Әдеп (этикет) ол осы қоғамда немесе белгілі бір жағдайда жол берілетін және қабылданатын немесе, керісінше, жол берілмейтін, қабылданбайтын мінез-құлықты реттейтін ережелер жиынтығы (193 бет). Әдеп мәдениеті



Дата25.09.2023
өлшемі14.19 Kb.
#478508
түріОқулық
Сөж


Педагогтың зерттеу этикасы мен мәдениеті жайлы жұмыстар (оқулық, оқу құралы, моногрфия, ғылыми мақала, диссертация, интернет ресурстары т.с.с.) атаулары (сілтемесі)



Педагогтың зерттеу этикасы мен мәдениеті ұғымдарына берілген анықтамалар



Педагог этикасы және қарым-қатынас мәдениеті: оқу құралы / Э.А.Орынбасарова/ Алматы: «Бастау», 2017.-216 бет.



Әдеп (этикет) - ол осы қоғамда немесе белгілі бір жағдайда жол берілетін және қабылданатын немесе, керісінше, жол берілмейтін, қабылданбайтын мінез-құлықты реттейтін ережелер жиынтығы (193 бет).
Әдеп мәдениеті - ол адамның жалпы адамгершілік мәдениетінің, өнегелілігінің, әдептің белгілі бір ұстанымдары мен нормаларын сақтай отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға деген ішкі көзқарасының көрінісі. Әдептің негізгі үстанымдарына, бәрінен бұрын, басқа адамдарға деген ізгі көзқарас пен құрмет жатады. Ол бізден: сыпайыгершілік, әдептілік, сезімталдъщ, шаманы білу, өнегелілік, тыңдай білу, қарапайымдылық іспетті нормалардың сақталуын талап етеді. (194 бет).

Педагог этикасы және қарым-қатынас мәдениеті: оқу құралы /
Э.А.Орынбасарова/ Алматы: «Бастау», 2017.-216 бет.

Әдептілік сөзбе-сөз мағынасында «жанасу» дегенді білдіреді.
Ол - адамдардың өзара қарым-қатынастарын реттеуге көмектесетін
адамгершілік санат. Адамгершілік ұстанымына негізделе отырып, әдепті мінез-құлық ең бір қиын-қыстау жэне қарама-қайшы
жағдайларда да адамға деген сыйластықтың сақталуын талап етеді.
Әдепті болу - әрбір адамға, әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақ
тәрбиесімен айналысатын эрбір педагогке қойылатын адамгершілік
талап.
Педагогтің әдептілігі - ол оқытушыдан іс-эрекеттің (қылықтың) барлық шынайы салдарларын алдын ала көре білуді, оның
жеке-дара қабылдануын көре білуді, жоғары адамгершілік,
сезімталдық, студентке қамқорлық, кез келген жағдайда онымен
жылы қарым-қатынас орнатудың ең жақсы тәсілдерін меңгеруді
талап ететін адамгершілік мінез-құлық. (137 бет)

https://topuch.com/1-pedagogti-ksibi-etikasi-5/index.html

ЭТИКА- әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым. Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады. Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Ұстаз этикасы – мұғалім мен бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық этика – ұжым ішінде, мұғалімдер арасында басталып, өзінің заңды жалғасын сыныптарда табуы тиіс.


Педагогика және педагогтық этика үшін кәсіптік этиканың жекелеген мәселелері, олардың мұғалімнің жеке басына қоятын: кәсіпті сүю, баланың жеке басын құрметтеу, принципшіл әрі талапшыл болу, көп нәрсені білу және жасай білу, озық идеяларды, білімдерді насихаттаушы болу сияқты талаптар жөнінде бұрынғы өткен прогресшіл педагогтың айтқандарының үлкен маңызы бар.














Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет