Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет40/82
Дата16.01.2023
өлшемі2.82 Mb.
#468438
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82
Мал шаруашылығының асылдандыру жұмыстарын орындау

Транскрипция (көшіру) – генетикалық ақпараттың ДНҚ-дан РНҚ-ға 
ауысу үдерісі. РНК-ның барлық түрі - иРНК,рРНК және тРНК - негіздерінің 
орналасуына байланысты ДНҚ молекуласында түзіледі. ДНҚ - матрица 
қызметін атқарады. Транскрипция ДНҚ-ның тек бір тізбегінде ғана 5-
бағытында жүреді. Ал транскрипция қалай аяқталады?
Терминация (тізбектің өсуінің тоқталуы) – РНК тізбегінің одан әрі өсуі 
ДНҚ-ның терминатор деп аталатын бөлігінде тоқталады. Ген тізбегінің 
соңында палиндром деген ДНҚ өсіндісі болады. Палиндром ДНҚ-ның 
тізбегінде жиі кездесіп тұратын құрылым, негізінен ГЦ жұбына өте бай. Егер 
ДНҚ-ның бір тізбегігің белгілі бір жерінің екі жағы бір-біріне 
комплементарлы болса, олар бір-бірімен шиыршық құрайды. Ол спираль 
ДНҚ-ның бағытына перпендикуляр орналасқан, бүйірден шығып тұратын қос 
тізбек. Екі тізбектен де осындай өсінді пайда болатындықтан палиндром 
пайда болған жер крест тәрізді формаға ие болады. Осы палиндромдар ДНҚ-
ның ақуыздарымен байланысатын орны болып табылады.
Міне, геннің соңында орналасқан палиндромға ерекше ақуыз жалғасып, 
ол РНҚ-полимерзаны ДНҚ-тізбегінен шығарып жібереді. Эукариоттарда 
транскрипцияға үш түрлі ДНҚ-ға тәуелді РНҚ-полимерзалар қатысады. 1-
полимераза ядрошықта болады да рРНҚ түзілуінің катализаторы ретінде 
жұмыс жасайды. Көп жасушалы ағзалардың кейбір гендерінің құрылысын, 
оған сәйкес иРНК-лармен салыстырып зерттеу нәтижесінде олардың 
гендерінің ішінде көптеген артық ДНҚ бөліктерінің бар екендігін 
анықталады. Зерттеулер геннің ішінде 10-нан 2000-ға дейін нуклеотидтен 
тұратын қажетсіз тізбектердің болатынын дәлелдеген. Алғаш геннің барлық 
ұзындығына сәйкес келетін иРНҚ жасалды. Оны про-иРНҚ деп атайды. Про - 
иРНҚ - дан арнаулы ферменттердің көмегімен артық нуклеотид тізбектері 
бөлініп тасталады да қалған бөліктері бір-бірімен жалғанады. Осылай дайын 
иРНК пайда болады. Осы үдерісті сплайсинг деп атайды. Про-иРНК-дан 
алынып тасталған бөліктерін интрон,ал ақуызды синтездеуге қажет қалған 
бөліктерін экзон дейді. Ядро болатын шағын молекулалы РНК-лар 
мпилайсингті жүргізетін ферменттерге көмектесіп, ерекше коферменттер 


61 
рөлін атқарады. Дәл осы РНК-лар экзондардың ұшы болып есептелетін 
проиРНК тізбегінің ішіндегі бөліктерін бір - бірімен жақындастырып ұстап 
тұрады. Сол кезде фермент интронды «алып» тастап, экзондарды бір
бірімен жалғайды. Про - иРНК ешбір ферменттің көмегінсіз - ақ өз - өзіне 
сплайсинг жүргізе алатындығы кейін дәлелденді. Плазмидадағы геннен 
көшіріліп алынған про - иРНК бактерия жасушасында кәдімгі иРНК - ға 
айналады, себебі оның интрондары алынып тасталады. Сөйтіп, бактерия 
жасушасында сплайсинг жүргізетін ферменттер болмағандықтан про - иРНК 
өздігінен иРНК - ға айналады. Яғни, РНК ферменттік қасиет те көрсете 
алатын болып шықты. Осындай өзіне өзі ферменттік катализ жүргізетін про - 
иРНК - ға рибозим деген атау берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет