Қазақстан республикасы білім және ғылым


морфтық топырақтармен қатар топырақ қалыптасу үдерісінде  жер асты ыза сулары қатысатын гидроморфты



Pdf көрінісі
бет78/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

морфтық топырақтармен қатар топырақ қалыптасу үдерісінде 
жер асты ыза сулары қатысатын гидроморфты топырақтар да 
қалыптасады. Тапшы су режимдерінен және жер асты ыза суы 
минерализациясының шамадан тыс артуынан Қазақстанның 
көпшілік бөлігінде сортаң топырақтар дамыған. Тұздың сапа-
лық құрамының әртүрлілігінен, олардың миграциясы мен жи-
нақталу қарқындылығының артуынан сортаң топырақтардың 
көптеген түрлері туындайды. Қазақстанда топырақтың бұн-
дай түрлерінен сортаңдар мен кебірлер кең таралған. Сор-
таңдар мен кебірлер Қазақстанның жазық зоналарының бар-
лық бөліктерінде кеңінен кездеседі. Бұнымен қатар кебірлер 
дала және шөлейт зоналарына, ал сортаңдар шөл зонасына
ұласып кетеді. Сортаңдардың едәуір бөлігі күңгірт-күрең 
және күрең топырақ зоналарында да аралас және өз алдына 
жәке массивтер құрап орналасады. Қазақстан аумағында кебір-
лер мен олардың кешендері 30%-дан астам жерлерді қамтиды. 
Шөлейт және шөл зоналарында сортаңдар ірі массивтер түрінде 
Каспий теңізі жағалауында, Арал теңізі және Балқаш маңында, 
сонымен қатар кеуіп қалған көлдер түбінде кездеседі. Сортаң-
дар ауданының жалпы өсу тенденциясы байқалуда. Жамбыл 
облысы жерінің 16,7%-ы сортаңдардан құралған. Сортаңдар 
сонымен қатар Атырау, Маңғыстау, т.б. облыстарда да жиі 
таралған. Сортаңдар және олардың кешендерінің республика-
дағы жалпы ауданы 10 млн гектарға жуық. Республиканың 
солтүстік Ақмола, Павлодар, Көкшетау облыстарындағы көкте-


ректі-қайыңды, қарағайлы шоқ ормандарында ылғалдылығы
жоғары сортаңдар кездеседі. 
Қазақстанның өзен аңғарларында су режимі әсерінен 
қалыптасқан топырақ түрлері таралған. Өзен жайылмаларында 
тоспалардың жыл сайын қабатталып жиналуынан құралған 
жайылмалық қабат орналасқан. Өзен арнасынан қашықтаған 
сайын шымдану үдерісі артып, жайылма маңының шалғындық 
топырақтары қалыптасады. Өзен жайылмалары топырағының 
қалыптасуына қатысатын аллювий үдерістерімен қатар мұнда 
зоналық факторлардың да әсері байқалады. Топырақтың мұндай 
типтерінің сортаңдану және сілтісіздену дәрежесі дала аймағы-
на қарай артады, сонымен қатар осы бағытта топырақтағы 
қарашірік мөлшері де кемиді. Өзен аңғарларының топырағы су 
мен тұздың айрықша режиміне сай қалыптасқан. 
Қазақстан аумағының 1/10 мөлшеріне жуығын таулы ау-
дандар алып жатыр. Тау беткейлерінде қалыптасқан топырақ 
жамылғысының жазықтардағы топырақтарға қарағанда елеулі 
айырмашылығы бар. Таулардың биіктігі мен беткейлердің қия-
лығы артқан сайын топырақ жамылғысының беткі қабатының 
шайылу қарқыны да соғұрлым күшейеді. Биіктікке байланысты 
топырақ типтері өзгереді. Сондықтан топырақ типтері тау 
беткейлеріне айнала қоршай орналасып, тік белдеулік бағытта 
ауысып отырады. Топырақтың тік (вертикалды) белдеулік зона 
бойынша таралу сипаты ендік бағыттағы топырақ зоналарына 
сай келеді. Тянь-Шань таулы аймағы топырағының қалыптасуы-
на оның оңтүстікте, шөл аймағында орналасуы әсер етеді; соған 
байланысты таулы зонаның тік белдеулік аймағы шөлдік 
топырақ жамылғысынан басталады. Ал солтүстікке таман орна-
ласқан дала аймағындағы Алтай тауларының тік белдеулік
аймағы далалық топырақ типтерінен басталады. Қазақстанның 
таулы бөлігінде шөл аймағы мен көп жылдық қар аймағына 
дейінгі ортада толып жатқан таулық топырақ типтері-сұр, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет