Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет103/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   115
акушерство китап

10.4. Климаттық бедеулік
Климаттық бедеулік - малдардың өндіру қызметінің метеорологиялық факторлар (жарық, жылу немесе қатты суық) әсерінен бұзылуы.
Себептері. Малдарды бір жерден екінші жерге жеткізу, ауа райының шұғыл өзгеруі (онтүстіктен солтүстікке немесе керісінше) қысқы мерзімде малдарды түгелдей қорамен қамтымау немесе жазғы уақытта қалқалар болмауы. Климаттық бедеулік малдарды импортқа шығарғанда жиі байқалады.
Малдардың төлділігі тек географиялық жағдайлардан қана емес, сонымен қатар бір жерде кейбір жылдардағы метеоқұбылыстарға байланысты өзгеруі мүмкін.
Х.И. Животковтың зерттеулері бойынша, ауа температурасының 1-30-қа (ақпан-мамыр айларында) 2-3 күндей төмендеуі биелерде фолликулдардың дамуын және күйіт көрінуін тежейді. Ауа температурасының 35-400С жоғарылауы жыныс функциясының сексуалдық үрдісі белсенділігінің тежелуіне әкеледі. В.Я. Никитин қояндарда сексуалдық үрдіс белсенділігінің тікелей сыртқы ауа тепературасының ауытқуына байланысты екендігін дәлелдеді.
Жылдың ыстық маусымында малдарда, жатырдың және аналық жыныс бездерінің функциональдық белсенділігі төмендейді.
Бірақ, климаттық бедеулікті малдарға жақсы жағдай туғызу арқылы жоюға болады. Казіргі кездегі техника әрқылы микроклиматтың қайшы әсерін тек қана әлсіретіп немесе жойып қоймай, сонымен қатар малдардың төлділігін жоғарлатуға мүмкіндігі бар екенін атау қажет.
Клиникалық белгілері: аналық жыныс бездері кішірейген, кейде сары дене, фолликулдар немесе қуыс табылады. Малдарда кейде жыныс аппаратының әдеттегі жағдайында анофродизия байқалады. Кейде жыныс циклының қозу сатысында, кейбір феномендер көрінбейді (мысалы, күйлеу, күйіттеу, овуляция), осыған орай малдарда ареактивті, алибидті немесе анэстральді жыныс циклы болады.
Болжау - қолайлы.
Емі. Ең алдымен барлық малдарды қорамен қамтамасыз ету. Әсіресе жас малдарды құрғақ, жылы жақсы желденетін қорада ұстау. Жылдың барлық мезгілінде серуенге шығару. Қыста күнделікті серуен 2-3 сағаттан кем болмау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет