Қазақстан республикасы білім және ғылым


Топырақ минералогиясы зертханасы



Pdf көрінісі
бет8/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

4. Топырақ минералогиясы зертханасы 1968 жылы 
ұйымдастырылды. Зертхананы ашқан институт директоры, ака-
демик В.М.Боровский болатын. Ол тек топырақ мелиорациясы 
саласындағы ғана ғалым емес, топырақтану саласының барлық 
қыры мен сырын жетік білетін әмбебап оқымысты болатын. 
Сондықтан бұл зертхананы басқаруды Қазақстан ұлттық ака-
демиясының 
алқасы Боровскийге ұсынды. 1984 жылы Боровский 
кайтыс болғаннан кейін, география ғылымының докторы, 
Боровскийдің шәкірті Е.А.Сұлтанбаев басқарады. Зертханада 11 
қызметкер бар, оның 2-i aғa ғылыми қызметкер, ғылым канди-
даттары, 4-i кіші ғылыми қызметкер, қалғандары инженерлік-


техникалық жұмыс атқарады. Ғылыми бағыты — Қазақстан 
топырағының геохимиялық және минералдық құрамын зерттеу. 
Солтүстік Тянь-Шань тауының етектерінен бастап таудың биік 
шыңына дейінгі тік белдеуі зоналық тәртіппен тараған топы-
рақтардың геохимиялық және минералдық топырақ түзу құбы-
лыстары кезінде майда ұнтақталған балшықты минералдарға 
айналдыру үдерісі зерттелді. Жeтпiciншi жылдардан бастап 
мұндай зерттеулер Қазақстанның кең алқапты жазық аймақта-
рында жүргізіле бастады. Әуелі республикамыздың оңтүстігін-
дегі шөл, шөлейт зоналардан басталған бұл зерттеулер 1980 
жылдары құрғақ далалы орталық Қазақстан мен жеткілікті ыл-
ғалданған терістік Қазақстан аймақтарында жалғастырылды. 
Зерттеу нәтижелері бipнеше монографиялық еңбектерде баян-
далған. 
5. Мекемеаралық жер қорлары зертханасы. 1981 жылы 
Топырақтану институты мен республикамыздың ауылшаруашы-
лық министрлігі құрған. Жерлерді мелиорациялау мен игеру 
зертханасы негізінде 1993 жылы қайта құрылды. Атынан 
белгілі болғандай, институттың Ақмола бөлімшесі — республи-
камыздың тың өлкесіндегі жер қорларын тиімді пайдалану 
жолдарын іздестіретін ғылыми мекеме. Зертхана ғылыми зерт-
теулерін сол аймақтағы республикамыздың ауылшаруашылық 
мекемелерімен қоян-қолтық бірлесіп жүргізуде. Зертханада 20-
25 қызметкер бар, олардың 10-ы ғылыми қызметкер, 5-i ғылым 
кандидаттары. Зертхананы тәжірибелі маман, ғылым кандидаты 
А.Н.Тычина басқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет