Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет32/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
 
I.IV Топырақ түзуші факторлар 
 
Топырақтың шығу тегін іргелі түрде зерттеген ғалым
В.В.Докучаев (1846–1903). Ол топырақты инертті емес дина-
микалы дене деп санаған. Топырақ микроағзаларға өте бай және 
минералдармен қаныққан, ол өсімдіктер, жануарлар, су, ауа 
сияқты ерекше табиғи материя деп дәлелденген. 
В.В. Докучаев топырақ түзуге негізгі бес фактор: климат 
(ауа райы), аналық тау жынысы, жоғары және төменгі сатыдағы 
өсімдік пен жануарлар дүниесі, жер бедері, аймақтың геология-
лық жасы әсер етеді деген болатын, кейіннен бұл теория тағы да 
толықтырылды. 
Мысалы, жер бетіндегі топырақ түзілу құбылысы өте күр-
делі әрекеттер барысында яғни климат, өсімдіктер және жан-
уарлар ағзалары, аналық тау жынысының құрамы, жер бедері 
және геологиялық дәуір (жердің жасы) үдерістерінде іске 
асады. Кейінгі топырақ ғылымының даму дәрежесі бойынша 
топырақтың түзілуі мен динамикасына тікелей әсер ететін тағы 
да екі фактор қосылды. Егерде, оны өрнек ретінде көрсететін 
болсақ былай болады: 
Т = f (А.Р. + А.Т.Ж. + Ө.Ж.А.+ Ж.Б. + Т.Ж. + Қ.Ө.К. + Т.Ы.) х t. 
Топырақ, f – тәуелділік, А.Р. – ауа райы, Ө.Ж.А. – 
өсімдктер және жануарлар ағзалары, Ж.Б. – жер бедері, Т.Ж. – 


топырақ жасы немесе геологиялық дәуір, Қ.Ө.К. – қоғамның 
өндіргіш күші, Т.Ы – топырақ ылғалы. 
Енді осы топырақтүзілу факторларының әрқайсысына жеке 
сипаттама беретін болсақ олардың әсерлері белгілі бір заңды-
лыққа бағытталған. 
1.Мысалы, топырақ түзуші жыныстар дегеніміз топырақ 
қалыптасып пайда болатын негізгі төсеніш немесе субстрат. Бұл 
жыныстар топырақтың күрделі табиғи құрылысындағы фун-
даменті немесе каркасы (тірегі). Бірақ топырақтүзуші жыныс-
тар топырақтағы дамып жатқан үдерістердің инерттік қаңқасы 
ғана емес, олар алуан түрлі минералды компоненттерден тұрады 
және топырақтүзілу барысына белсенді түрде қатысады. 
Олардың арасында кейбір бөлшектер химиялық үдеріске инертті 
болып саналғанмен топырақтың физикалық қасиеттерінің тү-
зілуінде үлкен қызмет атқаратыны белгілі. Топырақтүзуші 
жыныстардың басқа бөліктері оңай бұзылып топырақ құрамын 
белгілі химиялық элементтермен байытатыны анықталған, сөй-
тіп, топырақтүзуші жыныстың құрамы мен құрылымы топы-
рақтүзілу үрдісіне күшті әсер етеді. Мысалы, қылқан-
жапырақты аралас орманды ағаштарының астында әдетте 
шымды-күлгін топырақтар түзілсе, орманды зонаның астындағы 
топырақтүзуші жыныстар құрамында кальций карбонаты 
жоғарғы мөлшерде болғандықтан топырақ түрі шымды-күл-
гіннен күрт өзгеше болған. Бірақ ландшафты ополийде 
лесстәріздес түзілу қабаттарында кальцийлі қарбонат мөлшері-
нің өте жоғарылауынан сұр-орманды топырақ қалыптасады. 
Егер топырақтүзуші жыныс әкті жыныстың (известняк) мине-
ралдарынан тұрса, онда өз бетінше түзілетін топырақ түрі қа-
лыптасып оны шымды-карбонатты топырақ деп атаған. 
Сөйтіп, топырақ құралу үдерісінің негізі – жер бетіндегі 
топырақ түзуші жыныстар, өсімдіктер мен жан-жануарлар,
климат элементтері, жер бедері (рельеф), жер асты ыза суы
адам әрекеті әртүрлі жерлерде, белгілі бір шақта, бірлесіп әсер 
етіп, өзгертуінде. 
Топырақ түзуші жыныстың бірлесіп өзгертіп, топыраққа 
айналдырушы факторлары алты түрлі кешеннен (алғашқы тау 
жынысы, климат элементтері өсімдіктер мен жануарлар, жер 


бедері, геологиялық дәуір және адам әрекеті ) тұрады. Аналық 
тау жынысының топырақ құраудағы қызметі екі жақты. Ең 
алдымен тау жынысының беткі қабаты топырақ құраушы дене 
болып саналады. Келешекте құралатын топырақтың қасиеттері 
оны құрушы аналық жыныстың механикалық, агрегаттық, мине-
рологиялық және химиялық құрамына байланысты болады. Ал 
механикалық және агрегаттық құрам топырақтың су ұстау, су 
өткізу, су сыйымдылығын, жылу және ауа қасиеттерін анық-
тайды. 
Жыныстың минералдық тегі топырақтың химиялық құра-
мын, ондағы химиялық үдерістің бағытын, керекті заттардың
(N, P, K, Ca, т.б.) бастапқы мөлшерін анықтайды. 
Топырақ құралу үдерісі жыныстың жоғарғы қабатында 
аяқталғанда жыныс, төсеніш (субстрат) болып, топырақ астын-
да қалады. Бірақ ол топырақпен тығыз байланысты – екеуі газ, 
су, қоректік заттар және жылу алмастырып тұрады. Барлық жер 
бетіндегі бұзылуға шалдыққан таулы жыныстар аналық топырақ
құраушы жыныстар (гранит, кварцит, құмтастар) үгінділер. Ал 
тегіс жерлерде көбінесе аналық жыныстарда көп тараған бор-
пылдақ шөгінді жыныстар құрайды. Әр топырақ аймағына 
сәйкес жыныстар болады. Бұрынғы КСРО-дағы орман аймағы-
ның – басты топыраққұраушы жыныстары мұз және мұз сула-
рында шөгінділер, дала аймағында лесті құмбалшықтар көп 
тараған, ал тропиктік және субтропиктер топырақтары кристал-
дық, метаморфтық (гранит, ферроселикаттары көп жыныстар, 
сланецтер) жыныстардың үгінділерінен құралады. 
Аса құнарлы, бағалы жыныстарға карбонатты лесті құм-
балшықтар, су жайылмаларының аллювиалдық шөгінділері
құнарсыз жыныстарға негізгі тау жыныстарының үгінділері мен 
кварцты құмдар жатады. Сор, сортаң топырақтарды құраушы 
тұзды жыныстарға құрамында ерітінді тұздары көп болған-
дықтан, құнсыз өндірістік маңызы жоқ жыныстар жатады. 
Топырақ құралу үдерісінің негізі – құрлықтың жоғарғы 
қабатында минералдық қосындылардан органикалық заттардың 
құралуы мен керісінше олардың қайтадан минералдануы болып 
табылады. Сондықтан топырақтың жаралуындағы басты жағ-


дайы болып, биологиялық фактор (өсімдіктер мен жан-жануар-
лар және де микроағзалар топтары ) есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет