V БӨЛІМ
Қазақстан Республикасы топырағына қысқаша
сипаттама
Топырақ түрлері мен зоналары туралы түсінік
Табиғаттағы топырақ –
топырақ түзілу факторларының
өзара тығыз байланыстары нәтижесінде пайда болады және
дамиды. Топырақ түзілуіне ықпал ететін факторлар тұрақты
болған кезде, борпылдақ тау жыныстарындағы үдерістердің
жылдамдығы мен бағыттарына байланысты органикалық заттар-
дың келуі,
синтезі және ыдырауы, сулық, ауалық, жылулық
және қоректену режимі бойынша ерекшеленетін топырақтар
пайда болады.
Табиғатта әр фактордың әсері топырақ түзілу факторының
қандай тіркесте болуына байланысты уақыт аралығы мен
кеңістікте өзгеріп отырады. Факторлардың
уақыт аралығында
өзгеруі кезінде топырақ эволюциясы (дамуы) жүреді: топырақ
түзілу үдерістері өзгереді, топырақ бір күйден басқасына
ауысады. Факторлардың
кеңістікте өзгеруі, мысалы құрлықта,
алуан түрлі топырақтардың пайда болуына алып келеді. Ауданы
3-5 га кішкене аумақта 10-ға дейін топырақ түрі болуы мүмкін,
ал Қазақстанда 700-ден астам топырақ түрі кездеседі.
Табиғаттағы топырақтар алуандығының пайда болуы мен
түзілуін, маңызды қасиеттері мен құрамына байланысты бірне-
ше топқа бөлуге болады. Бұлай жіктеу топырақ классификация-
сы шешетін мәселелер.
Топырақ классификациясы
Классификация сөзі латынның екі сөзінен шыққан classis –
дәреже топ және facio- жасаймын. Бірінші генетикалық класси-
фикацияны 1879 жылы В.В.Докучаев ұсынды, ол 1886 жылы
баспадан шықты. Қазіргі классификация В.В.Докучаевтың ілімі
(1954) негізінде құрастырылды, онда адамның шаруашылық іс-
шаралары әсерінен пайда болған
топырақтың қасиеттері мен
құрамы ескеріліп, таксономиялық бірліктердің өндірістік ерек-
шеліктері және оларды ұтымды пайдалану ғылыми жүйеге
келтірілді. Қазіргі классификацияның негізгі бірлігі топырақтың
үлкен топтарын біріктіретін, ондағы
табиғи шарттардың ұқсас-
тығы мен нақты топырақ түзілу үдерістері айқын байқалатын
гентикалық тип.
Топырақ тегі кешенді жергілікті жердің алуан түрлі ерек-
шеліктерімен анықталады, олар: аналық жыныс, жер асты сула-
рының құрамы, ежелгі топырақ түзілу ерекшелігі, әр элементтің
шайылу сипаты, топырақ кескінінің даму дәрежесі және басқа.
Топырақ түрі топырақ түзілудегі бір немесе бірнеше үде-
рістер тіркесінің білінуі бойынша анықталады. Түр тармақтары
– жоғары горизонттың (қабатының)
механикалық құрамы
бойынша, ал дәреже-аналық және астыңғы жыныстар бойынша
анықталады.
Классификация негізінде КСРО топырақтарының номен-
клатуралық тізімі жасалды. Ереже бойынша құрастыратын
топырақ атауларын топырақ номенклатурасы деп атайды. Ол
үшін халық қойған атаулар қолданылады: шым, солод, қара
топырақ, тақыр, т.б. Көптеген топырақтарды түсіне қарай күрең
топырақ, сұр топырақ, құба топырақ, географиялық орналасуы-
на байланысты оңтүстік, солтүстік, құрамына қарай аз, көп, те-
рең, қабатты; көрінуіне байланысты қатты, орташа, шамалы деп
атайды. Топыраққа атау бергенде бірінші орынға генетикалық
жағын, екінші орынға топырақтың
жоғарғы горизонт құрамын
және ең соңғы орынға аналық жыныс атауы және оның ме-
ханикалық құрамын қояды. Номенклатуралық топырақ тізімі
топырақты картографиялауда пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: