БК Астана, 2007-210 бет.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің ғылыми кеңесінде қаралды.
Ә
3706 000000
00 (05) - 07
ISBN 9965 – 868 – 56 - 5
©С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық универси-
теті, 2007.
Мазмұны
Алғы сөз
|
5
|
1 Тарау. Әртүрлi малдар аналықтары мен аталықтары жыныс жүйесiнiң анатомо-физиологиялық ерекшелiктерi ..............................
|
10
|
1.1. Аналық малдардың жыныс органдарының анатомиясы .......
|
10
|
1.2. Аталық малдарының жыныс органдарының анатомиясы ....
|
15
|
1.3. Аталық және аналық малдар жыныс органдарының
физиологиясы............................................................................................
|
18
|
1.4. Әртүрлі малдардың жыныстық және физиологиялық
жетiлуi .......................................................................................................
|
18
|
1.5. Жыныс циклі .............................................................................
|
20
|
1.6. Әртүрлі малдардың жыныс циклдары ....................................
|
29
|
1.7. Жыныс акті ................................................................................
|
33
|
1.8. Жыныс актінің түр ерекшеліктері............................................
|
36
|
2 Тарау. Малдарды ұрықтандыруды ұйымдастыру технологиясы .........................................................................................
|
38
|
2.1. Табиғи ұрықтандыру және малдарды шағылыстыру.............
|
38
|
2.2. Табиғи ұрықтандыру түрлері ...................................................
|
40
|
2.3. Қолдан ұрықтандыру ................................................................
|
41
|
2.4. Организмнің тыс жағдайда сыртқы ортаның ұрықтарға тигізетін әсері ...........................................................................................
|
46
|
2.5. Ұрық алудың әдістері ...............................................................
|
49
|
2.6. Ұрықты сақтау............................................................................
|
57
|
2.7. Ұрықты тасымалдау..................................................................
|
59
|
2.8. Малдарды ұрықтандыру ...........................................................
|
66
|
3 Тарау. Ұрықтану және өскіндердi трансплантациялау ............
|
72
|
3.1. Ұрықтардың аналық малдың жыныс органдарымен жылжуы ....................................................................................................
|
72
|
3.2. Аналық клетканың жыныс жылжуы .......................................
|
75
|
3.3. Ұрықтану және өскіннің дамуы...............................................
|
76
|
3.4. Зародыштарды трансплантациялау..........................................
|
79
|
3.5. Донорларды таңдау....................................................................
|
80
|
3.6. Суперовуляцияны тудыру.........................................................
|
81
|
3.7. Донорларды ұрықтандыру........................................................
|
81
|
3.8. Зародыштарды алу.....................................................................
|
82
|
4 Тарау. Буаздылыҝ ..........................................................................
|
84
|
4.1. Ұрық оның қабықтары және плацента ...................................
|
85
|
4.2. Өскін мен ұрықтың дамуы .......................................................
|
91
|
4.3. Буаз малдың организміндегі өзгерістер ..................................
|
93
|
4.4. Буаздылық пен бедеулік диагностикасы.................................
|
95
|
5 Тарау. Туу және туғаннан кейінгі кезең, төл мен туу жолдарының анатомо-топографиялық қарым қатынастары ...............
|
101
|
5.1. Туу...............................................................................................
|
104
|
5.2. Туғаннан кейінгі кезең..............................................................
|
106
|
5.3. Туу бөлмелерін ұйымдастыру және тууға дайындау қалыпты туу кезіндегі көмек ..................................................................
|
107
|
5.4. Қалыпты туу кезеңіндегі көмек ...............................................
|
108
|
5.5. Туу акті динамикасының түрлік ерекшеліктері .....................
|
110
|
6 Тарау. Буаз малдардың аурулары, буаздылық патологиясы ....
|
112
|
6.1. Іш тастаулар................................................................................
|
116
|
6.2. Идиопаттық жұқпайтын іш тастаулар.....................................
|
122
|
6.3. Симптомдық жұқпайтын іш тастаулар....................................
|
125
|
6.4. Жұқпалы және инвазиялық іш тастаулар................................
|
127
|
6.5. Қолдан болған іш тастау...........................................................
|
129
|
7 Тарау. Туу патологиясы ...............................................................
|
131
|
7.1. Акушерлік аспаптар...................................................................
|
134
|
7.2. Тууды шешетін операциялар....................................................
|
141
|
8 Тарау. Жаңа туған төлдердің аурулары және төлдеуден кейінгі мезгіл патологиясы .....................................................................
|
150
|
8.1. Төлдеуден кейінгі мезгіл патологиясы ...................................
|
150
|
8.2. Жаңа туған төлдің патологиясы және аурулары ...................
|
159
|
9 Тарау. Сүт безінің патологиясы. Желіннің қысқаша морфофункциональдық сипаттамасы ....................................................
|
165
|
9.1. Агалактия және гипогалактия...................................................
|
171
|
9.2. Желінсаулар................................................................................
|
179
|
10 Тарау. Үй жануарларының гинекологиясы және андрология негiздерi ……............................................................................................
|
189
|
10.1. Жыныс органдарын зерттеу әдістері.....................................
|
193
|
10.2. Туа біткен бедеулік..................................................................
|
196
|
10.3. Алиментарлық бедеулік..........................................................
|
200
|
10.4. Климаттық бедеулік.................................................................
|
202
|
10.5. Эксплуатациялық бедеулік.....................................................
|
202
|
10.6. Қолдан жасалған бедеулік.......................................................
|
203
|
Қолданған әдебиеттер тізімі ...........................................................
|
210
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кіріспе
Мал дәрігерлік акушерлік және гинекология пәні бір-біріне байланысты екі ғылымнан тұрады.
Мал дәрігерлік акушерлік пәні /франц. тілінен accoucher - босану/ - мал дәрігерлігінің клиникалық саласы болып саналады, ол жыныс процесстерінің қалыпты жағдайы және түр өзгерістері туралы сұрақтарымен айналысады. Бұларға ұрықтандыру, ұрықтану, буаздылық, туу, туудан кейінгі уақыт, сүт безінің және жаңа туған төлдердің аурулары сияқты сұрақтары жатады.
Өндіру жұмыстарын жүргізу кезінде негізгі мақсат әрбір аналық малдан неғұрлым көп мөлшерде төл алып оны сақтау. Көп жағдайда бұл мақсатқа жету жолында аналық малдардың репродуктивті функциясының бірнеше ауытқулары, яғни аз ұрықтылық, бедеулік, іш тастаулар, өлі туған төлдер немесе туған төлдердің өмірсүргіштігінің төмендігі сияқты көріністер кедергі жасайды. Осы ауытқулар ұйымдастыру-шаруашылық және зоотехникалық кемшіліктер /малдарды асырау, ұстау және пайдалану, ұрықтандыру тәртіптерін бұзу т.б./, сонымен қатар өндіру жұмыстарының тиісті мал дәрігерлік бақылауының болмауынан туады.
Аналық малдың тікелей көбею қабілетінің төмендеуіне немесе толығымен жойылуына буаздылық, туу, төлдеуден кейінгі уақыттарда пайда болатын патологиялық процесстер немесе жыныс органдарының аурулары себеп болуы мүмкін.
Мақсатқа байланысты акушерлік пәнінің алдында келесі мәселелер қойылады:
1. Ауру малдарды анықтау, кейін оларды емдеу.
2. Аналық малдардың буаздылық процессінің дамуын қадағалау
3. Төлдеу кезінде малдарға акушерлік көмек көрсету.
Мал дәрігерлік гинекология - аналық мал организімінде кездесетін жыныс және басқа органдарының төлдеу мезгілі аяқталғасын пайда болатын, соның салдарынан бедеулікке әкелетін патологиялық процесстер жөніндегі ілім.
Гинекология ғылымы акушерлік ғылыммен бір мезгілде дамиды.
Гинекология деген термин екі грек сөзінен тұрады dyne - әйел,
және lodos - ілім.
Гинекологияның акушерлік ғылымнан бір өзгешілігі, ол буаздылық
уақытынан кейін болатын ауруларды зерттейді.
Мал дәрігерлік гинекологияның басты мақсаты, аналық малдың жыныс органдарында кездесетін ауруларды зерттеу, осы аурулардың әсерінен болатын бедеуліктің алдын алу және емдеу әдістерін әрі қарай дамыту.
Мал дәрігерлік акушерлік көмектің қарапайым түрлері ерте заманнан дами бастаған. Кейіннен акушерлік тәсілдерді бірқатар адамдар жақсы меңгеріп өз тәжирбелерін ұрпақтан ұрпаққа беріп отырған.
Құл иеленушілік және феодализм дәуірлерінде атты әскерге, мал
шаруашылықтарына мал дәрігерлік мамандар қажет болды. Бірінші мал емдеу мамандарын даярлайтын мектептерде мал дәрігерлік хирургияның негізгі бөлімі ретінде акушерлік көмектің тәсілдерін меңеруге көп көңіл бөліне бастады. Дегенмен әлі де болса акушерлік көмек тәсілдерін қолдану кеңінен тарамады.
Капитализм дәуірінде мал дәрігерлік акушерлік жеке өзіндік ғылымы тәжірбелік пәнге ауыса бастады; акушерлік көмек тәсілдерін көрсететін ғылыми енбектер, кітаптар пайда болды. Бұған мысал ретінде медициналық хирургия академиясының профессоры Г.М. Прозоровтың “Мал дәрігерлік жәрдем беретін ғылым және мал төлдерінің аурулары” деген еңбегін атауға болады. Оның бұл енбегі 1849 жылы жарық көрген. Осы еңбекте негізінен мал енелерінің денсаулығын, өмірін, олар өмірге әкелген тәлдерді сақтау үшін акушерлік көмектің тәсілдерін қалай қолдану керек екені көрсетілген. Мал шаруашылығының алға қарай дамуы патшалық Ресейде 1715 жылға дейін арнайы мал дәрігерін дайындайтын мектептер аз болды, бұл 1840 жылы Варшавада, 1848 жылы Дерпт қаласында, 1851 жылы Харьковте, 1873 жылы Қазанда малдәрігерлік институттарының ашылуына негіз болды. Біраз уақыттан кейін акушерлік сұрақтардың өсуіне байланысты, оқу орындарында арнайы курстар бөліне бастады және жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге кітаптар шығару қажеттілігі туды.
Көп уақыт бойы біздің мал дәрігер мамандары акушерлік пәнді Сен-Сира, Виоле (1875), Гармстың (1875), Франктың (1876), Штосстың (1928) еңбектері арқылы оқып келді, осы кітаптарда сол уақыттағы шетел ғалымдарының еңбектері жоғары бағаланып, ал Ресей ғалымдардың еңбектері шет қалып отырды. Тек 1931 жылы ғана профессор Н.Ф. Мышкиннің орыс тілінде жазған ең алғашқы оқулығы жарық көрді. Бұл кітап төрт рет түзетіліп, толықтырып қайта басылып шықты.
Ұлы Октябрь төңкерісінен кейін үлкен өзгерістер болды. Ресейде мал дәрігерлік оқу орындарында мал дәрігерлік акушерлік кафедралары құрылды 1919 жылы Мәскеудің мал дәрігерлік жоғарғы оқу орынында жеке акушерлік кафедрасы құрылды, ал 1922 жылы Қазанда және Ленинградта мал дәрігерлік оқу орындары ашылды. 1937 жылы Алматы малдәрігерлік зоотехникалық институтында, Семейде кейіннен Ақмола, Орал, Қостанай ауылшаруашылық институттарында акушерлік кафедралар ашылды.
Мал дәрігерлік акушерлік пен гинекология басқа пәндермен тығыз байланысты. Клиникалық пән ретінде ол физиология, зоология, фармакология, микробиология, хирургия, індеттану, паразитология, терапия және де басқа ғылымдармен тығыз байланысты.
К.А. Тимирязевтің, И.В. Мичуриннің, И.П. Павловтің еңбектері осы пәннің теориялық негізін құрды. Акушерлік ғылымның дамуына А.В. Квасницкийдің, А.И. Лопыриннің классикалық еңбектері де үлкен әсерін тігізді.
Акушер мамандармен бірге ірі биолог ғалымдар А.А. Машковцев /жыныс циклінің жүйке эмоционалдық теориясын құрушы/ және Е.Ф. Поликарпов тығыз байланысты жұмыс жүргізді.
Акушерлік індеттану пәнімен де байланысты, себебі профессор П.А. Волосков малдардың жыныстық жұқпалы аурулары мен бедеулігі деген кітаптардың авторы болып табылады. Осы ғалымның зерттеулерін ары қарай профессорлар А.А. Сысоев пен Н.Н. Михайлов дамытты. Ал профессор А.А. Сысоев болса “Індеттану және ауылшаруашылық малдарының жұқпалы аурулары" деген кітаптың авторы болып саналады.
Оперативтік акушерлік бөлімі негізінен атақты хирургтер Б.М.Оливков, И.И. Магда, В.В. Мосиннің ғылыми еңбектерімен байытылды.
1931 жылы профессор Н.Ф. Мышкинның мал дәрігерлік акушерлік деген кітабі басылып шықты. Осы жылы профессор В.В. Контенің ауыл шаруашылық малдарының бедеулігімен күресу деген еңбегі, ал 1932 жылы мал дәрігерлік акушерлік курсы жарық көрді.
Мал дәрігерлік акушерлік кафедрасының клиникалық тәжірбелік жұмыстары біраз сұрақтарды шешуге жағдай туғызды. Профессор Н.Ф. Мышкин сиырлардың буыздығын анықтайтын клиникалық әдіс ойлап тапты және мал шуының тусуін қамтамасыз ететін тәсілдер мен сол уақытқа сай желін қабынуының жіктеуін ұсынды.
Профессор А.Ю. Тарасевич биелердің буаздығын анықтайтын жаңа клиникалық тәсіл тапты, және гинекологиялық ауруларды емдейтін біраз тәсілдер ұсынды /балшықпен емдеу, аналық жыныс безінің қуысына пункция жасау тағы да басқалары/. Ол ғылыми түрде күйіттеуші-айғырларды биелердін жыныстық күйлеуін білуге, және олардын жыныстық әсерін тигізетінін дәлелдеді: ең бірінші рет ішек арқылы овуляцияны қадағалап, биелерді қолдан ұрықтандыруды ұсынды. Осы ұсыныс Х.И. Животковтың, В.К. Кедровтың, П.И. Шаталовтың еңбектерінің нәтижесі ретінде қазіргі уақытта да кеңінен қолданылады.
Өзінің енбектерінің нәтижесін және бай тәжіребесін А.Ю. Тарасевич “Ауыл шаруашылық малдарының бедеулігі” (1936) деген монографиясында көрсетті. Профессор А.Ю. Тарасевич мал дәрігерлік акушерлік мектептерді ашудың негізін қалады. /И.А. Бочаров, Н.А.Флегматов және басқалар/.
Профессор И.А. Бочаров (1901-1975) өз шәкірттерімен мал бедеулігін зерттеп “Ауылшаруашылық малдарының бедеулігі” деген кітабын (1956) шығарды. Осы кісінің редакциясымен мал дәрігерлік оқу орындарына арналған мал дәрігерлік акушерлік кітабы 1967 жылы жарық көрді.
Профессор Н.А.Флегматов (1903-1986) есектердің буаздығын анықтайтын тәсіл ойлап тапты; шу туспегенде қағанақ суларын пайдаланудың ықпалды нәтижелі жолын ұсынды. Өз әріптестерімен бірге мал көбеюінің физиологиясы мен патологиясы туралы біраз маңызды зерттеулер жүргізді. Осы зерттелген мәселелер “Ауылшаруашылық малдары» деген жинағына енді, ол (1959) жарық көрді.
Профессор Я.Г. Губаревич “Ұсақ малдардың акушерлігі” деген монография және техникумдарға арналған акушерлік кітап жазды.
Професор П.И.Шаталов жыныс циклы және биелердің төлдегеннен кейінгі уақыты жөнінде, кейбір бедеуліктің түрлеріне буаз биелердің қан сары суы (СЖК) мен қанды (КЖК) қолдану туралы маңызды зерттеулер жүргізді және отандық гравогормон деген синтез арқылы жаңа препаратты бөліп алды.
Акушерлік ғылымның дамуына атақты ғалым, ВАСХНИЛ-дың корреспондент мүшесі, профессор А.П.Студенцов көп еңбегін сіңірді. Осы кісі біраз ғылыми еңбектер, жолдамалар /жыныс цикл жөнінде, бедеулік, іш тастаулар, желінсаулар т.б./ сүт безіне және жыныстық органдарға жасалынатын операциялардың ыңғайлы түрлерін ұсынды, “Мал дәрігерлік акушерлік және гинекология” деген кітабын 1949 жылы жазып шығарды. Өз өмірінде осы оқу кітабы үш рет қайта басылып, 1952 жылы Мемлекет сыйлығына ие болды.
А.П.Студенцов өз еліміздегі акушерлік саласындағы бірінші ғалым
докторы (1937). Оның көптеген еңбектері (300-дей) отандық мал дәрігер акушер санының өсуіне көп әсерін тигізді. Осылардың арасында мал дәрігерлік акушерлік Львов мектебін құрушы профессор Г.В.Зверева да бар. Ол сүт безінің аурулары жөнінде, акушерлік физиология мен патология, бедеулік және малдарды қолдан ұрықтандыру жөнінде маңызды зерттеулер жүргізді.
Г.В.Зверева біраз оқулықтар мен нұсқаулардың авторы. 1976 жылы “Сиырлардың гинекологиялық аурулары” деген кітабы, ал 1985 жылы мал дәрігерлік акушерлік анықтамасы жарық көрді.
Профессор В.А.Акатов (1909-1971) сиырлардың сүт бездерінің ауруларын ультрадыбыспен емдеу тәсілін ойлап тапты.
Профессор Д.Д.Логвинов желін қабынуында, шу түспегенде және сиыр бұзаулағаннан кейінгі уақытта кездесетін ауруларда новокаиннің патогенетикалық тәсілін ойлап тауып, оның іс жүзінде қолданылуына ықпал жасады. Жоғарғы оқу орындарының факультеттерінде сырттай оқитын студенттерге арналған “Сиыр емшегінің физиологиясы мен өзгерісі” (1971) “Буаздылық және сиырлардың бұзаулауы” (1975) деген кітаптар жазды.
Мал дәрігерлік гинекологияның дамуына РСФСР ға еңбегін сінірген мал дәрігері Х.И.Животков үлкен еңбек сіңірді. Осы кісінің жазған кітабі “Биелерді ұрықтандырудың негізі” (1952), әрбір мал маманының қолдан түсірмейтін басшылығы болып табылады.
Профессор И.И.Родин бұқалардың, қошқарлардың, қабандардың жыныстық рефлексі және ұрықты алу тәсілін дамытуда, қолдан ұрықтандыру тәсілдері жөнінде ерекше зерттеулер жүргізді.
Профессор А.О.Мапасян, М.П.Рязанский, И.С.Нагорный сиырлардың агалактиясы мен гипогалактиясы жөнінде маңызды зерттеулер жүргізді.
Мал дәрігерлік акушерлік пен гинекологияның дамуына профессор И.И.Иванов үлкен үлес қосты, өзінің жан-жақты зерттеулерімен ол ауылшаруашылық малдарын қолдан ұрықтандырудың көптеген сұрақтарын шешу жолдарының негізін салды. И.И.Иванов мал дәрігерілері мен зоотехниктердің мектебін құрды, осы мектеп өзінің зерттеулерін қазіргі уақытта да ары қарай жалғастырып жатыр.
Ветеринарлық акушерлік және гинекология пәнінің дамуына отандас ғалымдар да өз үлестерін қосып келеді.
Т.Ж. Әбдірахманов акушерлік ғылыми саласында еліміздегі бірінші ветеринарлық ғылымының докторы (2002). Осы ғалымның жетекшілігімен 2005-2007 жылдары аралығында акушерлік мамандық бойынша үш кандидаттық диссертациялар (А.А. Муханбеткалиева, А.Н. Ахметов, Б.Р. Касеинов) қорғалды және бірнеше жұмыстар аяқталып қорғауға дайын. Қазіргі кезде елімізде акушерлік мектеп құрылды деп айтуға болады.
Т.Ж.Әбдірахманов, А.Н Ахметов (1999) желінсаудың жасырын түрін анықтау үшін жаңа диагностикалық тест диагмасты ұсынды. Бұл тест арқылы зерттелетін сүтте екі көрсеткіштер, айта кеткенде соматикалық клеткалардың «лейкоциттердің» көбеюінің және рН көрсеткіштерінің өзгеруін анықтауға болады.
Т.Ж. Әбдірахманов, К.М.Камсаев (1999) сиырлардың төлдеуден кейінгі іріңді катаральды эндометриттерін емдеу үшін гипериммунды антигистаминды қан сары суын ұсынды.
Т.Ж. Әбдірахманов, А.И. Бұлашева, Ж.О. Кемешов (2005) сиырлардың жасырын желінсауын және төлдеуден кейінгі эндометриттерін емдеу кезінде ұлпалы препараттарды қолданып жақсы нәтиже алды.
А.А. Мұханбетқалиева, Т.Ж. Әбдірахманов (2005) Saussurea Salsa экстрактысын өндірісте сиырдың төлдеуден кейінгі іріңді-катаральды эндометритін емдеуге, дәрілік препарат ретінде қолдануын ұсынды.
Акушерлік пәнін дамуына сонымен қатар келесі ғалымдар М.Н. Жоланов, Б.А. Құрманов, И.Т. Жақыпов өз үлестерін қосты.
М.Н. Жоланов сиырлардың желінсауларын оқып зертеді және өндіру жұмыстарымен айналысты.
Б.А. Құрманов інгендердің жыныс циклдарын Қазақстан бойынша оқып зертеді.
И.Т. Жақыпов ауылшаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру жөнінде, айта кеткенде маноцервикальдық әдістің модифицирленген үлгісін ұсынды. Сонымен қатар СЕЗЕҚ (сұйық емдік заттарды енгізу құралы) ұсынылған. Мұнымен қатар И.Т.Жақыповтың акушерлік машықтану мен ұдайы өндіру тәсілдерін меңгеруге арналған фантомын атаған жөн.
Тақырып: Жыныс аппаратының морфологиясы және
Достарыңызбен бөлісу: |