Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Жыныс циклын қамтамасыз ететін негізгі факторлар



бет9/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115
акушерство китап

Жыныс циклын қамтамасыз ететін негізгі факторлар. Жыныс циклының ырғағы, жүйелілігі, сексуальдық құбылыстардың ара қатынастыры /овуляция, күйлеу, қозу және жыныс қозу/ негізінен организмнің жүйелі және гуморальдық жүйелерінің ара қатынастарымен түсіндіріледі.
Жыныс циклының пайда болуы мен дамуына гормонардың екі тобы: гонадотроптық және гонадальдық (овариалдық) болуы керек. Гипофизбен өндірілетін үш түрлі гонадотроптық-фолликул-ынталандыру гормоны /ФСГ/, лютеинизирілген /ЛГ/, лютеотроптық (ЛТГ) немесе лактогендік гормондар болады. Фолликул-ыналандыру гормоны аналық жыныс безіндегі фолликулдардың өсуі мен дамып жетілуіне әсер етеді. Лютеинизирленген гормонның көмегімен /ФСГ мен ЛГ арақатынасы 1:10 / овуляция және сары дененің құрылуы болады. Егерде көрсетілген физиологиялық қатынас бұзылса, онда овуляция болмайды. Сары дене ЛГ гормонның әсерінен құрылады, ал лютеотроптық гормон сары дененің жұмысын реттейді және лактация кезінде сүт безінің қызметін белсендіреді.
Жыныс циклын реттеуге қатынасатын гональдық гормондар аналық жыныс безінде дамиды. Оларға фолликулярлық /фолликулин, фолликулостерон/ гормоны және сары дене /прогестерон, лютеогормон/ гормоны жатады. Пісіп келе жатқан фолликуларда құрылатын фолликулярлық гормонды эстрогендік гормон деп атайды, себебі ол малдардың қозуын /эструс/ келтіреді. Эстрогендердің үш түрі эстрон, эстрадиол және эстриол белгілі. Өте белсенді фолликуларлық гормон эстрадиол, ал эстрон мен эстриол эстрадиолдық түр өзгешілігі болып табылады. Көп мөлшерде эстрогендер плацентада аз мөлшерде бүйрек үстіндегі безде және аталық жыныс безінде құрылады.
Жыныс айналымы кезінде сары дененің гормональдық ынталығы, жыныс циклінің 10-12 күнінде барынша толық деңгейге жетеді.
Прогестерон эндометрияның шырын бөлу қызметіне мүмкіншілік туғызады, жатырдың кілегейлі қабығын құрсақтағы төлді қабылдауға дайындайды және оның өсуіне жағдай туғызады. Бұл прогестеронның негізгі қызметі. Прогестеронның аз мөлшерде болуы эмбрионның өліміне әкеп соғады. Бастапқы кезде прогестерон аналық малдың буаздылығын сақтауға әсерін тигізеді. Егер осы кезде аналық жыныс безіндегі сары денені қысып тастаса, онда бұл жағдайда іш тастау байқалады. Прогестерон фолликулдардың өсуін және овуляцияның дамуын ақырындатады, жатырдың жиырылуына қайшы әсерін тигізеді, оны бір қалыпты жағдайда ұстап тұрады. Сары дененің гормоны сүт безінің қалыптан тыс үлкеюіне себебін тигізеді, және малды сүт шығу маусымына дайындайды.
Осылайша прогестеронның антифолликулярлық қызметі байқалады.
Жоғарыда көрсетілген гуморальдық құбылыстар бастапқы импульстерін ми қыртысынан алады.
Пішілген аналық малға тәжірибе түрінде ФСГ гормонын еккенде оның жыныс органдарында ешқандай морфологиялық құбылыстар байқалмаған. Осы тәжірибеден байқалғандай ФСГ аналық малдың жыныс органдарына өз әсерін тек аналық жыныс безі арқылы ғана жасайды. Ал пішілмеген аналық малдарда ФСГ фолликуллиннің дамуына әсерін тигізеді, фолликулин болса малдың қозуын келтіреді. Жыныстық пісіп жетілген және жетілмеген аналық малдарға фолликулин ексе, олардың аналық жыныс бездерінде ешқандай өзгеріс болмайды, бірақ жатырдың көлемі ұлғаяды, кілегейлі қабық ісінеді және қозудың басқа да белгілері көрінеді. Фолликулин жатырдың және жатыр мүйіздерінің бұлшық еттерінің жиырлуын қамтамасыз етеді және олардың питуитринге сезімталдығын ұлғайтады. Фолликулиннің организмде жиналуы жүйке жүйесінің қозуын тудырады, ал ол болса, жыныстық қозу мен күйлеу түрінде көрінеді.
Жыныс циклының құрылуы мен пайда болуына, ішкі факторлардан басқа сыртқы факторлар да өз әсерін тигізеді. Жыныс цикліне әсерін тигізетін маңызды сыртқы факторларға жем-шөп, жарық, және аталық мал жыныс жүйесінің арнаулы қоздырғышы жатады.
Қорекпен бірге стероидтар мен витаминдер түседі, ал олардан организмде фолликулинге ұқсас заттар пайда болады. олар күн сәулесі /инсоляция/ әсерінен организм ұлпаларында да құрылады.
Жаңа мәліметтерге сүйене отырып жыныс циклының динамикасы өңделді.
Тері және көз рецепторларын күн сәулесімен асқазан қорыту стероидтарымен және басқа органдарымен тітіркенуі мен көру, сезу, қабылдау және аталық мал болғанда белсенді пайда болатын қабылдағыштар орталық жүйкелермен бас ми қабығының қабылдағыш орталықтарына беріледі. Қабықтың анализаторларынан импульстер орталық жолдармен (орталыққа ұмтылушы) гипоталамусқа барады. Осы жерде, оның супраотикалық және паравентрикулярлық ядроларында арнайы клеткалар нейросекрет (рилизинг-фактор, ағылшын тілінен release – болу) пайда болады, қан арқылы гипофизге әсер етеді, соңғысын ФСГ бөлуге итереді. Қанға фолликул-ынталандыру гормонының түсуі фолликулиннің дамуы мен жетілуін қамтамасыз етеді. Фолликулдің жетілуі эстрогендердің пайда болуымен өтеді, олар хеморецепторлар және бас ми анализаторлары арқылы күйлеу, жалпы қозу және күйіт тудырады. Эстрогендердің көп мөлшерде болуы ФСГ секрециясын тежейді, сонымен бір уақытта сары денеің пайда болуын және овуляцияны тудыратын ЛГ бөлінуін белсендіреді. Сары дененің гормоны ЛГ әрі қарай бөлінуін тежейеді және гипофиздың лютеотропиялық функциясын ынталандырады. ФСГ-ның секрециясына кедергі жасалмайды, соның нәтижесінде жаңа фолликулдардың өсуі болады және жыныс циклы қайталанады. Жыныс циклының әдеттегідей өтуіне эпифиз гормондары (осы арқылы жарық әсерлері өтеді), бүйрекүсті, қалқанша және басқа бездер қажет.
Буаздылық дамыған жағдайда сары дене гормонның әсерінен күйлеу кезінде пайда болған жатырдағы пролифреативтік құбылыстар күшейеді.
Жыныс циклының барлық гормондарының және олардың организмде пайда болуы жүйке жүйесінің ынталандыру әсері нәтижесінен болады. Гипофиздің дегенерациясында (жүйке байланысының бұзылуы) оның функциясы бұзылады, жыныс циклдары тоқталады.
Қабықша анализаторларынан импульстер орталық жолдар арқылы гипоталамусқа беріледі. Осында суприотикалық және паравентрикулярлық ядроларда нейросекрет /рилизинг-фактор, ағылшынша release бөлу/ құрылады. Ол қан арқылы /қақпа венасынан/ гипофизге әсер етеді, осының әсерінен гипофиз ФСГ бөліп шығарады. ФСГ-ның қанға түсуі фолликуланың дамуы мен пісіп жетілуіне жағдай туғызады. Фолликулиннің пісіп жетілуі эстрогеннің пайда болуымен қатар жүреді, ол мидың хеморецепторлары мен анализаторлары арқылы қозу, жалпы қозу мен күйлеуді туғызады. Эстрогендердің көп саны ФСГ секрециясын баяулатады және ЛТГ мен ЛГ-ның бөлінуіне ықпал жасайды, олар овуляция мен сары дененің пайда болуын қамтамасыз етеді. Сары дененің прогестерон бөліп шығару қызметін лютеотропиялық гормон қамтамасыз етіп, әсерін тигізеді. Сары дененің гормоны ЛГ-ның бөлінуін баяулатады және ФСГ-ға секрет шығаруға бөгет болмай гипофиздің лютеотропиялық функциясына ықпал жасайды. Осының арқасында жаңа фолликулдар өсіп, жыныс циклі қайталанады.
Жыныс циклдарының дұрыс жүруіне эпифиздің /осы арқылы жарық әсері босатылады/, бүйрек үстіндегі бездердің, қалқанша және басқа да бездердің гормондары қажет.
Буаздылық дамыған жағдайда сары дене әсерінен, қозу кезінде пайда болған, жатырдағы пролиферативтік процесс 35-62% буаздылық кезінде күшейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет