техникалық жұмыс атқарады. Ғылыми бағыты — Қазақстан
топырағының геохимиялық және минералдық құрамын зерттеу.
Солтүстік Тянь-Шань тауының етектерінен бастап таудың биік
шыңына дейінгі тік белдеуі зоналық
тәртіппен тараған топы-
рақтардың геохимиялық және минералдық топырақ түзу құбы-
лыстары кезінде майда ұнтақталған балшықты минералдарға
айналдыру үдерісі зерттелді. Жeтпiciншi жылдардан бастап
мұндай зерттеулер Қазақстанның
кең алқапты жазық аймақта-
рында жүргізіле бастады. Әуелі республикамыздың оңтүстігін-
дегі шөл, шөлейт зоналардан басталған бұл зерттеулер 1980
жылдары құрғақ далалы орталық Қазақстан мен жеткілікті ыл-
ғалданған терістік Қазақстан аймақтарында жалғастырылды.
Зерттеу нәтижелері бipнеше монографиялық еңбектерде баян-
далған.
5. Мекемеаралық жер қорлары зертханасы. 1981 жылы
Топырақтану институты мен республикамыздың ауылшаруашы-
лық министрлігі құрған. Жерлерді
мелиорациялау мен игеру
зертханасы негізінде 1993 жылы қайта құрылды. Атынан
белгілі болғандай, институттың Ақмола бөлімшесі — республи-
камыздың тың өлкесіндегі жер
қорларын тиімді пайдалану
жолдарын іздестіретін ғылыми мекеме. Зертхана ғылыми зерт-
теулерін сол аймақтағы республикамыздың ауылшаруашылық
мекемелерімен қоян-қолтық бірлесіп жүргізуде. Зертханада 20-
25 қызметкер бар, олардың 10-ы ғылыми қызметкер, 5-i ғылым
кандидаттары. Зертхананы тәжірибелі маман, ғылым кандидаты
А.Н.Тычина басқарады.
Достарыңызбен бөлісу: