Ќазаќстан Республикасы Білім єылым министрлігі


Екі сигналдық жүйенің функционалдық бірлігі



бет15/57
Дата07.03.2022
өлшемі1.2 Mb.
#456043
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Екі сигналдық жүйенің функционалдық бірлігі.
Адамның қалыптасу барысында екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйе негізінде, қоғамдық-еңбек нәтижесінде болды және біртіндеп өмірлік қатынастардың ең тұрақты, негізгі реттеушісіне айналды. Бірақ, бұдан 1-ші сигналдық жүйе енді 2-ші планға көшті дегенұғым тумауы тиіс. 2-ші сигналдық жүйе 1-шінің негізінде, сонымен байланысты болып қана қызмет атқара алады. Екі сигналдық жүйе әр уақытта функциионалдық бірлікте болады, сондықтан борлмысты толық және терең бейнелеуге мүмкіндігі бар. Павловтың айтуынша; “Адам болмысты ең алдымен бірінші сигналдық жүйе арқылы сезеді (қабылдайды), содан-соң екінші сигналдық жүйе арқылы сол болмыстың қожасына айналады (сөз, сөйлеу, ғылыми ойлау)”.
Сигналдық жүйелердің бірінде пайда болғаншартты байланыс екіншісінде де пайда бола алады. Мысалы: қызыл жарыққа жасалған шартты қимыл рефлекстерін қызыл жарықтың өзін көрсетпей, бірақ оның әсерінен сөзбен ауыстырса да алуға болады және керісінше. Осындай жүйенің бір-біріне байланысты қызмет атқарудың негізінде қозудың бір жүйеден екіншіге таңдап иррадиациялануы (таралуы) жатады. Таңдаудың шамасы мен дәрежесінен қарай екі сигналдық жүйенің бір-біріне әсері де түрліше болады.
Кейде адам шартты қимылрефлексін жасайды, ол туралы айтады да, бірақ тікелей тітіркендіргіштердің әсерінен жоққа шығарады. (“Баллонды бастым, неге екенін өзімде білмеймін”). Кейде адамның жауап реакциясы.
Бақылау сұрақтары:
1. ОЖЖ интеграциалаушы қызметіне сипаттама.
2. Екі сигналдық жүйенің функционалдық бірлігі.
3.Мидың жоғарғы бөлшектерінің өткізгіш жолдары.
Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
Әр түрлі омыртқалы жануарлардың ми сыңарларының дамуы.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:

  1. Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.

  2. Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.

  3. Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет