Қазақстан республикасы білім жғне ѓылым


№2 дəріс. Географиялық карталар



Pdf көрінісі
бет7/30
Дата04.05.2024
өлшемі2.33 Mb.
#500500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Картография

№2 дəріс. Географиялық карталар
Масштаб жəне олардың түрлері.
Карталар ірі жəне ұсақ болады. Егер сіздер ірі маштабты өзінің өлшемі
бойынша ұсақ масштабтан үлкен болады десеніздер қателесесіздер. Бірдей
өлшемді парақ бетіне бүкіл əлемді, мемлекетті немесе оның кішкентай бөлігінің
орналастырып бейнелеуге болады. Барлығы масштабқа байланысты болады.
Карта масштабы картаның ең басты эементтерінің бірі болып келеді. Картамен
білімді жəне білікті жұмыс жасау үшін оны нақты білу керек. Масштаб ірі
болған сайын карта бетінде кеністік кен болып көрсетіледі немесе керісінше
көрсетіледі.
Ұсақ масштабты карталарда жергілікті жердің мəліматі аз болып
бейнеленеді ал масштаб ірі болған сайын мазмұн элементтерінің мəліметтері
кенінен көрсетіледі.
Масштаб Жер бетін картаға бейнелеуде неше дəрежеге кішірейтіп
бейнелегенін анықтайды.
Карта масштабы – картадағы сызық ұзындығына қатысты жергілікті
жердегі сызық ұзындығының қатынасы.
Картаның жалпы масштабы жер беті неше дəреже кішірейтіліп картада
оның бейнеленгенін анықтайды. Картада жалпы масштабтын мағынасы міндетті
түрде көрсетіледі. Картада масштабты көрсетудің үш тəсілі қабылданған.
Сандық масштаб - сандар қатынасын көрсетеді. Оны 1: m бөлшегі
ретінде жазады. Алымында əрқашан 1 болады, ал бөлшегінде картадағы
сызықтардын ұзындығынын кішірейген мөлшері көрсетіледі.Сандық масштаб
мынадай түрде көрсетіледі 1: 10 000 немесе 1: 1000 000.
Атаулы масштаб жазу түрінде жергілікті жердегі қандай ара қашықтық
картадағы бір сантиметрге сəйкестігін көрсетеді (мысалы «1 сантиметрде 100
метр бар»).
Графикалық масштаб – график түрінде көрсетіледі, оның көмегімен
берілген картада өлшемдер жүргізуге болады.
Графикалық масштаб сызықтық жəне көлденен болады.
Графикалық сызықтық масштаб (1-сурет) және көлденен масштаб (2-
сурет) өлшемді өте жоғарғы дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік береді.


13
1- сурет. Графикалық сызықтық масштаб.
10 8 6 4 2 0
10
8
6
4
2
0
1 км 0 1 2 3 4 5 км
2-сурет. Графикалық көлденең масштаб.
Топографиялық план мен карталарда сызықтық масштаб оңтүстік жиек
сызықтың астында көрсетіледі. Сызықтық масштабты сызу үшін үшкір
ұшталған қарындашпен арасы 2 миллиметр екі параллельді сызық жүргізеді.
Осы екі сызықта белгілі бір кесіндіні (1 немесе 2 см) бірнеше рет белгілейді.
Осындай кесінді масштаб табаны ( основание) деп аталады.
Сол жақтағы шеткі табанды сызықтық масштабтың ең кіші өлшемі деп
аталатын 10 тепе-тең бөлшекке бөледі. Осыдын кейін, сандық масштабқа сай,
жер бетіндегі қашықтықтарды есептеп, сызықтық масштабқа цифрларды
жазамыз.
Бастапқы нүкте (ноль) ретінде сол жақтағы шеткі табанның оң жақ шетін
қабылдайды. Нолден оңға қарай белгіленген кесінділерге (табандарда) жер
бетіндегі табандарға сәйкес метр санын, ал нольден солға қарай табан үлестерін
жазады.
Өлшем атауы (метр, км.) сызықтық масштабтың оң және сол шеттерінде
көрсетіледі.
Мысалы: 1 :10 000 масштаб болса, сол жақта 500, 1000 м, ал оң жақта
1,2,3,4,5,6 км деп жазамыз.
Дәлділікті одан әрі жетілдіру үшін көлденең масштаб қолданылады.
Көлденең масштабты құрастыру үшін горизонтальдық сызықты бірнеше рет
немесе екі сантиметрлік табан белгілейді. Осы нүктелерден перпендикуляр
сызамыз да, оларды он тепе-тең кесінділерге бөлеміз. Осыдан пайда болған
нүктелерден табанға параллельді сызықтар жүргіземіз. Сол жақтағы шеткі
табанның үстінгі және астынғы сызықтарын оңға бөлеміз де, қиғаш
сызықтармен қосамыз. Осыдан соң берілген сан бойынша көлденең масштабты
цифрмен белгілейді. Бастапқы нүкте (ноль) ретінде сол жақтағы шеткі табанды
аламыз. Нольден оңға қарай жер бетіндегі табандарға сәйкес метр санын
жазады.(1,2,3,4 табан); ал сол жаққа қарай - табан үлестерін көрсетеміз.
км 10
0
10
20
30
50 км
40


14
Табанның жүздік үлестерің шеткі вертикальды төменнен жоғарыға қарай
белгілеу керек.
Көптеген топографиялық карталарда барлық үш масштаб беріледі -
сандық, сызықтық және атаулы. Ұсақ масштабты карталарда үлкен
территориялар бейленеленеді, мұндай жағдайда сандық масштаб ғана беріледі.
Ал, мектеп карталарында тек ғана атаулы масштаб көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет