргізілген топырақ мелиоративтік зерттеу 
материалдары Қазақстанның Оңтүстік бөлігіндегі аймақтарды 
тұзды – геохимиялық тұрғыдан үш аймаққа бөлуге мүмкіндік 
берді. Каспий теңізіне құятын Жайық өзені аймағы сульфатты-
хлорлы, Аралға құятын Сырдария өзені және осы бассейнде 
орналасқан Шу өзені аймағы, негізінен, хлорлы – сульфатты, ал 
Балқаш көліне құятын Іле өзені сульфатты-содалы аймақтар 
болып танылды. Осыған орай бұл аймақтарда жер суарған кезде 
болатын геохимиялық үдерістер де, оларды жақсарту үшін қол-
данылатын мелиоративтік шаралардың түрлері де әрқалай. 
1964-1975 жылдары зертхана негізгі ғылыми жұмыстарын 
Сырдария бойындағы Қызылорда алқабы мен Қазалы атырауын-
да, Іле бойында Ақдала алқабында жүргізді. Соңғысында зерт-
теу жұмыстары әлі жалғасуда. Топырақтағы тұздардың құра-
мында өсімдіктерді уландыратын сода тұздары болатындықтан, 
бұл алқапты егіншілікке игеру оңайға түспейді. Сондықтан Іле 
алқабы аймағында сорланған топырақтың биохимиясы мен 
топырақ химиясы зертханасының қызметкерлері де зерттеу жұ-
мыстарын жүргізуде. Бұл бағытта жүргізілген кешенді зерт-
теулер нәтижесіз де емес. Игеруге өте күрделі, топырағы сор-
ланған жерлерден де жап-жақсы күріш өнімін алып жүргеніміз 
осыны дәлелдейді. 
Алпысыншы жылдардан бастап Арал теңізіне құятын су 
көздерінің азаюынан теңіз деңгейі төмендей бастағаны белгілі. 
Бұл жағдай бұрынғы теңіз астындағы көп жерлердің құрғауына, 
теңіз суының тұздылығы жылдан-жылға артуына, т.б. қолайсыз 


табиғат жағдайларына әкеп соғып отыр. Бұрын бассейн айма-
ғындағы тұздар сумен бірге теңізге келетін болса, енді, керісін-
ше, теңіз суының тұзы құрғаған жерлерде қалып, одан жел 
күшімен айналаға тарап, көп қиыншылықтар туғызады. Міне, 
табиғаттың осы құбылыстары болашақта неге апарып соғаты-
нын, теңізден босаған жерлерде топырақ түзілу барысы қандай 
бағытта жүретінін, т.б. жағдайларды болжау үшін зертхана 
қызметкерлері Арал маңында біраз жылдардан бері мұқият 
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет