Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет25/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
 
Генетикалық қабаттардың салыстырмасы 
Генетикалы қабаттардың салыстырмасы жағынан барлық 
топырақ кескіндері бірнеше типтерге топтанады. 
Қарапайым – бұл кескін құралуының алғашқы стадия-
ларында қалыптасады, топырақ құралуы жыныстардың беткі 
қабатында ғана өтеді. Кескін қабаттарға сәл дифференсация-
ланған, қалыңдығы бірнеше сантиметр ғана. 
Толық дамымаған – тығыз кристалды-массивті жыныс-
тарда немесе кұлама беткейлерде қалыптасады (кескіннің қа-
лыңдығы бірнеше сантиметр, бірақ генетикалы қабаттары тү-
гел) – көбінесе тауларда болады. 
Нормалы кескін. Берілген топырақ құрылымында генети-
калық қабаттары толық, топырақ кескінінің кең тараған түрі. 


Сәл дифференцияланған кескін. Тез бұзылатын минерал-
дары аз топырақтарда қалыптасады (кварцті құмдар, көне-фера-
литті). Жалпы кескін горизонттарға бөлінбейді. 
Бұзылған кескін – жерді жыртқаннан, су немесе жел эро-
зиясына әр дәрежеде шалдыққан топырақтар – топырақ кескіні 
жоғары деңгейде бұзылған (жойылған): шамалы эрозияда – А 
горизонтының бөлшегі, орташада – горизонты А түгел, қатты 
эрозияда – А және В горизонттары /реликті/ жойылған. 
Қалдықты кескін – күрделі, осы кескінде генезисі әртүрлі 
бір бөлік көмген қабаттар (бөлек немесе кескін түгел) немесе 
кескіндер. Олар алдындағы топырақ бұзылу үдерістеріне 
лайықты болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-сурет. Топырақ кескіндер құрылысының типтері: 
1 – қарапайым; 2 – толық дамымаған; 3 – нормалы; 4 – 
сәл дифференсацияланған; 5 – бұзылған; 6 – қалдықты кескін; 7 
– көп мүшелі кескін; 8 – полициклді; 9 – аударылған; 10 – 
мозайкалы. 


Көпмүшелі кескін. Топырақ жыныстардың ауысуы топы-
рақ кескіні шамасында өтетін (көбінесе жоғарыдан 100 см те-
реңдікте) кездерде бөлінетін және әртүрлі құрылысты топырақ 
түзуші жыныстарда қалыптасады. 
Полициклді кескін. Үлкен көпжылдық салынды (өтпежек) 
циклдері болғанда (бар кезде), топырақ түзуші материалдары 
кезеңді шөгілу жағдайында қалыптасатын топырақтарға сай 
кескін. 
Аударылған кескін – ол кескіндерде астыңғы топырақ қа-
баттар жасанды түрде жоғарыға шығарылып, жоғарғы қабаттар 
астына түсірілген. Сол жағдай жер жыртқанда пайда болады. 
Топырақты терең өндегенде А

немесе В горизонттары жоғарыға 
шығарылады, қарашірінді қабат астына түсіріледі /жер өңде-
генде – соқамен/. 
Мозайка тәрізді кескін. Генетикалы қабаттар үлкен кеңіс-
тікте қабысқанда пайда болады. 
Одан басқа, топырақ кескіндері заттарды тарату ерекше-
ліктеріне қарай бөлінеді және жіктеледі. Заттарды топырақтың 
жоғарғы қабатынан бастап максималды жинайтын топырақтар 
аккумулятивті кескінге сай (қарашірінді-аккумулятивті кескін). 
Эллювиальды кескіндер заттардың кескіннен шайылуымен 
сипатталады. (2). 
Эллювиальді – иллювиальді. Мысалы, тұнба немесе Р
2
0
5
– 
жоғарғы қабаттардан шайылып және ортаншы горизонттарда 
немесе астыңғы горизонттарда жиналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет