Жергілікті топырақ мониторингі – аудан көлеміндегі
аумақты алып жатқан топырақтың жағдайын бақылау жүйесі.
Егістік топырағының қабаттарындағы заттардың
шекті рұқсатты көлемі (ШРК) – топырақтың беткі егістік қа-
батында химиялық заттардың максималды көлемі адам ағзасына
тікелей немесе жанама әсер етеді және оның өзін-өзі тазартушы
қасиеті бір-біріне жанасушы орта мен ауылшаруашылық дақыл-
дарында зиянды заттардың жинақталмауын қамтамасыз етеді.
Қышқылданған топырақ – топырақтың қышқылдығы-
ның жоғарылауына әкелетін қышқыл шөгінділерімен топырақ-
тың ластануы.
Қоршаған орта мониторингі – адамның қоршаған орта
мониторингі; экологиялық мониторинг үнемі ұзақ уақыт бақы-
лау жүйесі, адам және басқа да тірі ағзалар денсаулығына қауіп-
ті және зиянды кеңістік пен уақыттағы қоршаған табиғи ортада
және қауіптілік жағдайлары туындағанда ескерту. Базалық,
ғаламдық, жергілікті және импакт мониторинг болып бөлінеді.
Қоршаған орта сапасын нормалау – көрсеткіштер (то-
пырақ, ауа, т.б) өзгерістерінің рұқсатты көрсеткіштері мен шек-
тері бекітіледі.
Қоршаған орта (сыртқы орта, табиғи орта, тіршілік
ортасы) – табиғи денелер мен құбылыстар, онымен тікелей
немесе жанама байланысты тірі ағзалар.
Ластанған топырақ – шығу тегі антропогенді химиялық
заттардың мөлшері жергілікті фон деңгейінен жоғары антро-
погенді ластанған топырақ түрі.
Ластанған заттар – шығу тегі антропогенді заттар қор-
шаған ортаға табиғи деңгейінен жоғары мөлшерде түседі.
Мелиоративтенген жер мониторингі – мелиоративті
жер жағдайын жүйелі бақылау, мұның негізінде мелиоративті
жер жағдайы өзгерістерін бақылау мен бағалауға мүмкіндік
береді. Мемлекеттік жүйедегі топырақ мониторингісінің негізгі
бөлігі болып табылады.
|