Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет35/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

ты байланыста және өзара тәуелді келеді. 
Ауаның температурасы топырақтағы физикалық, химия-
лық бұзылудың қарқынына және биохимиялық үдерістердің 


шапшаңдығына тікелей әсер етеді. Сонымен бірге топырақтағы 
ылғал мөлшері, оның булануы да температураға байланысты. 
Температура жоғарылаған сайын, топырақтағы барлық хи-
миялық және биологиялық үдерістер, химиялық реакциялар 
тездетіледі, топырақтағы микроағзалардың белсенділігі артады. 
Ал температура төмендесе, топырақтағы барлық үдерістер 
бәсеңдеп, микроағзалардың әрекеті сөніп, онан әрі қыс түсісімен 
топыраққұралу үдерістері тоқтайды. 
Жел топырақтың құралу үдерісіне маңызды әсер етеді. 
Жоғарыда тоқталғандай жылжымалы ауа массасы топырақтың 
әртүрлі бөлшектерін ұшырып әкетіп немесе қайта әкеліп са-
пырыстырып топырақ қасиеттерін өзгертеді. Жел көбінесе 
өсімдіктер жамылғысы мен қорғалмаған үстірттердегі борпыл-
дақ жыныстарды ұшырады (дефляция немесе жел эрозиясы). Бір 
жерден жел ұшырған шаң-тозаң және құмды заттар басқа ойлы 
жерлерге жиналады. 
Жел қарды да, сор жерлердің бетіндегі тұздарды да ұшы-
рып әкетеді. Қарды ұшырғанда жел арқылы топырақтағы ылғал 
қайта бөлінетін болса, жел ылғалдың булануын үдетеді және 
жалпы жылылық пен ылғалдылықтың реттеуші тетігі болып 
саналады. Далалық аймақта, топырақты кептіріп, егістікті құрта-
тын, зиянды аңызақ (ыстық) жел жиі соғады. 
Жауын-шашын, температура және жел бірлесіп жалпы 
топырақтықтың су және жылулық құбылымын (режимін) анық-
тайды. Солардың бірлескен нәтижесінде кейбір топырақтар жет-
кілікті, басқалары жеткіліксіз ылғалданып, кей жер жылынбай,
өсімдіктердің дамуына әртүрлі қолайсыз жағдайлар туады. 
Территориялық жағынан климат макро (үлкен) және микро 
(кіші) болып бөлінеді. Макроклимат табиғи аймақтарға сәйкес 
белгілі тұрақты элементтерден құралады. Солтүстіктің темпера-
турасы төмен, ылғалы көп климат аймағы болса, оңтүстік – 
жоғары температуралы, ылғалы аз, құрғақ аймаққа жатады. 
Бірінші аймақта булану жауын-шашын мөлшерінен төмен болса, 
екінші аймақта булану жауын-шашын мөлшерінен 5-9 есе артық 
болады. 
Микроклимат деп әр аймақтағы жергілікті (жер бедеріне, 
өсімдік жамылғысына, т.б.) жағдайларға байланысты көлемі 


шағын жерде байқалатын температураның, ылғалдың және 
желдің өзгешеліктерін айтады. Мысалы, дала аймағында көлемі 
кішкентай ойпаң жерлерде ылғал көбірек жиналып, топырақ 
жақсы ылғалданып, шабындық өсімдіктер жамылғысы пайда 
болады да, айнала дала реңімен ерекшеленіп тұрады. Бұл жердің 
ылғалы жазда аса көп буланбай, тұрақты сақталады. 
4. Жер бедері (рельеф) топыраққұраушы басты факторлар-
дың бірі, себебі құрлықтың бетіне келіп түскен жылу мен суды 
бөлуге тікелей әсер етеді. Сондықтан рельеф деп құрлық беті 
экспозициясының дәрежелері, түрлері және ерекшеліктерін 
айтады. Мысалы, жер бетінің сәл дөңес болуының өзі темпера-
тураның едәуір өзгерісіне әкеліп соғады. Таулы алқаптың тік 
белдеулік зонасы заңдылықтарының өзі де осымен байланысты. 
Салыстырмалы биіктік те атмосфералық жауын-шашынның 
бөлінуіне әсер етеді. Жер бетіндегі күн энергиясының бөлінуіне 
әсер ететін фактор еңістің экспозициясы (орналасу дәрежесі). 
Көбінесе топырақ құбылымына әсер етуші жер асты ыза суы-
ның өзі осы рельефтің ерекшелігіне байланысты. 
Рельефтің негізгі екі түрі бар : макро (үлкен) және микро 
(кіші) рельеф. 
Жалпы жер бедерінің ойлы-қырлы немесе тегіс жерінің 
көлемі үлкен (бірнеше жүз шақырымға созылған) болатын бөлі-
гін макрорельеф дейді. Микрорельеф деп көлемі шағын жер бө-
лігінің ойпаң немесе дөңес жерлерінің тіктік айырмашылығы 
бірнеше метрден аспайтын бедерін айтады. 
Бұл екі рельеф түрінің астында мезорельеф бар. Мұндай 
жер бедерінің ойпаттары мен дөңестері кезектесіп келеді, бірақ 
макрорельефтен айырмашылығы – құламалы беткейлері бол-
майды. Мезорельефке дөңесті дала, шағыл құмдар, макро-
рельефке таулы, тегістік өлкелер, микрорельефке шұқанақтар 
мен төмпешіктер жатады. 
Топыраққұралу үдерісіне рельефтің қатысы жанамалы 
болады. Оның рөлі – климат элементтерінің әсерлерін топырақ-
қа жеткенше өзгертіп отыруында. Тегіс жерлерде жауын-ша-
шын, жылулық, жарық бірдей, ал дөңесті, таулы өлкелерде ала-
құла болады. Сондықтан рельефті бейнелеп айтқанда, климат 
жағдайларын қайта бөлуші фактор дейді. Соларға сәйкес жер 


бедерінің әр бөлігіне тән топырақтар жаралады. Тегіс жерлерде 
топырақ түрлері біркелкі де, ойлы-қырлы жерлердің топырақ-
тары әртүрлі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет