Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы


Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекетті орнықтыру жолына, құқыққа негізделген мемлекет құру жолына түсті



бет3/3
Дата26.03.2024
өлшемі20.75 Kb.
#496554
1   2   3
stud.kz-66412

Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекетті орнықтыру жолына, құқыққа негізделген мемлекет құру жолына түсті.
Мемлекеттің бірінші принципі заңның жоғары тұруы, оның қоғам өміріндегі үстемдігі болып табылады. Қоғам өмірінің маңызды бағыттары тікелей заң арқылы реттелуі тиіс.
Құқықтық мемлекеттің маңызды факторларының бірі заң талаптарын орындауға барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың бірдей міндеттілігі.
Азаматтардың заңды мүлтіксіз орындауы құқықтық мемлекеттің маңызды принципі болып табылады. Ол үшін азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін белгілейтін заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жақсы білуі қажет.
Со тәуелсіздігі принципінің Конституцияда бекітілуі құқықтық мемлекеттің маңызды белгісі болып табылады. Мемлекеттік биліктің үш тармағының бірі болғандықтан сот құқықтық мемлекетте маңызды орын алады. Конституцияның 77-бабында «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады...» деп жазылған.
Мемлекет дамыған ұлттық құқықтық жүйесі болғанда ғана емес, ол іс жүзінде жүзеге асырылғанда ғана құқықтық мемлекет деп таныла алады. Мемлекеттің құқықтық сипатының деңгейі мемлекеттің халықаралық құқықпен қалай қатынас жасайтынымен, өз бойына барынша демократиялық,, прогрессивті және адамгершілікті құқықтық идеяларды сіңдіре алуына қарай да анықталады. Бұл мәслеге Қазақстан республикасының Конституциясы айрықша мән береді. Онда, Қазақстан республиксы халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейтіндігі жазылған. Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген құқығына республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері кіреді. Репсубликада бекітілген халықаралық шарттар оның басқа заңдарынан басымдық сипатта болады және халықаралық шартта көрсетілгендей оны қодану үшін заң шығару талап етілгеннен өзге жағдайда, тікелей қолданылады. Аталған конституциялық ережелер құқықтық мемлекеттің негізгі ережелері деңгейінде болады.
Қазақстан Республикасы – Конституцияда көрсетілгендей өзін -өзі әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Алдымен әлеуметтік мемлекет ұғымына тоқталар болсақ, мұндай ұғым алғаш рет екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбританияда пайда болды және соғыстан кейін Еуропада көптеген мемлекеттер үшін үлгіге айналған Беверидж жоспарында тұжырымдалған. Әлеуметтік мемлекеттің үш үлгісі ерекшеленеді:
1.Позитивті мемлекет. Онда әлеуметтік қамсыздандыру дарашылдыққа жөне корпоративтік мүдделерді қорғауға негізделген. Мұндай мемлекетте әлеуметтік саясат бақылау құралы болып қана қалады.
2.Жұмыспен толық қамту саясаты жүргізілетін, кепілді ең төменгі тұрмыс деңгейі жөне табысқа тең үміт қамтамасыз етілетін жеке әлеуметтік мемлекет.
3.Бәріне бірдей қызмет етуші әлеуметтік саясат жүзеге асырылатын, баршаның игілігіне арналған мемлекет. Мұндай мемлекетте теңдік, корпоративтік және ынтымақтастық қамтамасыз етілетін болады. Баршаның игілігіне арналған мемлекетте жалақыларда әркелкіліктің азаюы, жұмыспен толық қамтылуға кепілдік берілуі, еңбекшілердің саясаттағы өктемдік жағдайы қамтамасыз етілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетке барлық салаларда, әсіресе өндіріс пен бөлінісі саласында әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруға қамқорлық жасау міндетін жүктейді. Осындай мақсатқа жету үшін төмендегідей:
- әлеуметтік алшақтықтардың орын алуына және осының негізінде таптық алауыздықтың тууына жол бермеу;
- тұтас алғанда қоғамның және өр жеке адамның түрақты түрмыс, тіршілік жүйесін жасау үшін экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және басқа да қатынастарды ақылмен және мақсатты түрде реттеу;
- заңдарды адамға, жұмыссыздықтан қорғаудың әлеуметтік қорғанысының, еңбекке жарамсыздарды, зейнеткерлерді және басқаларды әлеуметтік қамсыздандыру жағдайын жасай отырып, оның өмірлік сұраныстарымен мүдделерін қанағаттандыруға бағыттау;
- мемлекеттік-қайсы бір әлеуметтік қабат түрінде идеологияның орнығуына, сөйтіп халықтың жекелеген топтарының арасында текетіресті болдырмау мақсаты алға қойылды.
Аталған міндеттердің шешілуі арқылы жалпы-халықтық мөмілеге келуге, адамдардың материалдық жағдайын жақсартуға, өлеуметтік қарама-қайшылықты мейлінше азайтуға болады. Сонымен, әлеуметтік мемлекеттің ерекшелігі:
1.Бүтіндей қоғамға, адам мүддесіне қызмет етеді;
2. Әлеуметтік теңсіздікті жақсартып, райландырады;
3.Қоғамда қиыншылықтар мен ауыртпалықтар жөне таршылықтарға ұшырағандарға қолдау жәрдемін көрсетеді.
4. Бірінші кезекте өлеуметтік салаға - ғылым-білім, ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет, еңбекті қорғауда халықтың табысы төмен топтарына жәрдем керсетеді;
Әлеуметтік қорғау – бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуы) және өзге де заңды негіздереге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын, әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды: Тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру; Негізгі әлеуметтік қателердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айырылған табысының бір бөлігін калпына келтіру; Халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
Азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуі. Даму деңгейі бірдей мемлекеттердің өзінде де тарихи, мәдени, саяси, және өзге де факторларға байланысты, әлеуметтік қорғау жүйесінде ынтымақтастықтың және мемлекеттік институттардың қатысуының әртүрлі деңгейі орын алуда.
Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде жарна мен төлемнің арасында өзара байланыс болмайды. Және төлем алу құқығы қатерлі жағдай орын алған сәттен туындайды да, оның деңгейі адамның жүйеге қосқан үлесіне тәуелді болмайды. Қаржыландыру бүкіл салық төлеушілер мойнына түседі де, әлеуметтік қорғау жүйесінен төлем алу құқығына барлық азаматтар ие болады. Мұндай жүйеде табыстарды қайта бөлу тетігі және қаржыландырудың бірден бір көзі мемлекеттік бюджет болып табылады, ал реттеуші ретінде мемлекет әрекет етеді. Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде барлық азаматтарға әлеуметтік қорғаудың бірдей, әдетте, ең төменгі деңгейін ұсынады.
Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері, әдетте: 1) мемлекеттік жәрдемақылар; 2) міндетті әлеуметтік сақтандыру; 3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру; 4) әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады.
Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу аяқталып келеді. Әлеуметтік қорғаудың жүйесі өзгерген экономикалық қатынастарға сәйкес болуы қажет.
Өтпелі кезеңнің бастапқы кезінде мемлекет инфляция, бюджет тапшылығы, өндірістің құлдырауы, экономикалық бейресми секторының өсуі жағдайында әлеуметтік қорғаудың ағымдық мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мен заттай жеңілдіктерді ақшалай төлемдермен ауыстыруды қоспағанда, әлеуметтік саладағы реформалардың нәтижесі ағымдық мәселелерді шешуге арналған жауап қадамдар болды.
Жүргізілген қайта құруларға қарамастан, қазіргі кезде әлеуметтік қорғау жүйесі күрделілігімен және заңнаманың жүйелілігінің жеткіліксіздігімен, жүйеге қатысуға ынталандырудың төмен деңгейімен сипатталады.
Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде толық ынтымақтастық және мемлекеттік институттардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі төмен.
Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтіке қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидатына негізделген. Барлық жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өмірдегі қатерлі жағдайлар туындаған кезде еңбек қызметіне қатысуына және жарнасына қарамастан, егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгедей көзделмесе, бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақылар алады. Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдерді есептеудің экономикалық негізделген нормативтері мен еңбекақы жүйесінде өзара байланыс болмауының салдарынан жұмыс істейтін халықтың табыс деңгейі мен әлеуметтік төлемдер арасында тиісті байланыс болмай отыр. Соның салдарынан, жұмыс істейтін халықтың бір бөлігі әлеуметтік жүйеге үлесі болмаған азаматтардың алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен де аз жалақы алады.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады. Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көтсетіледі.
Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін шектейтін негізгі кемшіліктер мыналар:
- Жетілдірілмеген заңнама - әлеуметтік саланы реттейтін заңнама әлеуметтік қатерлер мен төлемдерге негізделмей, төлемдер түрлері бойынша қалыптастырылған;
- әділдігі жеткіліксіз және ынталандыру дәңгейі төмен - әлеуметтік жәрдемақылар алу құқығын іске асыру кезінде салықты төлеп, азаматтық борышын атқарып жүрген еңбеккерлердің салық аудармайтындардың алдында артықшылығының болмауы;
- айқындықтың жеткіліксіздігі - әлеуметтік төлемдерді алу процесін қадағалауға арналған дербес сәйкестендіру жүйесінің қалыптасу сатысында болуы[21].
Қазақстан Республикасы азаматтарының ең төменгі жалақы және зейнетақы алу кепілдігі заңды түрде белгіленген, яғни жалақы мен зейнетақының ең төмен, оларды төлеу одан кем болмайтын шекте қамтамасыз етілген. Айталық, «Ең төмен жалақы және еңбек ақы төлеу саласындағы мемелкеттік әлеуметтік кепілдіктер туралы» 1991 жылғы 17 маусымдағы Қазақ КСР Заңында ең төмен жалақының күрделі емес жұмысты атқаратын қызметкер алатын ақшалай төлемнің мөлшерін білгілейтін және оған тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті әр түрлі тауарлардың, қызметтердің және басқа да игіліктердің ең аз жиынтығын алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік норматив екендігі көзделген (28-бап, 1-тармақ). (Қазақ КСР ЖКЖ. 1991.)
Жұмысшының немесе қызметкердің айлық жалақысын еңбек заңдары мемлекет белгілеген ең төмен мөлшерден кем болмайтындай етіп белгілейді.
Жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңмен реттеледі. Заңда Қазақстан Респуликасы азаматттарының зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы Қазақстан Респуликасы заңдарымен белгіленген тәртіппен көзделген, ал Қазақстан Респуликасы аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңмен және халықаралық шартпен өзгеше көзделмесе, зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы Қазақстан Респуликасы азаматтарымен бірдей пайдаланады. Зейнетақымен қамсыздандырудың басты принциптері: дербес зейнетақылық жинақтау принципі; зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу; азаматтардың зейнетақылық қорланудың мемлекеттік немесе мемелкеттік емес зейнетақы қорларында жүзеге асырылуын таңдау құқығын қамтамасыз ету; азаматтардың ең төменгі зейнетақы алу кепілдігі; зейнетақы және басқа әлеуметтік қамсыздандыру нысандарын шектеу; әр азаматтың еңбекке жарамды жасында зейнетақылық қор жинақтауға қатысу міндеттілігі; еңбекке жарамды азаматтың өзін жасы ұлғайған кезіндегі зейнетақысымен өзі қамтамасыз етудегі жеке жауапкершілігі; азаматтың ерікті түрде қосымша зейнетақымен қамсыздану құқығы болып табылады [15]. Қолданылып жүрген заңдар әлеуметтік сақтандыру жөніндегі қамсыздандыру түрлерінің қатарына қызметкерлерді жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша, ал әйелдерді, оған қоса, жүктілі және бала босануы бойынша жәрдемақылармен қамсыздандыруды көздейді. Жүмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы еңбек қабілеін жоғалтуына байланысты сырқаттанған кезде, санаторий, курортта емделу кезінде; отбасы мүшесі сырқаттанып, оған күтім қажет болған кезде; карантин кезінде; өкпе ауруымен немесе кәсіби аурулармен ауруына байланысты басқа жұмысқа ауысқан кезде; протез –ордопедиялық кәсіпорындарға орналастырылып, протез салдыру кезінде төленеді. Еңбек жарақатын алу немесе кәсіби сырқатқа ұшырауы салдарынан болған жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы жалақысының 100% мөлшерінде беріледі. Басқа реттерде жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы: жалақысының 100% мөлшерінде үзіліссіз 8 жыл және одан көп еңбек өтілі бар, сондай-ақ қызметкерлердің жекелеген санаттарына; 80% мөлшерінде – үзіліссіз еңбек өтілі 5 жылдан 8 жылға дейінгілерге; 60 % мөлшерінде – 5 жылға дейінгі үзіліссіз еңбек өтілі барларға төленеді. Мүгедек болып қалған, асырушысынан айырылған және өзге де заңды реттерде әлеуметтік қамсыздандыру «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асырушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледі. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы аранулы мемлекеттік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты және толықтай мемлекеттің қамқорлығында болатын азаматтарға мемлекеттің мезгіл-мезгіл олардың мұқтаждығына орай ақшалай қаражат төлеп отыруын білдіреді. Заңмен мүгедектіктің әртүрлі санаттары: мүгедектіктің үш тобы – жалпы сипаттағы сырқаттығына, еңбек үстінде жарақат алуына, кәсіби сырқаттығына байланысты мүгедек болғандар; әскери қызметшілер арасынан мүгедек болғандар; экологиялық төтенше жағдайларға және т.б. зардаптарға байланысты мүгедек болып қалғандар тобы белгіленген. Мүгедектігі бойынша тағайындалатын жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және мүгедектің санатына байланысты болады және жыл сайынғы республикалық бюджет туралы Заңда белгіленетін айлық есептік көрсеткіш көлемінде көрінеді. Міндетті сақтандыру заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады және заң актілерімен белгіленеді. Ерікті сақтандыру тараптардың ерік білдірулері арқылы жүзеге асырылады, ал оның түрлері, шарты мен тәртібі тараптардың келісімімен белгіленеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет