Ќазаќстан Республикасы Білім єылым министрлігі


Қолданылатын әдебиеттер тізімі



бет30/57
Дата07.03.2022
өлшемі1.2 Mb.
#456043
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:
1.Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.
2.Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.
3.Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж
Қосымша әдебиеттер:
4.Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.
5.Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.
6.Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.
7.Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.
8.Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.
15 Лекция


Лекцияның тақырыбы: Қан жүйесі


Лекцияның жоспары:
1.Қан жүйесі
2.Қан жүйесінің негізгі қызметтері.
3. Қан және лимфа, олардың организмде өмір процестерін қамтамасыз ету.
4.Қанның негізгі қызметі.
5.Қанның құрамы мен мөлшері.
Лекцияның мақсаты: Қан жүйесі мен таныстыру.
Лекцияның мазмұны: Бір торшалы қарапайым организмдер сыртқа ортадан өзіне қажетті заттарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал адам мен жоғары сатыдағы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды, ал торшалы сыртқы ортамен тікелей жанаспайды, арнаулы ішкі ортамен қоршалады. Ішкі ортаға қан, торшааралық (ұлпалық) сұйық және лимфа (сөл) жатады. Торша өзіне қажетті заттарды осы ортадан сіңіріп, қажетсіз заттарды сол ортаға бөледі. Бірақ қан тамырлардан шықпайды да, торшалармен тікелей жанаспайды. Организм торшалы қан құрамынан пайда болатын торшааралық сұйықпен ғана жанасады. Сол себепті қанды шартты түрде ғана организмнің ішкі ортасы, ал лимфа мен ұлпааралық сұйықты шын мәнісіндегі ішкі орта деп санайды.
Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа. Ол ұлпалық сұйық, лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасын құрайды, денеде көп қырлы қызмет атқарады, солардың арасында бастылары:

  • Қорғаныстық қызмет. Қанның ақ түйіршіктері фагоциттік белсенділік көрсетеді және лимфоциттер бөлген антиденелер бөгде заттарды жойып отырады;

  • Жылу реттеуші қызмет. Толассыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Қанның жәрдемімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді;

  • Байланыстырушы (коррелятивтік) қызмет. Әртүрлі мүшелер мен торшалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездері бөлген гормондарды тасымалдап, қан организм торшаларын, ұлпаларын мүшелерін өзара байланыстырады.

Қан әртүрлі торшалар жиынтығы болып табылады. Ол сұйық зат – плазмадан және қан түйіршіктерінен (торшаларынан): қызыл түйіршіктерден (эритроциттерден), ақ түйіршіктерден (лейкоциттерден) және қан табақшаларынан (тромбоциттерден) тұрады. Қанның жалпы мөлшерінің 55-60 процентін плазма, 40-50 процентін қан торшалары құрайды.
Дененің жалпы массасының шамамен 6-8 пайызы қаннан тұрады. Ересек адам организмінде 4,6-6 л қан болады. Қанның жалпы мөлшері жасқа, жынысқа, физиологиялық күйге т.б. байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа туған төлдерде, еркек және буаз малда қанның мөлшері көбірек, ал семіз малда –азырақ болады.
Плазманың құрамында 90-92 % су, 8-10% құрғақ зат болады. Құрғақ заттың 6-8% белоктардан тұрады. Плазма белогтары альбумин, глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді. Қан плазмасы құрамында несепнәр, зәр қышқылы, пурин негіздері, креатин, амин қышқылдары, аммияк сияқты белок алмасуының қалдық өнімдері болады. Бұл қосылыстарда қалдық азот деп атайды. Оның қандағы мөлшері белок алмасуының қарқынына, организмнің физиологиялық жағдайына байланысты өзгереді.
Плазма құрамында көмірсулар (глюкоза), липидтер және минералды заттар болады. Қан құрамындағы белоктарға пропердин мен ферменттер (амилаза, липаза, сілтілі фосфатаза, трансаминаза) де жатады. Пропердин вирус белоктарымен байланысып, оларды залалсыздандырад, бактерияларды өлтіреді, сондықтан ол кейбір ауруларға қарсы күресудің туа пайда болған факторы болып саналады.
Қанға ұйытпайтын зат қосып тұндырғанда бөлініп шыққан сары түсті сұйықты қан плазмасы деп атайды. Ал қан ұйығаннан кейін бөлінген оның сұйық бөлігін қан сарысуы деп атайды. Қан сарысуы құрамы мен қасиеттері жағынан плазмаға ұқсас, тек оның құрамында фибриноген белогы ғана болмайды.
Плазма белоктары әртүрлі маңызды қызмет атқарады. Оларға буферлік қасиет тән, сондықтан белоктар қанның рН-ын тұрақты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Белоктар қанға тұтқырлық қасиет беріп артериялардағы қысымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Олар онкостық қысым туғызып, қан құрамындағы су мөлшерінің тұрақтылығын сақтайды, қан мен ұлпа арасындағы судың алмасуын реттейді. Альбуминдер әртүрлі дәрі-дәрмек препараттарын, дәрмендәрілерді, гормондарды бояғыш заттарды (пигменттерді) тасымалдауға зор рөл атқарады. Глобулиндерден түрлі қорғағыш денелер түзіледі, сондықтан олар организм иммунитетін қалыптастырады. Фибриноген қанның ұю процесіне қатысады. Қан ұйыған кезде фибриногеннің физикалық қасиеттері өзгеріп, ол ерімейтін фибрин талшықтарын түзеді. Плазма белоктары ұлпа белоктарын құрау үшін пайдаланылады.
Плазмада альбуминдер глобулиндермен салыстырғанда екі есе көп болады. Альбуминдердің глобулинге қатынасын белок коэфициенті деп атайды.Альбуминдер мен фибриноген бауыр торшаларында,ал глобулиндер – тек бауырда ғана емес,көк бауырда,сүйек кемігінде,лимфа түйіндерінде түзіледі.
Қан түйіршіктерідеп қан құрамында кездесетін торшаларды айтады.Қанның құрамында үш түрлі торшалар болады.Олар эритроциттер (қызыл түйіршіктер), лейкоциттер (ақ түйіршіктер) және трмбоциттер (қан табақшалары).
Эритроциттер адам мен сүт қоректі жануарларда ядросыз, екі бүйірі қысыңқы, дөңгелек табақша пішіндес торшалар. Олардың негізгі қызметі оттегі мен көмір қышқыл газды тасымалдау, демек тыныс алу процесін қамтамасыз ету.Эритроциттердің негізгі қызметіолардың құрамында гемоглобиннің болуымен және пішін ерекшеліктерімен байланысты.
Адам қанының 1мм3 мөлшерінде 4,5-5 млн. Эритроциттер, ал мал қанының осындай мөлшерінде түлік түрінде байланысты олардың саны 6-9,5 млн.шамасында болады. Жеке эритроцит беткейінің ауданы 88-90 мкм2 болса, денедегі барлық эритроциттердің жалпы беткейінің ауданы адамда 3мың м2, сиырда – 13,5 мың, жылқыда – 15,0 мың, шошқада 4,3 мың м2.
Лейкоциттер – ақ түсті, ядролы, ірі торшалар. Олардың қандағы жалпы саны эритроциттер санынан 600-800 есе кем болады да, организмнің физиологиялық күйіне байланысты көп шамада айытқып отырады. Қабыну процесі, жұқпалы аурулар лейкоциттер санын көбейтеді.
Лейкоциттер түйіршікті және түйіршіксіз болып екі топқа бөлінеді. Түйіршікті лейкоциттерге базофилдер, эозинофилдер және нейтрофилдер, ал түйіршіксіз лейкоциттерге – моноцит және лимфоцит жатады.
Организмге лейкоциттер қорғағыш қызмет атқарады. Оларға фагоцитоз құбылысы тән және лейкоциттер әртүрлі қорғағыш денелер (антиденелер) түзуге, организмде бөгде белоктарды залалсыздандыруға қатысады.
Түйіршікті лейкоциттер сүйек кемігінде түзіледі. Моноциттер сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде және дәнекер ұлпаларда түзіледі. Лимфоциттер бастау торшалары сүйек кемігінде түзіліп, олардың бір тобы өзінгің даму процесін тимуста (Т-лимфоциттер), ал екінші тобы – лимфа тйіндерінде, Пейер шытырмасында, тұйық өсіндіде аяқтайды. Лимфоциттердің тіршілігі 20 және одан да көп жылдарға созылады, ал лейкоциттердің –басқа түрлерінің тіршілігі бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады.
Тромбоциттер – ядросыз, майда, нәзік, өте тез бұзылатын торшалар.Қанның 1мм3 мөлшеріндегі олардың саны – 200-400 мың, тіршілік мерзімінің ұзақтығы 2-5 күн. Олар сүйек кемігінде түзіліп, көк бауырда бұзылады. Бұл торшалар қанның ұю процесіне қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет