Ќазаќстан Республикасы Білім єылым министрлігі



бет53/57
Дата07.03.2022
өлшемі1.2 Mb.
#456043
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Тотығу реакциялары. Бұл реакциялардың барысында бір заттар өздерінен сутегін боліп шығарады да, ол зат тотықты деп есептеледі. Ал екінші заттар оны өзіне қосып алады да тотықсызданады деп есептеледі. Осы процестер бірінен соң бірі жүретін реакциялардың ұзақ тізбегі түрінде болады. Қорыта айтқанда, тотығу реакциясы деп отырғанымыз, тотығу-тотықсыздану рсакциясы болып шығады. Әдетте, сутегін беретін затты донатор дсп, ал оны қосып алып тотықсызданатын затты акцептор деп атайды. Осы тұрғыдан алғаңда, тотығу тотықсыздану реакцияларының жалпы схемасы төмендегідей болмақ: RН2+А = R+АН2.
Мұндағы RН2 - донатор, А - акцептор.
Тотығу-тотықсыздану процестері әртүрлі уақытша түзілетін, аралық өнімдердің қатысуында жүреді. Мұндай өнімдер бір емес, бірнеше ферменттермен қосылысқа түседі.
Тасымалдау рекциясы. Бұларда атомдар немесе атомдардыц топтары бір қосылыстан екшші қосылысқа етіп отырады. Мысалы, фосфофераза ферменттерінің қатысуыңда жүретін реакцияларды алсақ. Бұл ферменттер фосфор қышқылы қалдықтарын тасиды. Фосфоферазаның актив тобы ретіңде аденозинфосфат қызмет етеді. Ол өзінен фосфор қышқылының бірден үшке дейін молекулаларын бөліп шығарады және сондай молекулаларды өзіне қосып та ала алады. Осыған байланысты ол аденозиндифосфор, аденозинтрифосфор, аденозинмонофосфор, аденил қышқылдарына айналады. Қышқыл қалдықтары бөлінгенде организм қажетіне керек жылу бөлініп шығады. Әсіресе, аденозинтрифосфор қышқылы /АТФ/ аденозинди-фосфор қышқылына /АДФ/ айналғанда өте көп, өрбір босаған фосфор қышқылының грамм-молекуласына 12000 калория жылу бөлінеді. Осы жылу нәтижесіндс қаңқа еттерінің қызметі іске асады. Фосфор қышқыл қалдықтары тасылу үшін де оның донаторы жөне акцепторы болуы шарт. Мысалы, углеводтардың күрделі ыдырау процесінде фосфор қышқылының донаторы қызметін фосфоэнолпировиноград қышқылы атқарады. Бұдан бөлініп шыққан фосфор қышқылының қалдыгын аденозиндифосфор қышқылы қосып алып, АТФ-ке айналады, одан соң акцептор рөлін атқаратын глюкозаға өлгі қаддықты беріп жіберіп, АТФ қайтадан АДФ-ке айналады. Осындай күрделі процестерінің барысыңца жоғарыда айтқаңдай организмдегі энергия балансына керекті энергия босап, белгілі бір қызметтің іске асуын қамтамасыз етсе, екінші бір жағдайда ол, күрделі зат бойындағы потенциялық энергияға айналады. Бұл өзгерістер барлық органикалық заттар алмасқанда болып тұрады.
Бақылау сұрақтары:
1.Зат және энергия алмасу
2.Заттар және энергияның алмасуы түралы жалпы түсінік.
3.Метаболизм.
4. Анаболизм және катаболизм түралы түсінік.


Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
Анаболизм және катаболизм түралы түсінік




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет