Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет19/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

бедерінің тигізетін әсері маңызды орын алады. Жер бедерінің 
әртүрлі болуына қарай оған судың келуі, тіпті күн сәулесінің 
түсуі түрліше болады. 
Геологиялық жаңа аймақта түзіле бастаған топырақ жас, 
ал геологиялық ескі аймақтың топырағы ескі. Осыған бай-
ланысты ТМД елдерінің теріс жағында жаңа жас топырақтар тү-
зіліп жатса, оңтүстік жағында көне дәуірден келе жатқан топы-
рақтар кездеседі. 
Тау жыныстарының топыраққа айналуы бір мезгілде және 
бірге жүретін оның бұзылу, топырақ түзу құбылыстарының нә-
тижесінде жүзеге асады. Мұндағы топырақтүзу құбылыстары-


ның пайда болып, дамуы тек өсімдіктер мен микроорганизмдер 
әсерінен басталады. 
Тау жыныстарына қоныс тепкен өсімдік тамырлары әр-
түрлі тереңдіктерге тарап, олардан қоректік күлді шашыранды 
элементтерді (фосфор, күкірт, кальций, магний, калий және т.б.) 
және микроорганизмдердің биохимиялық іс-әрекетінің салдары-
нан тау жыныстарында пайда болған азотты бойына сіңіреді. 
Ауадан көмірқышқыл газын, топырақтан су, күлдік элементтер 
мен азотты және күннің жарық қуатын пайдалана отырып, 
фотосинтез кезінде өсімдік қалдықтары (құрамында топырақтан 
сіңірген элементтері бар) тау жынысының бетіне және беткі 
қабатына жинақталады, бұлар микроағзалардың қоректік және 
қуат көздеріне айналады. 
Өсімдіктердің органикалық қалдықтарының бір бөлігі 
микробтардың ыдыратуының арқасында жаңа органио-минерал-
ды заттарға – қарашіріндіге (гумустық заттар) айналса, біразы 
азот және күлдік элементтерге ыдырап, минерализацияға ұшы-
райды. Гумустық заттар микроағзалар әсерінен баяу ыдырауына 
байланысты жыныстардың беткі қабатына жинақталады. Ал, 
минерализацияға ұшыраған күлдік элементтер топырақтың 
ылғалына еріп, келесі өсімдіктер тамырына сіңіріліп, фотосин-
тез құбылысына қатысуы мүмкін немесе топырақтың минерал-
ды бөлігімен жаңа қосылыстарға түзіледі. 
Қорыта келгенде, өсімдіктер мен топырақтүзуші аналық 
тау жыныстары арасында органикалық заттардың тоқталмайтын 
түзілу мен бұзылу құбылыстарының салдарынан күлдік эле-
менттер мен азоттың айналымы пайда болады. Осы жұмыстың 
әсерінен топырақтың беткі қабатына оның құнарлылығының 
негізі – өсімдіктердің минералды және азотпен қоректену эле-
менттері бірте-бірте жиналады (биологиялық аккумуляция) 
және заттардың бұл айналымы кіші биологиялық заттар айна-
лымы деп аталады. 
Демек, заттардың биологиялық айналымы – топырақ түзу 
құбылыстарының негізі. Бұл айналым кезінде топырақтүзуші 
аналық тау жынысының беткі қабатына минералды заттармен 
қатар, фотосинтез құбылысында күннің жарық қуатынан хи-
миялық қуатқа өзгерген органикалық заттар көптеп түседі. 


Өлген өсімдіктердің органикалық заттары ыдыраған кезде 
химиялық қуат босап, басқа қуат түріне ауысып, тау жынысында 
органикалық заттарсыз түзілмейтін құбылыстардың дамуына 
жұмсалады. Сөйтіп, аналық тау жынысының біртекті минералды 
массасы біртіндеп жаңа құрам, құрылым, қасиеттер қабылдап 
ерекше табиғи дене – топыраққа айналады. Топыраққа органи-
калық заттардың үзіліссіз түсуімен қатар, оның тоқтаусыз био-
химиялық өзгерулерінің нәтижесінде әрқашан да топырақта 
ылғи органикалық заттар мен қоса минерализация және гуми-
фикация құбылыстарының аралық және соңғы өнімдері 
қатысады. 
Минералдың бұзылуынан пайда болған өнімдермен орга-
никалық қалдықтардың минерализация және гумификация 
өнімдері арасында өзара әсер-ықпалдасуының салдарынан күр-
делі құбылыстар тұрақты жүріп жатады, нәтижесінде бос ана-
лық жыныста бұрын болмаған жаңа қосылыстар түзіледі. 
Мұндай қосылыстар негізінен минералды заттар мен гумус 
қышқылдарының өзара әрекеттесуінен пайда болады. Кейбір 
гумус қышқылдарының тұздары сілтілік металдармен, әсіресе 
кальцилі болса, суда ерімейтін қосылыс береді. Сондықтан олар 
пайда болған жерінде гель түрінде топырақтың жеке-жеке 
минералды түйіршіктерінің сыртын жұқа қабыршақпен қаптап, 
бір-біріне жабыстырып, оларды біріктіреді. Гумус қышқылдары 
алюминий және темір гидрототықтарымен әрекеттескен кезде 
алюмо-және темір-гумусты кешенді қосылыстары пайда болады, 
олардың жылжымалылығы гумус қышқылының табиғатына, 
топырақ ерітіндісіндегі катиондардың құрамына және бір-
жарымдық тотықтардың мөлшеріне байланысты. Гумус қыш-
қылдары жоғары дисперсиялы балшықты минералдармен әре-
кеттескенде күрделі органо-минералды қосылыстар пайда 
болады. Бұл кешенді коллойдтардың құрамы тұрақсыз, диспер-
сиялық (майдалылық) деңгейі бірдей емес, сондықтан өзінен ірі 
топырақ түйіршіктерінің бетіне жабысу беріктігі (орнықталығы) 
әртүрлі. 
Минералды және органикалық заттардың өзара әрекет-
тесуінің өнімдері топыраққа айналушы аналық жыныстың бос 
массасының ішінде жылжи отырып, әртүрлі тереңдікте моле-


кулярлық және коллойдтық ерітінділер түрінде тұнбаға түседі. 
Мұның нәтижесінде біртекті аналық жыныс химиялық және 
механикалық құрамы, физикалық қасиеттері мен сыртқы бел-
гілері әртүрлі бірнеше қабаттарға бөлінеді. Бұл қабаттар топы-
рақ горизонттары деп аталады. 
Қарашірінді заттардың (гумустық заттардың) ең көп 
жинақталатын жерлері топырақтың жоғарғы қабаты (горизон-
ты), сондықтан бұл қабат қарашірінді қабаты немесе қарашірінді 
горизонты деп аталады. Топырақтүзу ерекшеліктеріне байла-
нысты қарашірінді заттары минералды түйіршіктермен әртүрлі 
қосылыстар түрінде жиналады. Барлық жағдайда қарашірінді 
топырақтың жоғарғы қабатына көптеп жиналуына байланысты, 
бұл қабаттың түсі қара-сұр немесе сұр, құрылымдық түйіршік-
тері жекеленген, бос массалы болып келеді. Топырақта қараші-
рінді мөлшері көбейген сайын топырақтүзу құбылысында аса 
маңызды орын алатын, өсімдіктерге қажетті қоректік элемент-
тердің мөлшері артады, алмаспалы катиондардың сіңіру қабілеті 
өсе түседі, жалпы алғанда топырақтың құнарлылығы арта 
түседі. 
Топырақ қабаттары толығымен сумен жуылса, яғни, 
топырақ ерітіндісіндегі сілтілер, әсіресе, кальций мөлшері 
азайып кетсе, минералды, органикалық және органо-минералды 
гельдердің беріктігі келмейді, олар сумен еріп, ылайлы-тозаңды 
суспензия түрінде жоғары қабаттардан төменгі қабаттарға қарай 
шайылады. Бұл жағдайда топырақ ерітіндісінде агрессивті 
қарашірінді (гумустық) қышқылдары көп болса, онда бастапқы 
(алғашқы) және кейін пайда болған алюмо-және ферросели-
каттар қарқынды бұзылып, қышқылды ортада жылжымалы 
болатын олардың топырақтарының гумустық қышқылдар мен 
кешенді қосылыстары түзіледі. Бұлардың нәтижесінде топырақ 
қабатындағы негіздер, біржарымдық тотықтар, кейде кремнезем 
мөлшері күрт кеміп кетеді. Топырақ қабаты өзіне тән түрін 
жоғалтады, ашық-сұр, ақшыл тартады, топырақтың механика-
лық ірі фракциялары көбейеді. Мұндай горизонт жуылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет