Қазақстан республикасы білім және ғылым


Сор топырақтарды ауылшаруашылығында пайдалану



Pdf көрінісі
бет70/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Сор топырақтарды ауылшаруашылығында пайдалану 
 
Сор топырақтар төмен табиғи көрсеткіштермен сипатта-
лады. Топырақ бойындағы және жақсы еритін тұздардың жоға-
ры концентрациясы мәдени өсімдіктердің өсіп жетілуіне кері 
ықпалын тигізеді. Сондықтан сор топырақтарды ауылшаруа-
шылығы дақылдарын өсіруде аз пайдаланады. Сор топырақ-
тарды игеру үшін күрделі мелиоративтік шараларды жүзеге 
асыру қажет (дренаж салу арқылы ыза су деңгейін төмендету, 
тұзды топырақ кескінінен тұщы сумен шаю, т.б.). 
Жүргізілетін негізгі жұмыс топырақ тұздарын шаю. Бұл 
жұмысты жүргізгенде басты көңілді топырақтың екіншілік тұз-
дануына аудару қажет, ол үшін суару нормасын, мезгілін, қажет 
судың мөлшерін дұрыс анықтау шараларын жүзеге асыру қажет. 
Сор топырақтардың органикалық затын көбейту үшін,
түйіртпектігін жақсарту үшін және биологиялық белсенділігін 
арттыру үшін игеру кезінің басында тұзға төзімді дақылдар, 
әсіресе азықтық бұршақ шөптерді сепкен жөн. Сор топырақтар-
дан су жақсы еритін тұздардың артық мөлшерін шайып біткен-
нен кейін мәдени дақылдар себуге болады. Қазіргі кезде мелио-
рацияланған сор топырақтар Қазақстанның оңтүстік, оңтүсті-
шығысында суармалы жағдайда күріш, мақта, көкөніс өсіруде 
пайдаланады. Басқа зоналардағы сор топырақтар өнімі аз 
жайылымдар ретінде пайдаланылуда. 
 
VІ. III Кебір топырақтар 
 
Кебір топырақтар деп – сіңіру кешенінде көп мөлшерде 
сіңген натриі бар топырақтарды айтады. Кебір топырақтарда 
суда жақсы еритін тұздар да кездеседі, бірақ олар сор топы-
рақтардағы сияқты жоғары қабаттан бастап жинақталмай, біраз 
тереңдікте иллювиальды (В
1
) қабатының астында кездеседі. 
К.К.Гедройцтың коллоидты-химиялық теориясы бойынша кебір 
топырақтар натридің бейтарапты тұздарымен тұзданған сор 
топырақтардың тұзданусыз кезінде пайда болады. Топырақтың 
сіңіру кешеніндегі натридің көп мөлшері органикалық-мине-


ралдық коллоидтардың одан әрі майдаланып ыдырауына және 
олардың жылжымалы болуына әкеліп соғады. Пептизациялан-
ған коллоидтар тұздар электролитінің әсерінен коагуляцияла-
нып әртүрлі тереңдікте иллювиальды В

қабатын түзеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет