Қазақстан республикасы білім және ғылым


I. III Топырақтың морфологиясы



Pdf көрінісі
бет21/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
I. III Топырақтың морфологиясы 
Басқа табиғи дене сияқты топырақ та, өзіне тән сыртқы 
белгілерінің қосындысынан тұрады, оны біз топырақ мор-
фологиясы дейміз. Морфологиялық белгілер тікелей бақылауға 
қолайлы болғанымен оны көз мөлшерімен анықтау жеткілікті 
болып саналмайды: морфологиялық белгілерді нақты анықтау 
үшін қарапайым құралдар қолданылады (мысалы, топырақтың 
қалыңдығын анықтау үшін сантиметрге бөлінген лента), соны-
мен қатар күрделі приборлар (мысалы, микроскопиялы – өте 
ұсақ, морфологиялық белгілерді зерттеу үшін поляризациялық 
микроскоптар пайдаланылады). 
Топырақтың морфологиялық белгілері оның қалыптасу 
үдерісінің нәтижесі, әрине сондықтан олардың химиялық және 
физикалық қасиеттерін көрсетеді. 
Яғни, морфология дегеніміз нақты дала жағдайында 
белгілі дәрежеде топырақтың химиялық құрылымын, физика-
лық қасиетін аңғаратын, оның көзге көрініп тұрған сыртқы 
белгілері. Топырақтың негізгі морфологиялық белгілеріне 
жататындар: топырақ профилінің құрылысы, топырақтың 
және генетикалық қабатының жеке қалыңдығы, түсі (топы-
рақтың бояуы), механикалық құрамы, топырақ құрамы (агре-
гаттар), топырақ тығыздығы, жаңа түзілімдер мен кірмелер
Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір-
бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. 
Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың құрылымымен 


шатастырмау керек. Морфологиялық құрылым – топырақтың 
сыртқы пішіні топырақ әртүрлі морфологиялық көріністерден 
құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірінен 
сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың гене-
тикалық қабаттарынан көруге болады. 
Төмен қарай, топырақтың барлық қабатымен бірге жалпы 
түрінің ауысуы топырақтың құрылысы болып аталады. Генети-
калық қабаттар жиынтығы топырақтың генетикалық кескінін 
құрады. 
Бұл әдісті алғаш рет В.В.Дoкучаев қолданған, осы күнге 
дейін бұл топырақтануда негізгі әдіс болып қалды. Шұңқырды 
қазып, бір бетін тегістеп, оған күн сәулесін түсіріп қараған 
кезде, топырақтың бірнеше қабаттарға бөлінгені байқалады. 
Топырақтың әр қабаты өзіне тән сыртқы пішінімен сипат-
талады. Осы қабаттардың түріне қарап, топырақтың түзілу үде-
рісі туралы көп мәліметтер айтуға болады. Әртүрлі топырақ тип-
тері де бір-бірінен осылайша ажыратылады. 
Топырақтың негізгі морфологиялық сипаттамаларына то-
пырақтың түсі, құрылымы, тығыздығы, механикалық құрамы, 
әртүрлі қосылыстардың бәрі немесе жоғы, HCI-мен әрекеті, 
т.б. жатады. 
Топырақ профилінің құрылымы. Топырақ түзілу үдерісінің 
нәтижесінде топырақ құратын қалың қабат жеке қабатшаларға 
бөлінеді де топырақ профилі түзіледі. Oлар тік бағытта бір-
бірінен белгілі сипаттамалары бойынша айырбасталып отырады. 
Бұларды генетикалық қабат деп атайды, себебі олар генезистік 
үдерістер кезінде түзіледі, яғни топырақтың пайда болуы мен 
даму барысында. Генетикалық қабаттардың қосындысы топы-
рақ профилін құрайды. 
Әр топырақтың өзіне тән топырақ профилі мен гене-
тикалық қабаты болады, олар бір-бірінен түсі, құрылымы, ты-
ғыздығы, механикалық құрамы, жаңа түзілімдері мен кірмелері 
т.с.с. белгілерімен ажыратылады. Топырақтың жалпы құрылым 
нобайларын алғаш ұсынған ғалым В.В.Дакучаев. Ол топырақ-
ты үш генетикалық қабатқа бөлді: қарашірікті-аккумулятивті
(А қабаты), өтпелі (В қабаты) және аналық тау жынысты
(С қабаты). Кейінгі зерттеушілер (Г.Н.Высоцский, Б.Б.Полынов, 


К.Д.Глинка, С.А.Захаров, А.Н.Соколовский, Ө.О.Оспанов, т.б.) 
бұл нобайларды зерттеу барысында толықтырды. 
Қазіргі кезде генетикалық қабаттарды белгілеу үшін
қолданылып жүрген белгі жүйелер, цифрлық индекстер арқылы 
белгіленетін латын алфавитінің басқы әріптері. 
Біздің елімізде ТМД топырақ генетикалы қабаттар белгі-
сінің мынандай символдарын қолданады: Аn жыртылатын, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет