Лекция№10: Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайлары.
Жоспар;
Мемлекеттік органдардың қызметкерлер құрамы және штаттары.
Мемлекеттік қызметтердің жіктелуі.
Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың кепілдіктері.
Лекцияның мәтіні
1.Мемлекеттік органдардың штаты және жеке құрамы.
Штат түсінігі мемлекеттік орган түсінігі құрамының айрылмас бөлігі. Бұл тақырыпта мынадай терминдер мен ұжымдар кездеседі: “штаттар” ”штаттық кестелер” , “штаттық белгілері”, ”жеке құрам”, “штаттан тыс қызметкерлер” және т.б.
Штат - өзіне ұйым қызметшілерінің тұрақты құрамын қамтиды. Штатық (кесте) персоналға белгілі бір кәсіпорында сыйыстыру немесе бірлескен түрде жұмыс істейтін тұлғалар жатады. Штаттық кесте немесе күнтүзбе бұл тұрақты қызметшілердің бірқатар қызметтермен бос орындары, қызметтік төлем мөлшері көрсетілген қызметтік атаулар тізбесі жоғарғы тұрған органдармен басшылар тарапынан бекітілетін құжаттар. Мемлекеттік органдардың штаты мен құрлымына сәйкес қызметшілердің 3 түрін бөлуге болады:
Көмекші құрамы.
Көмекшінің қызмет түрі еңбек сипатына қарай:
Басшылар мамандар және техникалық орындаушылар болып бөлінеді.
2. Мемлекеттік қызметтердің жіктелуі.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдардың құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. 1. Саяси лауазымдарға:
ҚР Призденті дайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасары;
- ҚР Парламентінің палаталары және оның төрағалары, тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
- Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілеті болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;
- Орталық атқарушы органдармен ведомстваларды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады;
- ҚР жоғарғы Сотының аппаратын басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары жатады;
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымының санаттар бойынша тізілімін уәкілетті органдар ұсыныуы бойынша ҚР Президенті бекітеді.
Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметі реестрі (тіркемесі) №31 29.12.1999ж. шыққан ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген. Оларға жататындар: Премьер Министрдің концеляриясының басшысы, оның бірінші орынбасары мен басқада орынбасарлары; Министрлер, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары (ішкі істер министрі және қорғаныс минстрімен олардың орынбасарларынан басқа); Ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша Президент көмекшісі - мемлекеттің қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы; Констутциялық Кеңес төрағасы мен мүшелері; Президентке тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары және орынбасарлары (ҚР Бас Прокуратурасын Ұлттық қауіпсіздік комитеті Республика Президенті мен Республикалық гвардияның күзет қызметін қоспағанда) орталық сайлау комиссиясы Төрағасы, Төраға орынбасары хатшылары мен мүшелері; Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасайтын Республиканың есеп комитеттерін Төрағасымен орынбасарлары, мүшелері; Бағалы қағаздар жөніндегі Республиканың Ұлттық Комиссия Төрағасымен мен атқарушы директорлары Республикалық лауазымы бар қалалар, облыс әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасары; ҚР төтенше жағдайлар елшісі мен құзыреті елшілері; Республика Президентінің кеңесшілері: Республика Президентінің концелярия меңгерушісі мен оның орынбасарлары Республика Приздентінің арнайы өкілдері т.б. лауазым иелері кіреді.
Әкімшілік Мемлекеттік қызметшілердің саяси қызметшілерден айырмашылығы олар мемлекеттік органдарда қызметтік құзыретін тұрақты кәсіпқойлық (профессиональной) негізде жүзеге асырады. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер категорияларға бөлінеді. Категориянаң А, В, С, Д, Е деген топтары болады. А тобына – Республика Приздентінің Әкімшілігі (администрация) қызметі кіреді: В тобына – Парламент Палата апараттарының, Премьер Министр Концеляриясы, Жоғарғы сот аппараты, ҚР Концеляриялық Кеңесімен Президент істерін басқару аппараты қызметі кіреді: С тобына – Республика Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық атқарушы органдар (оған қоса Үкімет құрамына кірмейтіндері де) және аумақтық аймақтық ведмоствалар қызметтері кіреді: Д тобына – облыс әкімі аппараты, сондай – ақ аудандық және облыстық, ауданық соттар аппараты қызметтері кіреді: Е тобына – жергілікті атқарушы органдар қызметтері кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |