76
VІ Тарау. Өзгергіштік және онтогенездің генетикалық негізі
Мақсаты: тұқым қуалайтын өзгергіштікті селекциялық мақсатқа
пайдалануды үйрену
Материал және жабдықтар: өзгергіштікті бейнелейтін баннерлер,
муляждар, плакаттар, кестелер, суреттер, калькулятор.
6.1. Ағзалар өзгергіштігі және оны зерттеу әдістері.
Әрбір ағза өз ата-аналарында алған
дайын гендер жиынтығымен
туатыны белгілі. Бірақ тұқым қуалау қасиетімен бірге ағзаға өзгергіштік
қасиеті де барады. Өзгергіштік барлық тіршілік өкілдеріне тән қасиет.
Ағзалардың өзгергіштік қасиеті негізінде жануарлардың, өсімдіктердің және
микроорганизмдердің жаңа тұқымдарын алуға болады.
Өзгергіштік дегеніміз - жаңа белгілерге ие
болу немесе бұрынғы
белгілерінен айырылу қасиетін айтады. Ол бір тұқымның алуан түрлілігінен
көрінеді. Өзгергіштік тірі ағзалардың тұқым қуалаушылық қасиетімен тең
басты ерекшеліктерінің бірі. Ол тірі табиғаттың эволюцияның негізгі
қозғаушы күштерінің бірі болып табылады.
Өзгергіштіктің үлкен биологиялық маңызы туралы алғашқы жүйелі
пікір айтқан Ч. Дарвин болды. Ол
тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және
сұрыптау (табиғи немесе қолдан сұрыптау) органикалық дүние
эволюциясының негізгі үш қозғаушы күші екенін толық дәлелдейді.
Негізінен өзгергіштіктің екі түрін айырады –
айқын өзгергіштік жеке
ағзаның (индивидтердің) бір тобы екіншісінен белгілі бір айқын себептердің
әсер етуінің салдарынан пайда болады.
Белгісіз өзгергіштік – тек қана
жекелеген индивидтерге тән бір
-бірінен айырмашылықтар болатындығы.
Дарвиннің пікірі бойынша осындай жеке
ағзалардың арасындағы ұсақ
айырмашылықтар табиғи және жасанды сұрыптауға материал береді.
Сонымен қатар Дарвин өзара байланысты (коррелятивті) өзгергіштікке үлкен
мән берген. Бұл байланыстар ағзадағы белгілердің өсіп
-өнуі барысындағы
өзара әрекеттесудің нәтижесінде пайда болады.
Дегенімен, егер популяция аралық айырмашылық
олардың тұқымдық
ерекшеліктеріне байланысты болса, онда ол келешек ұрпаққа тарайды, яғни
тұқым қуалайды. Егер айырмашылық сыртқы ортаның әсерінен
(азықтандыру, күту т.б.) болса, онда осы себептердің әсері тоқталғаннан
кейін ол
айырмашылықтар да тоқталады, яғни тұқым қуаламайды.
Сондықтан қазіргі көзқарас бойынша өзгергіштікті тұқым қуалайтын және
тұқым қуаламайтын болып екі жікке бөледі.
Тұқым қуатын өзгергіштік дегеніміз нәсілдік қасиеттердің әсерінен
(күшінен) туған, ұрпаққа берілетін, малдар мен өсімдіктердің жеке өмірімен
ғана шектелген өзгергіштікті айтады.
Достарыңызбен бөлісу: