Қазақстан республикасы білім жғне ѓылым



Pdf көрінісі
бет14/30
Дата04.05.2024
өлшемі2.33 Mb.
#500500
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Картография

Рельефті горизонтальдармен бейнелеу жəне оның генерализациясы.
Рельефті бейнелеуде əрқашан оның сипаттамалы формасын айқын
көрсету керек. Бұл шартты орындау үшін картограф формалардың шығуы мен
морфологиясын түсінуі керек.
Горизонтальдар карталарда рельефтің сан түрлі формаларын бейнелеуге
мүмкіндік береді. Рельефтің ең айқын сипаттамасын жəне горизонтальдардың
ең жиі қима биіктіктерін тек қана ірі масштабты карталарда көрсетуге болады,
ал ұсақ масштабқа өткен сайын горизонтальдар жинақталып олардың қимасы
жиіленіп рельефтің сипаттамасы жалпылай көрсетіледі.
Ұсақ масштабты карталарда рельефті горизонтальдармен бейнееу
картографияланатын 
аумақтағы 
рельефтің 
барлық 
формаларының
сипаттамасын көрсету күрделі болып келеді.
Ірі масштабты карталарда рельефті горизонтальдармен бейнелеу
қиындық туғызбайды, себебі ондай жағдайда нақты айқындылықпен жəне
генерализация тек қана ұсақ детальдарға ғана жүргізіледі.
Қазақстан аумағында рельефтің бірнеше типтері сипатталады.
1. Жазық (солтүстік-батыс облыстары) аз ғана еңіс құлдилығымен
сипатталады жəне аз ғана биіктік аутқуымен (төменгі 200м. дейін – жоғарғы
500м. дейін). Жазық жердің рельефі эрозионды болып келеді, оған
бөлшектелген беттің жазық өзен аңғарлары, жыралар мен сайлар кіреді.
2. Биіктаулы (Алматы облысының оңтүстік пен шығыс бөліктері жəне
Шығыс-Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігі), Терең бөлшектеніп
сипатталады, таулардың абсолютті биіктіктері 2000метрден жоғары, ал қатысты
биіктігі 1000 метрден жоғары.
3. Орта биіктікті жəне аласа таулар рельефі (Ақмола облысының оң
түстігі, \алматы облысының орталығы) Рельефі эрозионды, абсолютті
биіктіктері 500 ден 2000 метр жəне қатысты 150 ден 1000метрге дейін
сипатталады.
4. Ұсақшоқылық мелкосопочник (Қарағанды облысының ортаңғы бөлігі)
– рельеф жартылай шөлді шарттарда таулардың бұзылуынан пайда болады.
Оның абсолюттік биіктіктері 1000 метрге дейін, ал қатысты биікайырымы 100
метрге дейін. Батыс жағында көлдер мен сор жерлері бар.
5. Құмды рельеф (Қызылорда облысы, Алматы облысының солтүстік-
батыс бөлігі), шөлді, көлдер мен теңіздердің жағалауында кездеседі. Желдің
əсерінен пайдаболады. Топографиялық карталарда оларды бейнелеу үшін
горизонтальдар жəне құмдардың шартты белгілері қолданылады жəне олардың
биіктіктері жазылады. Қалған құмдар арнайы қатысты шартты белгілермен
көрсетіледі. Құмдардың мынадай түрлері болады: түзу, барханды, ячейстые,
грядты, дюнды жəне аралас типті.
Жергілікті жер профильі – берілген бағытта верткалды жазықтықпен
жергілікті жердің кесіндісін бейнелеу. Ол таңдалған сызық бойынша жер беті
рельефінің құрылымы жайлы айқын көріністі береді. Профиль деген не?


32
Картада сызылған сызық бойы бойынша нүктелердің максималды жəне
минималды биіктіктерін жəне олардың арасындағы айырымды (профиль
биіктігін) анықтайды. Профиль масштабын таңдайды: горизонтальды масштаб-
ол əрқашан карта масштабымен бірдей болады жəне вертикалды масштаб-ол
горизонтальды масштабтан бірнеше есе үлкен (5-10 есе), себебі рельеф негізі
айқын көрінуі керек. Екі өз ара перпендикульярлы координата осьтерн сызып
горизонтальды осьтің бастапқы нүктесінде ең төменгі профиль нүктесінде
жатқан биіктікті белгілейді. Вертикал осьі бойынша таңдалған вертикалды
масштабтағы қима биіктікті белгілейді жəне горизонтальдар биіктігін
қастарына жазады. Содан кейін горизонтальды оське картадан профильдің
бастапқы нүктесінен горизонтальды нүктелерге дейңнгң ара қашықтарды
түсіреді. Горизонтальдағы биіктік пен вертикалдағы бірдей биіктіктерден
перпендикульярлар тұрғызады. Перпендикульярлардың шектелген шеттерін
сызықпенен қосады. Профиль сызығының астына картадан алынған оның
азимутын, профильдің бастапқы жəне соңғы нүктелері жəне масштабтары
жазылады.
18 - сурет. 202.0 нүктесінен 201.0 нүктесіне дейінгі сызық.
19 - сурет. Талая өзенінің көлденең пофилі: горизонтальды масштаб –
1:50 000, вертикальды масштаб – 1:2000
Негізгі əдебиет:
нег.:1[170-182]
Қосымша əдебиет:
Қос.: [148-155], 3. Карталар, атластар
Бақылау сұрақтары:
1. Жергілікті жердің рельефі деген не?
2. Абсолютті биіктік деген не?
3. Горизонталь деген не?
4. Картада рельефті қандай əдістермен бейнелеуге болады?


33
5. Рельефті генерализациялаудың негізгі мақсаты неден тұрады?
№6 дәріс. Картографиялық бейнелердің тәсілдері.
Арнайы карталарда құбылыстарды бейнелеу тəсілдері құбылыстын өзінің
сипаттамасына жəне аумақ бойынша олардың орналасу негізіне байланысты
жобаланады. Арнайы көрсеткіштерді бейнелеу үшін келесі тəсілдер
қолднылады: изолиния, сапалы фон, ареал, значокты, нүктелі, сызықтар
қозғалысы, картограмма, картодиограмма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет