Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Бекітуге арналған сұрақтар



бет19/42
Дата26.09.2022
өлшемі1.34 Mb.
#461358
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
oak ekteoriya (1)

Бекітуге арналған сұрақтар

1.Натуралды шаруашылықтың пайда болуы мен белгілері


2. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы мен белгілері
3.Натуралды шаруашылық пен тауарлы шаруашылықтың ұқсастығы мен айырмашылығы
4. Тауар және оның қасиеттері
5. Тауарға сіңген еңбектің екі жақты сипаты
6. Ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметтері
7. Ақшаның қалыптасуындағы теориялық тұжырымдар


Қолданылатын негізгі әдебиеттер:

  1. Менкью.Г., Тейлор, М. «Экономикс». 4 - Халықаралық басылымы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл.- 848 б

2 Куратко, Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика - 10-шы басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 480 б.
3 Шваб К. Төртінші индустриялық революция.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 200 б.
4 Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 768 б.
5 Хилл, Ч.Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. - 12-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 720 б.
6 Бове, К. Қазіргі бизнес-коммуникация .- 14-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 736 б.



  1. Дәріс Кәсіпкерлік: эволюциялық даму-революциялық әсер

1.1 Кәсіпкерлік қызметтің пайда болуы мен қалыптасуы


1.2 .Кәсіпкерліктің мәні мен негізгі белгілері. Кәсіпкерліктің түрлері мен ұйымдастыру-құқықтық нысандары


Дәріс мақсаты: Студенттерде кәсіпкерліктің негізгі экономикалық жағдайын, кәсіпкерлік қабілет, тәуекелділік, кәсіпкерліктің түрлері, Кәсіпорындардың негізгі формалары, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы жайлы түсіндіру
Негізгі сөздер: белсенділік, кәсіпкер; кәсіпорын, өндірістік кәсіпкерлік, коммерциялық кәсіпкерлік, қаржылық кәсіпкерлік.


1. Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.

  1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

  2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытынайқындайды.

  3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей –тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді). Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Қазақстан республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму негізін қалау 1992 жылдан бастап бірқатар заңдар мен актілерге енгізілген: «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» (1992 ж.), «Жеке кәсіпкерлік туралы» (1997 ж.), «2001-2002 ж.ж. бағытталған мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы». Қазақстан республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлерліктің жандандыру мен мемлекеттік қолдауын күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың 6 наурызындағы қаулысының үлкен ролі бар.
2. Кәсіпкерліктің түрлері

  1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.

  2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

  3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.

  4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.

Ұжымдық – құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктектер – адамдардың бірлетігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленгенмөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады.
Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады.
Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.
Акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арсында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олрадың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік үлестерін біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет