162-сурет. Сырғымалы қалыптың құрылыс тəсімі
1 – букслары (стерженьге бұралатын тетік); 2 – стержень; 3 – тұрақ; 4 – рама; 5 – бұрыла жапқыш қондырғы (кружала); 6 – балкалар;
7 – қалыптар; 8 – астыңғы тұрақ
Жылжымалы қалыпты жайлап, тең көтереді. Көтеру жыл- дамдығы бетонның қату мерзіміне жəне температураға байла- нысты болады. Ауысылым ішінде қалыңдығы 1,25 – 1,5 м жұқа қабырғалы, ал массивті қалың қабырғалы құрылыстың қабырғасын 2,8 – 3 м дейін көтеруге болады.
Жылжымалы қалыптың құрылысымен жəне оны сырғыта жылжыту əдістерімен таныса отырып, бұл жұмысты геодезиялық іспен қамтамасыз етудің кейбір ерекшеліктері бар екенін байқау- ға болады, сондықтан мұндай əдіспен ғимараттарды тұрғызу жұмыстарына жоғары талаптар қойылады. Сол ерекшеліктердің бірі – сырғымалы қалыптың орнын ауыстыру кезінде, жедел геодезиялық өлшеулер жүргізіп, нəтижесін өңдеп жəне де қа- лыптың орналасу жағдайына, жылжыту талаптарына өзгертулер енгізіп үлгеру керек.
163-сурет. Ғимараттың тік салынғандығын анықтау тəсімі
Жылжымалы қалыпты орнатуды қадалау жұмыстарын жүр- гізбестен бұрын астыңғы қабаттағы орындалған жұмыстарды түсіріп, тəсімін жасайды. Фундамент плитасының ең жоғарғы нүктесін нивелирлеу нəтижесі арқылы анықтап, қалыптың табанын сол нүктеден 2-3 см жоғары орнатады.
Жылжымалы қалыптың бақылап отыратын элементтерінің бірі – жұмыс едені. Жұмыс еденінің қисықтығы қалыптың бір жағына ауысып, пішіні өзгеріп құрылыс қабырғасының өзгеруіне əкеліп соғуы мүмкін. Жұмыс едені құрылысы жағынан домкрат- пен жалғасқандықтан, жұмыс еденінің жазықтығын екі қайта нивелирлейді: бетон қоспасын құймастан бұрын жəне бір секция- сын бетондап болған соң. Нивелирлеу нəтижесін өңдеуді жеңіл- дету үшін арнаулы сантиметрлі бөлігі бар рейканы қолданады. Рейканы əр домкратқа қойып, шартты нөлдік деңгейден қай дом- краттың қанша жоғары немесе төмен екендігін анықтайды.
Қалыптың жоғары қарай тік жылжуын бақылау, əртүрлі əдіспен іске асуы мүмкін: арнаулы құрылысты жіпке ілінген тіктеуіш арқылы; теодолит пен тік проекциялау əдісімен жəне тік проекциялау жабдығы арқылы. Салынбақшы құрылыстың пішін- нобайына байланысты жоғарыдағы əдістің бірімен, ғимарат қа- бырғасының тіктігін бақылап отырады.
Мысалы, пландағы нобайы тік бұрышты құрылыс үшін
(162-сурет), l1, l2, l3, жəне l4 теодолит орнататын нүктелерді таңдап, осы нүктелерден қалыптың барлық а1, b1; a2, b2; a3, b3 , c3; a4, b4 c4 тірек кронштейндері көрініп тұрғандығын қадағалайды. Əрі қарай Р1, Р2, Р3 жəне Р4 төрт бағдарлау нүктелерін таңдайды, бұл нүктелер ретінде, құрылыс біткенше сақталатын, жергілікті кез келген
құрылым нүктелерін алуға болады. Теодолитті кезегімен l1, l2, l3, жəне l4 нүктелерінің үстіне орнатып, a1, a2, a3 жəне a4 бұрыштарын бірнеше қайталау əдісімен өлшейді. Өлшенген бұрыштарды бастапқы берілімдер ретінде қабылдайды. Жылжымалы қалыпты кезекті тексеріс кезінде сол бұрыштарды өлшеп, бетондауды бастаған кездегі бастапқы шамаларымен салыстырып, қабырғаның тік немесе ауытқуы бар екендігін анықтайды. Кронштейндердің бұрыштық ауытқу шамаларын бастапқы жəне келесі өлшеулер нəтижесінің айырмасы ретінде табады. Əр кронштейннің тік жағдайынан ауытқу шамасын келесі формуламен есептеуге болады:
gi =
d D , (199)
мұндағы da – бұрыштық ауытқу шамасы, с;
D – теодолиттен кронштейндегі бағыттау нүктесіне дейінгі қашықтық;
r – 206 265 //.
Есептеу кезінде бағыттау сəулесінің ауысу мəнін есепке алып, орындалған жұмыстың тəсіміне түсіреді.
Жылжымалы қалыппен бетондау технологиясындағы ерекше мəн беретін, жұмыстардың бірі – домкраттарды түзету. Жылжы- малы қалыпты бетон-қоспаны құюға, əрі қарай жұмыс істеу май- данымен қамтамасыз етілген жəне арматураны орнатуға болатын ең жоғарғы шамасына көтеріп алады да, домкраттарды түзетеді.
Жылжымалы қалыппен жұмыс істеуде, оны геодезиялық іспен екпінді қамтамасыз ету үшін, орындалған жұмысты түсіру бланк- терін дайындап алу керек жəне де сол таза бланкке домкраттарды əр қозғағандағы нақтылы биіктік шамаларын түсіріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |