Бекітуге арналған сұрақтар
1. Капиталдың ауыспалы айнымалы
2.Негізгі капитал дегеніміз не және оған не жатады?
3.Айнымалы капитал дегеніміз не және оған не жатады?
4.Негізгі капиталдың тозуы
5.Тұрақты шығындар
6.Айнымалы шығындар
7.Шекті шығындар
Қолданылатын негізгі әдебиеттер:
Менкью.Г., Тейлор, М. «Экономикс». 4 - Халықаралық басылымы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл.- 848 б
2 Куратко, Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика - 10-шы басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 480 б.
3 Шваб К. Төртінші индустриялық революция.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 200 б.
4 Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 768 б.
5 Хилл, Ч.Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. - 12-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 720 б.
6 Бове, К. Қазіргі бизнес-коммуникация .- 14-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 736 б.
Дәріс Ұлттық экономика жүйе ретінде
1.Макроэкономикалық көрсеткіштерге жалпы сипаттама
2. ЖҰӨ-ді есептеу әдістері
3. ҚР-ның макроэкономикалық саясаты
Дәріс мақсаты: Макроэкономиканың қалыптасу заңдалықтары мен макроэкономикалық қайшылықтардың туу себебін түсіндіре отырып, оның зардаптарын азайтудың жолдарын қарастыратын модельдерді терең талдау жасау.
Негізгі сөздер: Жалпы ішкі өнім, Жалпы ұлттық өнім, Жеке табыс,Жиынтық сұраныс; Жиынтық ұсыныс, ЖҰӨ-нің дефляторы, Қолда қалған табыс,Таза ұлттық өнім, Тұтыну бағаларының индекс, Ұлттық есеп жүйесі, Ұлттық табыс
1. Макроэкономикалық теориядағы ортылық орында шаруашылық қызметінің экономикалық нәтижелерін жинақталған күйде бейнелейтін статистикалық көрсеткіштер алады. Әрбір пән, оның ішінде макроэкономика, экономикалық жалпы ахуалын ғылыми зерттеуге қажетті арнайы анықтамалардың кең көлемін қарастырады. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер:
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ);
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ);
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ);
Ұлттық табыс (ҰТ);
Жеке және орналастырылған табыс;
Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) және т.б.
Жалпы ұлттық өнім – елде жыл бойына өндірілген дайын тауарлар мен қызметтердің қосылған нарықтық құны болып табылады.
Жалпы ішкі өнім – елдің өзінің ішінде және сол елдің өндіріс факторларын қолдана отырып өндірген өнімдері.
ЖҰӨ және ЖІӨ арасындағы айырмашылық: ЖҰӨ- ұлттық кәсіпорындардың шет елде немесе ел территориясында орналасқандығына қарамастан, сол кәсіпорындардың өнімдерін қосады, ал ЖІӨ өзіне ел территориясында орналасқан кәсіпорындардың өндірген өнімдерін қосады.
Келесі макроэкономикалық көрсеткіш таза ұлттық өнім (ТҰӨ).
ТҰӨ= ЖҰӨ- амортизациялық шығарылымдар немесе негізгі капиталдың тозуы
Ұлттық есеп жүйесінде капиталдың тозу құны амортизациялық шығындар деп аталады.
Өндірістік процесте ғимараттар, станоктар тозады, оларды қалыпқа келтіру үшін капитал салымдары қажет. Сондықтан да, таза ұлттық өнім- бұл ұлттық экономикалық салаларының шаруашылық қызметінің нақты немесе таза нәтижесін бейнелейтін көрсеткіш.
Келесі макроэкономикалық көрсеткіш- ұлттық табыс.
ҰТ= ТҰӨ- жанама салықтар
Бұл салықтарға ақциздер мен саудаға салынатын салықтар қосындысы жатады. Олай болса, ұлттық табыс- бұл өндіріс факторының иесінің экономикада алатын жиынтық табысы. Мысалы, дүкенде 1 литр сүт 70 теңге алады.
Ұлттық табыстан жеке және орналастырылған табыс алуға болады.
Жеке табыс= ҰТ- корпорация пайдасы, әлеуметтік трансфертік төлемдер, процент түрінде жеке табыс
Мемлекеттік салықтық төлемдер төлеу нәтижесінде ұлттық табыстың барлығы үй шаруашылығына түспейді, сондықтан да, орналастырылған табыс бұл жанұяның тікелей шығындарына тиесілі табыс, яғни
Орналастырылған табыс= Жеке табыс- жеке салықтық және салықтық емес төлемдер
Өз кезегінде орналастырылған табыс тұтыну және қор жиналымы болып екіге бөлінеді.
2. Макроэкономикада ЖҰӨ- ді өлшеудің бірнеше тәсілдері бар, олардың өзіндік ерекшеліктері бар, алайда, алынған ақырғы нәтижелері өзара тең болады. Бұл есептеулер мынандай құрамынан тұрады:
Бірінші тәсіл үй шаруашылығының тұтыну үшін, мемлекеттік органдарға, инвестициялық салымдар мен таза экспортқа өндірілген барлық өнімдердің қосындысын қарастырады:
GNP= C+ G+ I+ Nx
Достарыңызбен бөлісу: |