Гормондар әсер етуінің түрлері, жолдары және механизмдері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:
1.Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.
2.Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.
3.Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж
Қосымша әдебиеттер:
4.Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.
5.Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.
6.Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.
7.Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.
8.Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.
№ 14 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Жыныс бездері
Лекцияның жоспары:
Еркектің жынс бездері және олардың гормональдық қызметі.
Интерстициальды ұрық ткані және оның жыныс гормонын өндірудегі маңызы
Тестостерон,оның табиғаты және еркектің жыныс нышанына тигізетін әсері.
Сперматогенездің физиологиясы.
Лекцияның мақсаты: Студенттерге жыныс бездері мен таныстыру.
Лекцияның мазмұны: Жыныс бездері — гонадалар (грекше сөзіне — пайда болу, астеп — без) аралас сөлініс бездері болып есептеледі. Олардың сыртқы секрециялық қызметі — жыныс клеткаларын (гаметопиттерді) жасау және шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында сперматозоидтар, ал ұрғашы организмдегі аналық безде аналық клеткалары пісіп жетіледі. Демек, жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің бірі —
көбею немесе репродуктік қызмет. Сонымен қатар, бұдан кем түспейтін эндокринді қызмет атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс белтілерін ажыратуынан (диференциясынан) бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген процестерді реттейтін жынық гормондарын шығарады.
Организмнің көптеген репродуктік (көбею) қызметі жан-жақты 20-тарауда қарастырылған. Бұл бөлімде тек қана еркек пен әйел жыныс бездерінің гормондарына жалпы және олардың арнайы әсерлеріне мәлімет беріледі.
Еркек жыныс гормондары ұрық жолының интерстициалды тканьдерінің ерекше — Лейдиг клеткаларынан жасалады. Бұл гормондар андрогенді деп аталады (грек. Апсісөз— еркек). Нағыз еркек жыныс гормоны — тестостерон. Бұдан басқа да бұған қарағанда белсенділігі сәл темен гормондар бар — андростерон, эпитестостерон. Андрогенді гормондармен қатар, ұрық жолында аздап әйел жыныс гормоны — эстерогендер де жасалынып, бөлініп шығарылады.
Жыныс жұмыртқаларының негізгі құрылымы — фолликула (ла-тынша фониситиз— қапшықша, көпіршік), оның ішінде жұмыртқа клеткасы пісіп жетіледі. Пісіп жетілген фолликула граафты көпіршік деп аталады. Ол жарылғанда, одан жұмыртқа клеткасы шығады. Бұл — овуляция деп аталады. Жұмыртқа клеткасы жұмыртқа жолына — жатыр түтігіне, ұрықтанғаннан кейін жатырға түседі. Овуляциядан кейін фолликула клеткалары қабырғасында сары пигмент жиналып сары дене түзіледі. Ұрықтанғанда сары дене ұзақ уақыт болады, оны жүктіліктің сары денесі деп атайды. Егер ұрықтану болмаса, ол 10—12 күн қызмет етеді де, кері дамуға түседі. Жыныс ағзалары жетілген әйелдерде овуляция ай сайын қайталануы мүмкін. Жыныстық уақыт (цикл) 27—28 күнге созылады. Оны 4 кезеңге бөледі. 1) овуляцияға дейінгі; 2) овуляция кезіндегі; 3) овуляциядан кейінгі; 4) тыныштық кезеңі. Бұл кезеңдердің әр қайсысы жыныс жұмыртқаларындағы, жатырдың шырышты қабатындағы, қандағы, гормондар деңгейіндегі белгілі бір өзгерістермен және басқа да организмдегі жалпы өзгерістермен сипатталады (23-сурет). Жыныс циклінің әртүрлі кезеңдерінде жыныс жұмыртқаларында өзінің физиологиялық ерекшеліктері жағынан әртүрлі гормондар жасалады (синтезделеді). Жүмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезеңде фолликула — эстроген (грек. оізігоз—ағу өте күшті жол тарту, §епез — тудыратын) деп аталатын гормондарды жасап шығарады. Бұл гормондарға эстродиол және белсенділігі сәл төмен эстрон мен эстриол жатады. Сол жерде аздап тестостерон да (еркек жыныс гормоны) жасалады. Жыныс жұмыртқасының сары денесінде гестогендер (латын. .........— жүктіліктің дамуына жақсы әсер ететін гормондар) жасалады. Сары дененің негізгі гормоны — прогестерон.
Достарыңызбен бөлісу: |