Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі



бет25/42
Дата26.09.2022
өлшемі1.34 Mb.
#461358
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
oak ekteoriya (1)

С (consumption)- үй шаруашылығының қысқа мерзімді (азық- түлік, киім, коммуналдық қызметке төлем) және ұзақ мерзімді (тұрмыстық техника, автокөлік) пайдалануға арналған шығындар.
G (qovernment)- үкіметтің, басқарудың орталық аппараттың ұлттық әскерді және басқа да мемлекеттік құрылымдарды ұстап тұруға жұмсайтын шығындар. G құрамына трансферттік төлемдер кірмейді.
Трансферттік төлемдер екіге бөлінеді:

  • мемлекеттік трансферттік төлемдер (жұмыссыздарға, балаларға арналған жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.б.);

  • жеке трансферттік төлемдер (жеке қорлардың төленетін төлемдері, жеке тұлғалардың стипендиясы және т.б.).

I (investment)- жиынтық инвестициялар. Ол негізгі өндірістік қорларға жұмсалатын капитал. Инвестицияның екі түрі бар:
- жалпы инвестиция- істен шығуға жақындаған жабдықтарды алмастыруға және жөндеуге арналған шығындар;
- таза инвестиция- жаңа жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындар.
Nx (net expоrt)- таза экспорт- ол экспорттық және импорттық операциялардың айырмасы деп анықталады. Егер экспорт импорттан көп болса- Nx «+» деп жазылады, ал егер импорт экспорттан көп болса- Nx «-» деп белгіленеді.
Екінші тәсіл. Қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әрбір стадиясында қосылған шығындарды алып тастағандағы сату көлемін ескереді.
Қосымша құн= өндірілген өнімдердің нарықтық құны- ағымдағы материалдық шығындар+ амортизациялық есептеулер
Бұл әдістің ерекшелігі, өндірістің көлемін өлшеуде қайта немесе екі рет есептелеуді болдырмайды. Себебі, көптеген өндіріс тауарлары бірнеше кезеңдерден өтеді: бір фирмада шикізат аралық тауарға айналады, содай кейін басқа фирмаға дайын өнім өндіру үшін сатылады. Біз осындай тауарларды ЖҰӨ есебінде қалай есептеуіміз керек? Айтарлық, фермер бірнеше кг етті Мак Дональдс фирмасына 0,50 долларға сатады. Содан кейін Мак Дональдс елге 1,50 долл. тұратын гамбургер сатады. Осы жағдайда ЖҰӨ- ді есептегенде, еттің және гамбургердің бағасы 2 доллар көлемінде деп есептеу керек пе немесе тек гамбургерді 1,50 долл. деп алу керек пе?
ЖҰӨ- ге тек соңғы өнімнің бағасы ғана кіреді. Сондықтан гамбургердің бағасы ЖҰӨ-ң бөлігі болып табылады, ал еттің бағасы енгізілмейді. Мұның себебі, аралық өнімнің бағасы соңғы өнімнің бағасына кіргізіліп қойылған.
Сондықтан экономикадағы барлық шығарылған өнімдер 2-ге бөлінеді:

  1. ақырғы өнім- бұл дайын, аяқталған күйдегі алынатын және әрі қарай аралық тұтынуға пайдаланыла алмайтын өнімдер (кітап, теледидар, тігін машинасы және т.б.);

  2. аралық өнім- бұл әрі қарай өңдеу немесе қайта өңдеу үшін пайдалануы мүмкін өндіріс стадиясының құрамдас бөлігі болып табылады (қағаз, микросхема, ине және т.б.)

Үшінші тәсіл. ЖҰӨ- ді есептеудің үшінші әдісі экономикадағы барлық табыс түрлерінің жиынтығымен, негізгі капиталдың тозуының жиынтығымен, негізгі капиталдың тозуының құны, жанама салықтарға негізделген. Бұл әдістің құрамы мынадай:

    • еңбекақы мен сыйақы;

    • кәсіпорындардың табысы;

    • қозғалмайтын мүлік иелерінің алатын ренталық табыстар;

    • корпорацияның өз қызметкерлеріне төлемнен кейін қалатын пайдасы;

    • таза рента.

ЖҰӨ= пайда+ рента+ жалақы+ пайыз
Жоғарыда аталған барлық әдістер- елдің ұлттық валютасында бейнеленеді. Сонымен бірге ЖҰӨ жан басына шаққанда есептеледі, яғни өндірілген өнімнің 1 адамға шаққандағы құны анықталады. Ол үшін белгілі бір жылдағы ЖҰӨ-ді осы жылдағы халық санына бөлу керек.
Мысалы, 1999 жылы елдің ЖҰӨ = 1000$, ал халық саны= 100 адам болса, онда жан басына шаққандағы ЖҰӨ 10 $ тең болады.
Жан басына шаққандағы ЖҰӨ елдің халқының тұрмыс деңгейі мен даму деңгейінің дәрежесі көрсетеді.
3. Макроэкономикалық саясат — экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті.
Макроэкономикалық саясат саласында салық, бюджет және ақша-кредит жүйелерін реформалау жолымен бірқатар міндеттерді шешу алда тұр.
Соңғы жылдары Қазақстан экономикасының дамуына әсер ететін сыртқы факторлар едәуір өзгерді. Бұл, бірінші кезекте, мұнай экспортының өсуінің жоғары қарқынына және мұнайға, газ бен металға әлемдік бағаның ұлғаюына, евроға шаққанда доллардың айырбас бағамы қатынасының өзгеруіне, шетелдік капиталдың едәуір ағынына байланысты.
Осы факторлардың барлығы макроэкономикалық теңгерімнің бұзылуына едәуір қатер төндіреді, өйткені инфляцияның өсу, теңгенің айырбас бағамының шамадан тыс нығаю, экономиканың шикізат емес секторларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеу және экономиканың «қызып кету» қаупі күшеюде.
Осы жағдайда макроэкономикалық саясат инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге, теңгенің айырбас бағамына қатысты икемді саясат жүргізуге, мемлекеттік шығыстар саясатын шектеуге және бюджеттің мұнайдан болмайтын тапшылықты төмендетуге, бизнесті дамытуды салықтық ынталандыруға бағытталуға тиіс.
Үкімет пен Ұлттық Банк фискальдық және ақша-кредит саясатының келісілген түрде жүргізілуіне жұмыс істейтін болады.
Үкіметтің экономикалық саясаты елдегі экономикалық өсуді көбінесе еңбек өнімділігін арттыру есебінен ынталандыруға бағытталған.
Макроэкономикалық теңгерімді сақтау мақсатында, сондай-ақ мұнай байлықтарын неғұрлым тиімді пайдалану үшін мұнай мен газ өндіруді өсіру қарқынына қатысты ұзақ мерзімді перспективаға арналған оңтайлы саясат әзірленетін болады.
Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:
ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;
инфляция мен инфляция қарсы саясат;
экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;
экономикалық дамудың циклдары;
ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет