қабат немесе элювиальді қабат деп аталады.
Жоғарғы қабаттан шайылған ылайлы-тозаңды суспензия,
әртүрлі қоспалардың колоидты ерітінділері, минералдар мен тау
жыныстарының бұзылуы және топырақ түзу кезінде пайда
болған тұзды заттары топырақ қабатының біршама тереңдігінде
толық немесе біраз мөлшерде шөгеді. Осы қабатқа сіңген зат-
тардың өзара әрекеттесуінен жаңа минералдар (кейін пайда
болған) түзілуі мүмкін. Топырақ ерітіндісі реакциясының,
катиондар құрамының, мөлшерлерінің, қарсы зарядталған кол-
лоидтардың бірін-бірі ірітуінің, олардың сусыздануының
(дигидратация), сіңірудің әртүрлі жағдайларының салдарынан
көптеген заттар жаңа қосындыларға айналып, тұрақты күйге
ауысып жатады.
Шөгінділерге ең алдымен лайлы-суспензиялардың микро-
түйіршіктері мен коллоидты еріген заттар айналады. Бұлардың
көбеюінің әсерінен шөгінділер жиналған қабатының механика-
лық құрамы өзгереді, тығыздалады және түсі қарая бастайды.
Суға еритін тұздар төменгі қабатқа сіңеді. Тұздар суда ерігіштік
қасиетіне сәйкес шөгіндіге айналады: алдымен нашар еритін
кальций және магний корбанаттары шөгеді, одан кейін кальций
сульфаты, соңынан сілтілердің сульфаты – хлоридтер. Тұздар
гумустық заттардың бір бөлігі топырақтан түпкілікті шайылып,
жуылып кетуі мүмкін.
Капиллярлармен көтерілетін жерасты суларымен бірге
терең қабаттардан топыраққа минералды тұздар және аналық
жыныстың бұзылуының басқа да өнімдері қосылуы мүмкін.
Топырақтың жоғарғы қабаттарынан, кейде аналық жы-
ныстарының бұзылу қабатынан келетін жылжымалы заттардың
шөгу қабатын иллювиальді горизонт (қабат) деп атайды.
Иллювиальді горизонттан төмен топырақтүзу құбылысы аз
өзгерген аналық жыныс орналасады. Жоғарыда анықталған то-
пырақтың барлық қабаттары пайда болуының ортақтығына
сәйкес бір-бірімен өте тығыз байланысқан, сондықтан оларды
топырақтың генетикалық горизонттары деп атайды.
Ылғал мөлшері шектен тыс және суда ерігіш органикалық
заттар көп болса топырақта кейбір минералды қосылыстар
тотықсыздана бастайды, әсіресе, темірдің тотығы шала тотық
түріне ауысады. Бұл құбылысты топырақтың глейленуі немесе
шала тотықты қосындыларда көгілдірленуі, ал топырақ қабатын
глейлі горизонт деп атайды. Глейленген қабаттың түсі құра-
мында темірдің шала тотықты тұздарының көп болуына бай-
ланысты көк-жасыл балшық болады.
Қорыта айтқанда, даму кезеңінде топырақ аналық тау
жыныстарынан ерекше тек өзіне ғана тән құрылымымен, яғни,
құрамы, қасиеттері және сыртқы белгілері ауысып отыратын
әртүрлі генетикалық қабаттарымен анықталады. Генетикалық
қабаттардың жиынтығы топырақтың генетикалық кескінін құ-
райды.
Топырақтың толық кескінді дамуымен бірге оның
өсімдіктерді қоректік элементтермен, сумен және тіршілігінің
басқа да жағдайларымен қамтамасыз ету қабілеттілігі де, яғни,
құнарлылығы да өсе түседі. Өсімдік тамырына сіңімді түрдегі
қоректік заттардың мөлшері биологиялық заттар айналымына
минералдардың бұзылуынан босаған күлдік элементтер мен
топырақтағы азотфиксациялау микроорганизмдерінің атмосфе-
радан сіңірген (ассемиляцияланған) азотының қосылуына бай-
ланысты біртіндеп көбейе береді. Қарашірінді құрамына топы-
рақтағы минералды заттар мен әртүрлі қосылыстардың жинала
беруі оның көптеген қоректік элементтерді өзіне сіңіру және
жуылып-шайылудан сақтау қабілетін арттырады. Осылармен
бірге топырақ массасының физикалық қасиеттері де өзгереді:
топырақтың бос борпылдақтығы, ауа және су өткізгіштігі, су
сиымдылығы, т.б. артады. Бұлардың нәтижесінде де топырақ-
тағы өсімдікке сіңімді ылғалдың мөлшері көбейеді, демек,
өсімдіктің тамыры мен микроорганизмдердің тіршілігі үшін
топырақ ортасының жалпы жағдайы жақсарады.
Топырақтүзу құбылысы – табиғаты әртүрлі мехиникалық,
физикалық, физика-химиялық және биологиялық құбылыстар-
дың өте күрделі бірігіп, құралуы.Топырақтүзу құбылысы таби-
ғатта тоқтаусыз жүріп жатады, осының нәтижесінде топырақтың
құрамы мен қасиеттері де тұрақты өзгерісте болады. Топырақ-
түзу құбылысы органикалық қосылыстарды жасау мен жою,
минералды құрау мен бұзу, органикалық және минералды зат-
тарды жинақтау (аккумуляция) мен жуып-шаю, тағы сол сияқты
әртүрлі және қарама- қарсы бағытталған құбылыстардан құрал-
ған. Көрсетілген және басқа да қарама-қарсы бағытталған құбы-
лыстар (мысалы, тотығу-тотықсыздану) кез келген топырақта
бір мезгілде және бір-біріне өзара әсер ете отырып әртүрлі қар-
қындылықта жүріп жатады. Осыларға байланысты генетикалық
кескінінде әртүрлі құрылымды топырақтар түзіледі (жаратыла-
ды). Топырақтүзу құбылысы кезінде топырақта жүріп жатқан
негізгі құбылыстардың әсер-ықпалдарының оның сыртқы не-
месе морфологиялық белгілері (кесіні) айқындалады. Бұл көр-
сеткіштер сыртқы белгілеріне қарап топырақтың түрін анық-
тауға және оның агрономиялық маңызы бар көптеген елеулі
қасиеттері туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Топырақ
кескінінің басты морфологиялық белгілері − кескін құрылысы,
қалыңдығы, түсі, түйіртпектігі, құрылымы, жаңа жаралмалар,
кіріспелер.
Топырақтағы генетикалық өзара байланысқан горизонт-
тардың ауысу кезегі мен өзгешелік сипатын кескін құрылымы
деп атайды. Топырақ горизонттары латын әліпбиінің алдыңғы
әріптерімен белгіленеді (мысалы, эльювиальді қабат – А, иллю-
виальді – В, аналық жыныс қабаты – С). Бір горизонттан
екіншісіне өтуі айқын, бірқалыпты, бірте- бірте ақырындап және
шайындылардың жолақтап сіңуі арқылы белгіленеді.
Топырақ кескінінің қалыңдығы деп оның жалпы тереңдігі
немесе топырақты құрайтын горизонттардың аналық жынысқа
дейінгі тереңдігін айтады, бұл сантиметрмен өлшенеді.
Топырақтың түсі оның құрамындағы қарашіріндінің
(гумус), кварц, аморфты кремнозем, кальцит және басқа мини-
ралдардың мөлшеріне байланысты қара, қоңыр, қызғылт, сұр,
боз, ақшыл, т.б. болып өзгереді.
Топырақтың түйіртпектілігі деп үгітілмейтін әртүрлі
форма мен мөлшердегі түйіршіктерді немесе агрегаттарды атай-
ды. Түйіртпектіліктердің үш түрі болады: куб тәрізді агрегаттар
үш перпендикулярлық ось бойынша созылған; призматәріздес
агрегаттар вертикальды ось бойынша созылған; призматәріздес
агрегаттар горизонталь ось бойынша созылған. Әртүрлі топы-
рақтың жеке қабаттарына тән түйіртпектердің белгілі түрлері
мен түршелері болады. Құм және құмайтты топырақтарда бір-
біріне қарашірінді қышқылдары арқылы жабысқан агрегаттар
болмайды, сондықтан бұл топырақтарды түйіртпексіз топырақ-
тар дейді.
Топырақтың құрылымы дегеніміз оның жеке механикалық
бөлшектері мен агрегаттарының орналасу өзгешеліктері және
осы жағдайдағы қалыптасқан қуыстығы (ұсақ тесікті, кеуек-
тілігі) деңгейін көрсететін топырақ массасының физикалық
қалпы. Жеке бөлшектер мен агрегаттардың бір-біріне жабысып
тұруы топырақтың тығыздық деңгейіне тікелей байланысты.
Тығыздық деңгейі бойынша топырақ құрылымы өте тығыз,
тығыз, бос (жұмсақ) және үгімтал (шашылғыш) болып бөлінеді.
Қуыстық сипаты бойынша топырақ төмендегідей құрылым
түріне бөлінеді: уақтесікті – тесіктерінің диаметрі 1мм-ден кем;
кеуекті – диаметрі 1-3 мм; кірмелі – диаметрі 3-5мм; ірі қуыс-
ты – диаметрі 5-10 мм; ұяшықты – қуыс диаметрі 10 мм-ден ірі;
түтік тәрізді – қуыстары жалғасқан.
Жаздың құрғақшылық кезеңдерінде топырақ агрегаттары
шытынап, жарылып кетеді. Осы көрсеткіш бойынша топырақ
құрылымы майдасызатты – жарықтың ені – 3 мм-ден аз, сызат-
ты – жарық ені 10 мм-ге дейін; жарықшақты – жарық ені 10 мм-
ден артық деп бөлінеді. Бұл жарықшалар мен саңылаулар то-
пырақта ылғал жеткілікті болған жағдайда жойылып кетеді.
Жаңа жаралмалар дегеніміз топырақтүзу кезеңінде бөлі-
ніп, пайда болған топырақ ішіндегі әртүрлі форма мен химия-
лық құрамдағы көрінетін заттар. Құрамы, түсі мен түрі бойынша
жаңа жаралмалар өздерін қоршаған топырақ массасынан өте
күшті айқындалады. Жаңа жаралмалар химиялық және биоло-
гиялық жолдармен пайда болады.
Химиялық жаңа жаралымдарға жататындар:
1. Ақ түсті көмірқышқыл кальций (әк) – жұқа жарғақ, са-
ңырауқұлақтан көгерген тәрізді өте ұсақ инедей кристалдардың
жиналуы, «псевдомицелий» – жіпшелердің ұсақ торлары, «ақ-
көздік» ұнтақтардың дөңгеленіп жиналуы, қоңыз тәрізді әк
ұнтақтарының тығыздалған жиынтықтары;
2. Ақ немесе сарғыш түсті гипстердің жаңа жаралмалары:
«псевдомицелий», друздар – ұсақ және ірілеу гипс кристалдары-
ның әр түрде жиналуы;
3. Ақ түсті жеңіл еритін күкірт қышқылы мен хлорлы
тұздар – топырақ арасындағы қабыршақтар (корочки), жарғақ-
тар (выцветы), жырындылар (прожилки), ұнтақтар (крупинки);
4. Қызыл - қоңыр, қоңыр, сары датты және қара түсті
темірдің гидрототығы мен марганец тотығы.
5. Ақшыл түсті кремний қышқылы – түйіртпектер бетіндегі
ақ ұнтақ, жарындылар;
6. Қара және қара-қоңыр түсті қарашірінді заттары.
Биологиялық жаңа жаралмаларға: копролиттер, індер
(басқа қабаттың топырағымен толтырылған), жауын құрттары-
ның ұялары мен тескендері (басқа топырақпен толтырылған),
дендриттер-топырақ бөлшектерінде қалған қара-қоңыр түсті
ұсақ тамыршалардың суреті.
Жаңа жаралымдар топырақтың жаратылуын, оның құрамы
мен қасиеттерін анықтауға көмектесетін маңызды белгілер бо-
лып есептеледі.
Кірмелер деген топырақ ішінде кездесетін, оның жараты-
луымен ешбір байланысы жоқ, әртүрлі денелер: тас, сүйек,
шыны, т.б.
Топырақтүзу құбылысының нәтижесінде құрылған топы-
рақтың генетикалық қабаттары мен кескінінің морфологиялық
белгілері ішкі және сыртқы факторлардың әсер ету қарқын-
дылығының көрсеткіші (индикаторы) болып табылады. Топырақ
кескініндегі морфологиялық белгілермен жазылған табиғат кіта-
бын кез келген оқи алмайды. Сондықтан, топырақтың морфо-
генетикалық ерекшеліктерін дұрыс анықтау үшін маманның
топырақтану ғылымынан тиісті деңгейде білімі болуы шарт.
Себебі, топырақтың морфо-генетикалық белгілері оның эколо-
гиялық жағдайларын зерттеп, түсінуге елеулі көмек береді деп
есептеймін. Осы жерде данышпан бабамыз, атақты ғалым – эн-
циклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидің «Ғылымның ең жоғарғы
сатысы – бұл табиғаттану» деген сөзін келтіргеніміз жөн болар.
Адам өзінің саналы әрекеттерінің нәтижесінде жерді
қолдан суарып немесе құрғатып, мелиорациялап, топырақтың
табиғи даму құбылыстарына көп өзгерістер енгізді. Бұл өз-
герістердің көбі – топырақтың пайдалы болу қасиеттерін жақ-
сартуға, топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған
шаралар.
Жер жыртылып, топырақ өңделгеннен кейін табиғи өсім-
діктер орнына мәдени дақылдар егіледі, ал олардың табиғи өсім-
діктерге қарағанда топыраққа тигізетін әсері, әрине өзгеше.
Дегенмен осы әрекеттердің барлығы оң нәтиже беріп жүр
деп айтуға болмайды. Суармалы алқаптардағы егістіктерді
суарудағы және жерді мелиорациялаудағы жіберілген қателік-
терден, құрамында тұзы шамалы топырақтың екінші рет сор-
лану құбылыстары басталып немесе батпақтанып, топырақтары
егістікке жарамай, істен шығып қалатын жағдайлар да болып
тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |