Мән мұғалімі : Есболои. Г
Қарақат ауылы
2020 – 2021 оқу жылы
Түсінік хат
Ұсынылпы отырған бағдарлама дене шынықтыру сабағынан толық меңгеріп, үйреніп жетілдіру үшін жазылған. Аталған курс жас өспірімдердің біліктілігін, ептілігін, икемділігін, шапшаңдылығын, төзімділігін қалыптастырады. Сабақ кезінде жетілдірілмей қалған айла тәсілдерді үйретуге үлкен септігін тигізеді.
Дене тәрбиесінің мақсаты денсаулығы мықты, рухы сергек. Отанын қорғауға және ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында: «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттеріне өзге келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынымыз, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде ұстауға тиіс екендігіміз» туралы айтылған.
Бұдан егеменді елімізде жас ұрпақтың дене тәрбиесіне айырықша көңіл бөліп отырғаны көрінеді. Оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіру – денсаулығы мықты, денесі жан – жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл – ой еңбектерін орындауға әбден қабылетті ұрпақты дайындау жөніндегі мемлекеттік қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс.
Оқушылар дене тәрбиесінің толық мәнінде жүзеге асыруында адамның денесін өмір бойы жетілдіріп отыруына негіз жасайды. Мектептен тыс таңдау курысынан 1 сағат факультатив сабағын ұлдар бос жүрмеуі проблемасын шешудің және қоғамға жат қылықтардың көрінісін болдырмаудың тиімді жолына және болашақ спортсмен дайындап шығарамын деген мақсатпен жүргізіледі.
Оқушылардың сыныптан тыс уақытындағы жұмыстары мектептегі дене жаттығуларымен ұйымдасқан түрде айналысу жүйесін құрайды. Баланың жеке қызығушылығымен бейімділігі анықталып, спортпен жүйелі түрде айналысуға дайындығы молырақ оқушылар тартылады.
Міндеттері
Футбол ойынының шығу тарихын білу.
Футбол ойынының тактикаларын үйрену.
Командалық ойынының тактикасын үйрену.
Допты беру тәсілдерін үйрену.
Допты лақтыру түрлерін үйрену.
Мақсаттары
Салауатты өмір салтын насихаттау.
Спортқа баулау.
Ептілік, икемділік, төзімділік, шапшандылыққа дайындау.
Спортқа деген қызығушылықтырын арттыру.
Уақытты ұтымды пайдалануға үйрету.
Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |