43
ІІІ Тарау. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы және жыныс
генетикасы
Мақсаты:
жыныстық
тіркескен
белгілердің
тұқым
қуалау
заңдылықтарымен танысу.
Материал және жабдықтар: ауыл шаруашылық малдарының
кариотипіне, жыныстың хромосомалық анықталуына және жыныстық
тіркескен белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары
арналған муляждар мен
кестелер.
Ағзаның белгілері ген қасиеттерінің жиынтығы - жыныс арқылы ұрпақ
өрбіп, тұқым қуалау арқылы нәсілдік хабар ұрпаққа беріледі. Ағзаның әр
-бір
қасиеті секілді жыныс та тұқым қуалау арқылы детерминацияланады яғни
анықталады. Жыныс айырмашылығының шығу тегі жыныстық көбеюмен
тығыз байланысты. Осының арқасында бір ағзада 2 түрлі
нәсілдік
бастаманың аналық және аталықтың жіктелуіне тіреледі. Жыныстық көбеюге
партогенез («партенос»
- ер көрмеген қыз, «генез»
- жұмыртқа жасушасының
ұрықтанбай дамуы) жолмен көбею жатады. Жыныстық көбею барлық
ағзаларға тән тек бактериялар мен көк жасыл балдырларда ғана болмайды.
Жыныстық көбеюдің есебінен табиғи сұрыпталудың бақылауымен түр өзінің
тұқым қуалау қорына пайдалы гендер үйлесімін жинақтайды.
Жыныс - жыныстық жолмен көбеюіне байланысты ағзаның
морфологиялық
және
физиологиялық
ерекшеліктері.
Ағзалардың
эволюциялық даму жолында жыныстық көбею үдерісі
жыныссыз көбеюден
дамыған. Мысалы, копуляция мен конъюгация кезінде морфологиялық
құрылысы бірдей ағзалар қосылады. Жаңа ағза бір-біріне ұқсас емес екі түрлі
гаметаның қосылуынан дамитын болғандықтан,
аталық және аналық
жыныспен ажыратылады. Көп жасушалы ағзада аталық, аналық бір ағзада
гермафродит (грекше «гермафродитос»
- қос жынысты) не
екі бөлек ағзада
(дара жынысты) дамиды. Жыныстың жіктелуі ген қасиетіне байланысты.
Жыныстың генетикалық жіктелуінде және жыныстардың заңдылық
қатынасын сақтауда хромосомалық аппарат аса маңызды қызмет атқарады.
Жыныстың жіктелуі өсіп өнудің әр түрлі кезеңдерінде болуы мүмкін.
Жыныс детерминациясын негізгі үш түрге бөледі:
1. Эпигамдық грекше эпи - кейін, гамос - неке - жыныстық
ағзаның өсіп
дамуы онтогенез үдерісінде жіктелуі. Бұл жағдайда жыныстың анықталуы
көбінесе қоршаған ортаға тәуелді.
2. Прогамдық гаметогенезбен сәйкес - жыныс жіктелуі ата - аналардың
гаметогенезі кезінде анықталады.
3. Сингамдық грекше син - бірге - болашақ ұрпақтың жынысы
гаметалар қосылған кезде анықталады. бұл
жыныс детерминациясының ең
көп тараған түрі болғандықтан жануарлардың барлығына тән қасиет.