Ұзынабойлық профиль дегеніміз – тік жазықтықпен қиылған қағаз бетіндегі жер беті қима бейнесі. Ұзынабойлық қима сызықтық инженерлік құрылыстарды жобалау кезіндегі негізгі ізденіс материалы болып саналады. Құрылыс алаңдарында ұзынабойлық қима, ішкі жəне жақын маңдағы авто жəне темір жолдарын, электр жəне байланыс желілерін, жер асты инженерлік құрылыстарын (су құбырларын, канализация, жылу тораптарын, кабельдік құрылымдар, т.т.) жобалау жəне оларды салу кездерінде қолданылады.
Ұзынабойлық профиль миллиметрлік қағазға бекеттік жəне плюстік нүктелердің биіктік шамалары, олардың арақашық- тықтары, сонымен бірге сол трассаның топографиялық түсірісі негізінде салынады.
Ұзынабойлық профильдің масштабы əртүрлі болады. Мыса- лы, магистральды темір жол үшін; жазық масштабы 1 см = 100 м (1:10 000), ал биіктік үшін (тік масштаб) 1 см = 10 м (1:1000); жал- пы авто жолдары үшін: жазық масштабы 1:5000, ал биіктік үшін 1:500.
Құрылыс алаңдарында сызықтық құрылымдары үшін, ұзына- бойлық профиль ірірек масштабта құрылады: жазық масштабы 1:500 - 1:5000 дейін жəне тік масштабы 1:50 – 1:500.
сурет. Канализацияның ұзынабойлық профильі
Əртүрлі масштабты қолданылатын себебі, трасса бойының ұсақ ойлы-қырлы жерлері жəне трасса бойындағы құрылымдар анық көрініп, көрнекі болуын арттырады. Үлгі үшін канализацияның бір бөлігі, 58-құдықпен А нүктесі арасындағы ұзынабойлық профилін қалай салатындығын қарастырып көрейік (57-сурет).
Миллиметрлік қағаздың төменгі жағынан жоғары қарай
6 – 7 см қалдырып, қара түсті, жуан емес сызық жүргізеді. Осы сызыққа параллель, əртүрлі енді жеті сызық сызады, бұл сызықтарға керекті жазулар жазылады.
1-жолаққа (строка), трассаның канализациялық коллекторға қай жерде қосылатыны көрсетілген құдықтың тəсімі салына- ды. 2-жолаққа, канализациялық құдықтардың типтері, яғни не- ден жасалғанына жəне жалғасу тəсіміне байланысты бір-бірінен конструкциялық ерекшеліктері көрсетіледі. 3-жолаққа канали- зация трассасының бекеттерін көрсетеді. Мұнда сонымен бірге қысқартылған («рубленные») бекеттер, яғни 100 м жетпейтін нүктелер көрсетілуі мүмкін. Мұндай бекетті профиль үстіне мас- штабсыз салады, себебі басқа бекеттердің орналасу реті өзгеріп кетеді. Дегенмен, профиль үстінде қысқа бекетке, бүтін бекет- тер сияқты 100 метрлік арақашықтық беріледі. Ал оның нақты ұзындығын профиль үстінде көрсетеді.
4-жолаққа, құдықтар арасындағы жəне айтулы нүктелердің қашықтықтарын көрсетеді. Бұл арақашықтардың қосындысы тексеріс ретінде 100 м тең болуы керек. 5-жолаққа, нивелирлеу нəтижесінде табылған жер бетінің биіктіктері («қара биіктіктер»), бекеттердің жəне плюстік нүктелердің биіктіктері өз тұстарына жазылады. Бұл биіктіктерді, нивелирлеу журналынан метрдің жүздік шамасына дейін дөңгелектеп көшіреді. Профильдің тік мас- штабында биіктіктерді салу үшін, əр бекет, əр плюстік нүктелері, сонымен бірге құдықтардың центрі арқылы ұзынабойлық профил- дің жазық сызықтарына перпендикуляр сызық жүргізеді. Мұнда соңғы сызықтан (шартты деңгей сызығынан) бастап, берілген тік масштабта, əр нүктенің биіктіктерін (5-жолақтағы) шаншып, белгілейді (немесе қаламмен). Əрі қарай осы нүктелерді қосса, трассаның профильі шығады. 6-жолаққа, жаңа канализациялық трассаны жобалау кезінде керекті немесе жұмыс істеп тұрған құбырдың профилін салу үшін, құбыр ішінің су ағар биіктігін (от- метка лотка трубы) жазып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |