Мәтіндік тапсырмалар бақылау сатысында ғана қолданылмайды, сонымен қатар ағымдық салада тақырыпқа,сабаққа кіріспе сатысында, оқушылардың білімін тексеру кезінде, аттестациялық тесттілеуге дайындық кезінде қолданылады.Тесттік тапсырмамен жұмыс оқу материалымен тағы бір рет жұмыс істеуге ынталандырады.
Тесттің өткізу уақыты 20 – 30 мин (сыныптың дайындық деңгейіне байланысты).
Тәжірибелік сабақ 6.
Тақырыбы: «АКТ-ы негізінде білім жалпылау және жүйелеу»
Дидактикалық мақсаты: зерттеушілік.
Ұйымдастыру тәсілдері: тәжірибелік.
Оқыту әдістері мен технологиясы: кітаппен жұмыс (тақырыптық тезаурус құру, ой матрицалары), оқу дискуссиясы, іздеу жаттығулар, пікірлеу.
Оқу құралы:оқу-әдістемелік және арнайы әдебиеттер, программалық құрал.
Студенттерді алдын-ала дайындау: жүйелі методологиялық принциптерді оқып 6.2 кестесін толтыру; кесте 6.1; информатиканың базалық курсы оқу әдебиеттеріне логикалық-мазмұнды талдау жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |