Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі



бет13/42
Дата26.09.2022
өлшемі1.34 Mb.
#461358
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
oak ekteoriya (1)

Дәріс мақсаты – Экономикалық теория, саяси экономия және экономика ұғымдарының өзара байланыстығын. Экономикалық теория курсының (логикасы) және құрылымы. Экономикалың теорияның пәнін, әдістерін, қызметтерін қарастыру, оның Қазақстанда нарықтық жүйенің қалыптасуындағы және дамуындағы рөлін көрсетун


Негізгі сөздер – Экономикалық теория, Меркантилизм, Физиократизм , Институционализм, Кейнсиандық мектеп, Классикалық саяси экономия, Маржинализм, Неолассикалық теория, Экономикалық заңдылықтар, Экономикалық игіліктер, Экономикалық қажеттіліктер, Экономикалық категориялар, Экономикалық теорияны зерттеу әдістері.


1. Экономикалық ғылым - ең ертедегi ғылымдардың бiрi. Алғаш рет экономия терминi бiздің дәуiрiмiзге дейiн ертедегi грек ойшылдары Ксенофонт және Аристотель еңбектерiнде пайда болды.
Экономикалық ой-пiкiрлердiң ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы, сауда, өнеркәсiп капиталының дами бастауына байланысты болады. Бұл кезең Еуропада XVI-XVII ғасырларда, Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң, ал Қазақстанда XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында дамыды.
Экономика сөзi гректiң "oikonomia" - үй шаруашылығымен айналысу деген сөзiнен шықан. Бiрақ қазiргi кезде ол кең мағыналы ұғым. Оны мына төмендегi анықтамалардан көруге болады:

Экономика
1

Қоғамның шаруашылық негiзi мен өндiрiстiң даму тарихы туралы ғылым

2

Шаруашылықты тиiмдi жүргiзу заңдары мен жүргiзушi тұлғалар әрекетi

3

Шектеулi материалдық игiлiктердi өндiру, бөлу, айырбастау, тұтыну кезiндегi адамдар арасындағы қалыптасатын қоғамдық қатынастарды зерттейдi

4

Адам, оның қажеттiлiгi мен мүддесi, қоғамдық табиғаттың, материалдық обьектiлерiмен субьектiлерiне қатынасын зерттейдi

Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.
Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVI­XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.
Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.
«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.
Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.
а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.
б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.
Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.
Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.
Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.
2. Сонымен, жоғарыдан көрiп отырғанымыздай, экономикалық теория - адамзат қоғамының шаруашылықты жүргiзу үдерiсiн зерттейтiн ғылым. Экономикалық теорияның зерттейтiн негiзгi деңгейлерi мыналар:


Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:



  1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.

  2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.

  3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.

  4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.

  5. Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет