Қазақстан республикасы білім


§9.6 Траншея типтес шұңқырдың жобалық нобайын жер бетіне түсіру



бет55/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   133
Геодезия кітабы

§9.6 Траншея типтес шұңқырдың жобалық нобайын жер бетіне түсіру


Жер қыртысының физикалық қасиеттеріне байланысты, тран- шея қабырғалары бекітілместен, тік немесе терең болса аздаған көлбеулікпен қазылады. Құрылым осьтері жер бетіне, алдағы

келтірілген əдістермен, амалдармен, аспалы желіге (обноскаға) белгіленеді. Аспалы желі дегеніміз – құрылымның сырт жақта- рына қағылатын бөрене мен тақтайлардан тұратын (66-сурет) желі тəріздес жабдықты айтады.
Жер бетіне құрылымның осін шығарғаннан кейін, осы осьтен 3 - 4 м жерге параллель сызықтарды жүргізеді. Осы сызықтардың үстінен 3 - 4 м сайын, ағаш бөренелерді орнататын белгі салады.



  1. сурет. Траншея типтес шұңқырдың жобалық нобайын жер бетіне түсіру тəсімі

Ұзындығы 3-4 м, жуандығы 15-20 см ағаш бөренелерді қатал түрде желі сызығының үстімен, 1,00-1,25 м тереңдікке орнатады. Бөренелердің ішкі жағына кесілген, қалыңдығы 40-50 мм тақтай қағады. Қағылған тақтайдың үстіңгі жағы жазық жазықтықта болуы керек. Осы орнатылған желінің үстіне салынбақшы құрылымның (шұңқыр траншеяның) осі салынады да, одан шұңқырдың қырлары өлшеніп белгіленеді.



  1. сурет. Траншеялық шұңқыр табанының биіктік шамаларын анықтау тəсімі

Жер бетінде тіктеуіштің көмегімен, қазықшалармен 1 1 жəне А – А осьтері бекітіледі (67-сурет). Осьтің оң жəне сол жағынан, шұңқырдың жарты еніне тең арақашықтықты өлшеп алады да, оларды қазықшалармен бекітіп белгілейді. a, b жəне a1 b1 қазықшалары арасына шұңқырдың қырларын көрсетіп тұратын жіп (шнур) тартып қояды.
Шұңқыр табанын тазалауды нивелирлеу əдістерін пайдалана отырып атқарады. Нивелирлік рейкаларды шұңқырдың əр осьтері қиылысқан тұстарға орнатады, бірақ нивелирленетін нүктелер- дің аралары 4 – 5 м кем болмағаны дұрыс. Терең шұңқырларда рейка ұзындығы бойламайды, сондықтан рейкаға ұзындығы бел- гілі қондырғы үстіне қояды немесе рейкаға тұрақты ұзындықты қолдан жасалған тақтай-рейка жалғап жұмысты атқарады. Тран- шеялық шұңқырдың пландық орналасу жағдайын, тартылған сым осьтеріне ілінген тіктеуіш араларын өлшеу арқылы іске асады.
2.1-кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет