Казіргі кезде ТМД жəне шетелдерде сырғымалы қалыппен темір бетондық конструкцияларды бетондау кеңінен қолданы- лады. Сырғымалы қалыппен элеваторларды, көп қабатты көп- шілік жəне тұрғын үйлерді, мұржаларды, мұнараларды, маяктар- ды жəне т.с.с. құрылыстарды бетондап салады.
Сырғымалы (жылжымалы) қалыппен бетондауда, қалыптағы бетон кепкен сайын оны бүтін, жоғары, үздіксіз жылжытылып отырады. Ол үшін қалыпты ұстап тұратын арнаулы жабдықтар- дың керегі болмайды, олардың орнын ғимарат немесе құрылыс- тың біртіндеп, жоғарылап отыратын, өз қабырғалары ауыс- тырады. Қалыптарды ғимарат немесе құрылыс қабырғасына бетондалған тік стерженьге тірелген бұрандалы немесе гидра- вликалық домкраттардың көмегімен көтеріп отырады. Сырғы- малы қалыптың құрылыс тəсімі 161-суретте берілген.
Биіктігі 110 – 120 см екі тақтайлы немесе металл қабырғалы қалыпқа (7) бетон қоспаны құяды (салады); қабырғаларын бір- бірімен жоғары жəне төменгі айналмалы құрылғымен (кру- жалаларымен) (5) жалғастырады. П əрпі тəріздес металл рамадан (4), стерженьдері (2) жəне буксалары (1) бар домкратты қондырғы, қалып периметрімен əр 1,5 – 2 метр сайын орналасқан. Домкраттар
арқылы жұмыс еденінен барлық салмақ, қалыптың өз салмағы жəне үйкеліс күші домкраттар стерженіне түседі. Жұмыс еденінің конструкциясы тұрақтан (3) жəне қырынан қойылған демеуші балкалардан (2) тұрады. Жұмыс еденінен бастап арматураны, бетонды салып қалыпты көтереді. Бетон қабырғасын əрілеу үшін домкрат рамасына астыңғы тұрақты (8) іледі.
Қалып қабырғасын көтеру кезіндегі үйкелісті азайту үшін, қабырғаларын бір-біріне қарай еңкейтіп, биіктігі бойынша 0,5
– 0,8 % конус сияқты түрге келтіреді. Мұнда бетон қабырғасы- ның қалыңдығы 15 – 20 см жəне қалып биіктігі 110 – 120 см,
сызықтық өлшемде 6 –10 мм құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |