шатастырмау керек. Морфологиялық құрылым – топырақтың
сыртқы пішіні топырақ әртүрлі морфологиялық көріністерден
құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірінен
сыртқы пішіндерімен айырмашылығы
бар топырақтың гене-
тикалық қабаттарынан көруге болады.
Төмен қарай, топырақтың барлық қабатымен бірге жалпы
түрінің ауысуы
топырақтың құрылысы болып аталады. Генети-
калық қабаттар жиынтығы топырақтың
генетикалық кескінін
құрады.
Бұл әдісті алғаш рет В.В.Дoкучаев қолданған, осы күнге
дейін бұл топырақтануда негізгі әдіс болып қалды. Шұңқырды
қазып, бір бетін тегістеп, оған күн сәулесін түсіріп
қараған
кезде,
топырақтың бірнеше қабаттарға бөлінгені байқалады.
Топырақтың
әр қабаты өзіне тән сыртқы пішінімен сипат-
талады. Осы қабаттардың түріне қарап, топырақтың түзілу үде-
рісі туралы көп мәліметтер айтуға болады. Әртүрлі топырақ тип-
тері де бір-бірінен осылайша ажыратылады.
Топырақтың негізгі морфологиялық сипаттамаларына
то-
пырақтың түсі, құрылымы, тығыздығы, механикалық құрамы,
әртүрлі қосылыстардың бәрі немесе жоғы, HCI-мен әрекеті,
т.б. жатады.
Топырақ профилінің құрылымы. Топырақ түзілу үдерісінің
нәтижесінде топырақ құратын қалың қабат
жеке қабатшаларға
бөлінеді де топырақ профилі түзіледі. Oлар тік бағытта бір-
бірінен белгілі сипаттамалары бойынша айырбасталып отырады.
Бұларды
генетикалық қабат деп атайды, себебі олар генезистік
үдерістер кезінде түзіледі, яғни топырақтың пайда болуы мен
даму барысында.
Генетикалық қабаттардың қосындысы топы-
рақ профилін құрайды.
Әр топырақтың өзіне тән топырақ профилі мен гене-
тикалық қабаты болады, олар бір-бірінен
түсі, құрылымы, ты-
ғыздығы, механикалық құрамы, жаңа түзілімдері мен кірмелері
т.с.с. белгілерімен ажыратылады. Топырақтың жалпы құрылым
нобайларын алғаш ұсынған ғалым В.В.Дакучаев. Ол
топырақ-
ты үш генетикалық қабатқа бөлді: қарашірікті-аккумулятивті
(А қабаты), өтпелі (В қабаты) және аналық тау жынысты
(С қабаты). Кейінгі зерттеушілер (Г.Н.Высоцский, Б.Б.Полынов,
К.Д.Глинка, С.А.Захаров, А.Н.Соколовский, Ө.О.Оспанов, т.б.)
бұл нобайларды зерттеу барысында толықтырды.
Қазіргі кезде генетикалық қабаттарды белгілеу үшін
қолданылып жүрген
белгі жүйелер, цифрлық индекстер арқылы
белгіленетін латын алфавитінің басқы әріптері.
Біздің елімізде ТМД топырақ генетикалы қабаттар белгі-
сінің мынандай символдарын қолданады:
Аn –
жыртылатын,
Достарыңызбен бөлісу: