Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет38/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

тар мен микробтық синтез өнімдерінде болмаған күрделі жо-
ғарымолекулалы, күңгірт түске боялған органикалық қосылыс-


тартүзіледі. Бұл заттар гумустық немесе перегнойлық (қара-
шіріктік), ал олардың түзілу үдерісі – гумуфикациялану деп 
аталады.
Көп ғалымдардың айтуы бойынша гумификациялану де-
геніміз көптеген бірыңғай, қарапайым аралық өнімнің ыдырауы, 
тотығуы және конденсация үдерісінің нәтижесі. Басқа гипотеза 
бойынша гумификациялану дегеніміз күрделі биофизика-хи-
миялық үүдеріс, яғни жоғарымолекулалық аралық өнімдердегі 
органикалық заттар қосындыларының ерекше класы гумустық 
қышқылдар деп аталады. Гумификациялық үдерісінде маңызды 
жетекшілік баяу биохимиялық тотығу реакциясының үлесіне 
тиеді, нәтижесінде жоғарымолекулалық органикалық қышқыл-
дар түзіледі Органикалық қалдықтардың гумификациялануы 
мен ыдырауы кезінде түзілетін органикалық қышқылдардың 
күрделі кешенін гумус деп атайды.
Гумус екі топ қосындыларынан тұрады. Бірінші топқа 
жататындар: органикалық қалдықтардың гумусқа жатпайтын 
заттары мен олардың аралық өнімдегі ыдырауы: белоктар, фер-
менттер, аминді қышқылдар, көмірсулар, лигнин, майлар, вос-
калар, смолалар (шайырлар), дубилдік заттар, органикалық 
қышқылдар, спирттер, альдегидтер және басқа қосындылар. 
Гумусқа жатпайтын заттардың мөлшері аз (15%-дан аспайды), 
бірақ олардың топырақтүзілудегі және өсімдіктің дамуындағы 
рөлі өте маңызды.
Екінші топтағы қосындыларға тек гумустық заттар жата-
ды. Олар топырақтағы жалпы органикалық заттардың 85-90%-
ын құрайды. Гумустық заттар дегеніміз органикалық қосылыс-
тардың азот текті жоғарымолекулалық жүйесінің табиғи қыш-
қылдылық пен циклдік құрылымы. Олар топырақтың минерал-
ды бөліктерімен қосылып органо-минералдық кешен құрайды.
Органикалық қосылыстардың күрделі кешенін, органика-
лық қалдықтардың гумификациялануы мен ыдырауында пайда 
болатын затты қарашірік (гумус) деп атайды. 
Қарашірік (гумус) екі топтың қосындысынан тұрады.
Бірінші топ олардың ыдыралған аралық өнімдері мен органика-
лық заттардың гумус емес заттары: белоктар, ферменттер, амин-
қышқылдары, көміртегі, лигнин, майлар, воскалар, шайырлар 


(смолалар), дубильдік заттар, органикалық қышқылдар, спирт-
тер және альдигидтер және басқа қосылыстар. Гумус емес зат-
тардың үлесі азғана (15%-дан аспайды), бірақ олардың топырақ 
түзудегі қызметі мен өсімдіктің дамуындағы маңызы өте 
жоғары. 
Екінші топтың қосындысы жеке қарашірікті заттарды 
құрайды. Топырақтағы органикалық заттардың жалпы масса-
сының 85-90%-ын осылар құрайды. Қарашірікті заттар – бұл 
табиғи қышқылдар және циклдік қосылыстардың азотпен мол 
дәрежеде қамтамасыз етілген жоғарымолекулалық жүйесі. Олар 
топырақтың минералды бөлігімен әрекеттесіп органо-минерал-
дық кешенді түзеді. Әртүрлі қарашірікті заттардың топтарын 
зерттеген ғалымдар: И.В.Тюрин, В.Р.Вильямс, М.М.Кононова, 
Л.Н.Александрова, В.В.Пономарева, С.С.Драгунова, И.С.Куричева, 
Д.С.Орлова және басқа ғалымдар. 
Зерттеулер нәтижесінде қарашірік заттарының құрамына 
гумустық қышқылдың негізгі екі тобы кіреді: бірінші топқа
жататындар гумин қышқылының қара түске бояйтын қабілеті, 
оның құрамына кіретіндер: өзінің жеке гуминдік қышқылы, 
ульминдік қышқыл және спиртте еритін (басқаларынан айырма-
шылығы) гиматомеландық қышқыл. Екінші топты құрайтындар 
сарыбояулы фульфоқышқылы. 
Кейбір ғалымдар үшінші топ бар деп тұжырымдайды, ол 
гуминдер, яғни топырақтың минералды бөлігімен тығыз байла-
нысқан гумин қышқылы мен фульвоқышқылының кешені. 
Гумин қышқылы дегеніміз өзі қара түске боялған (қара-
құбадан, қоңыр-қара бояуға дейін), жоғарғы молекулалы, азоты 
мол органикалық заттар. Олар көміртегі (52-62%), оттегі (31-
39%), сутегі (2,8-5,8%), азоттан (1,7-5,1%) және аз мөлшердегі 
күлді элементтерден (фосфор, күкірт, темір, алюминий мен 
кремнийден) тұрады. Аталған элементтердің мөлшері мен ара-
қатынасы топырақ типіне, ыдырайтын органикалық қалдықтар-
дың дәрежесіне және гумификациялық жағдайға байланысты 
өзгереді. 
Гумин қышқылы суда өте нашар ериді, бірақ күшті негіз-
дерде, аммиактың сулық ерітіндісінде, кейбір органикалық еріт-
кіштерде және басқа заттарда жақсы ериді. Топырақтағы мине-


ралды бөліктердің әр катиондарының әрекеттесуі кезінде және
күл элементтерінің гуминдік қышқылдармен тұздар түзуі гумат 
деп аталады. Бір валентті гуматтың катиондары (К
+
, Na

және 
NH
4
) суда жақсы ериді, таза ерітінділерге және коллоидтық 
күйге оңай ауысады. Бір валентті гуматтар катиондарының 
желімдегіш қабілеттері төмен, сондықтан да мұндай катион-
дармен қаныққан топырақтағы суға төзімді құрылым жоқ, ыл-
ғалды болса ісінеді де, жан-жаққа жайылып кетеді. Топырақ
жер асты суының әсерінен ылғалданатын болса, олар профиль-
дің бойымен төмен қарай иллювиальді қабатқа жуылады. 
Екі және үш валентті катиондар (Ca
++ 
, Mg
++
, Fe
+++
, және
AI
+++
) суда ерімейді. Олар суға төзімді келеді және топырақтың 
минералды бөлігін біріктіріп, агрегаттарын желімдейді. Бұл 
желім топырақтың беткі қабатында суға берік құрылымдар 
түзеді, әсіресе қаратопыраққа, құба топыраққа және қызыл то-
пырақтарға тән қасиет. 
Фульвоқышқылдар ашық түсті (бидай сабағы тәрізді сары 
және қызғылт бояулы) жоғарғы молекулалы азотты органика-
лық заттар. Оларда гумин қышқылына қарағанда оттегі, сутегі 
көп те, көміртегі аз болады. Фульвоқышқылының қарапайым құ-
рамы келесі аралықта ауытқиды: көміртегі 40 – 52%, оттегі 40 – 
48%, сутегі 4 – 6%, азот 2 – 6%. 
Фульвоқышқылдар суда, қышқыл мен негіз ерітінділерін-
де, аммиактың су ерітіндісінде және басқа заттарда жақсы ери-
ді. Олардың су ерітінділеріндегі реакция ортасы қышқыл бола-
ды, (рН 2,6-2,8) сондықтан төменге сіңіп, топырақтың мине-
ралды бөлігін бүлдіру әсерін атқарумен қатар, топырақтың 
жоғарғы қабатынан негіздердің шығарылуына ықпал жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет