ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Аубакиров С.Е.
Ахмадишин И.М.
Кубжасарова Г.У.
ТІС ПРОТЕЗІН ЖАСАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ
(Оқу - әдістемелік құрал)
Қарағанды 2007 ж.
ӘОТ 616.314-089.21./.22
КБТ 56.6 я 7
А 91
Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы (оқу - әдістемелік құрал) Қарағанды: ҚММА, 2007ж 73 б.
Авторлары: Аубакиров С.Е., Ахмадишин И.М., Кубжасарова Г.У.
Пікір берушілер:
1. Рузуддинов Сауырбек Рузуддинович – м.ғ.д. профессор, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ортопедиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі.
2. Жұмабекова Аманжан Мұхамеджановна – ҚММА-ның хирургиялық стоматология кафедрасының ассистенті.
3. Закишева Сауле Мусагалиевна – ҚММА-ның хирургиялық стоматология кафедрасының доценті.
Жұмыстың қысқаша сипаттамасы
Оқу - әдістемелік құралы стоматологияның өзекті мәселелеріне арналған. Медицина жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, тіс-техникалық колледждер студенттеріне, дәрігер – интерндерге, дәрігер стоматологтарға арналған.
ҚММА Әдістемелік Кеңесі
№8 Хаттамасынан көшірме
11.04.07ж
ҚММА Ғылыми Кеңесі
№10 Хаттамасынан көшірме
26.04.07ж
Қысқартулар тізімі
ҚММА – Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы
МОИ сықпасы - Мемлекеттік Оптикалы Институт
ММСИ – Москвалық Медициналық Стоматологиялық Институт
КХҚ – Кобальт хром құймасы
1- ші Дәріс: Тістердің функциональды анатомиясы және олардың сауыт бөліктерінің құрылымдық жалпы сипаттамасы
Студенттерге тістердің функциональды анатомиясымен таныстыру .
Сауыт бөліктерінің құрылымы.
Тіс топтарының функциональды бағытталған 3 түрі болады: фронтальды (тістеуші), екі топ бүйір тіс топтары (шайнаушы). Тістердің пішіндері олардың қызметіне сәйкес келеді. Тістердің тістеуші топтарын күрек және ит тіс құрайды. Тістеуші тістер 12, олар 6 тістен әрбір жақта, үш - үштен ортаңғы сызықтан оңға және солға қарай орналасады.
Шайнаушы тістер топтарын кіші азу тістер және үлкен азу тістер құрайды. Кіші азу тістер саны 8, әрбіреуінде төртеу, ит тістен кейін екі – екіден орналасады; үлкен азу тістердің саны 12, әрбір жақта алтаудан, үш – үштен кіші азу тістен кейін орналасады. Шайнаушы тістер көп бұдырлы және шайнау беткейлері бар: жоғарғы жақ үлкен азу тісінде 4 бұдыр, төменгі жақ үлкен азу тісінде 5 және 4 бұдыр; кіші азу тістерде 2 бұдырдан болады.
Тіс үш бөліктен тұрады: сауыт, мойын, түбір. Сауыт қызыл иек жиегінен шығып тұрады. Түбір жақтық альвеолаға енгізілген, сыртқы қабаты цементпен жабылған.
Тісте бірнеше беткей бар :
Шайнау немесе окклюзиялық.
Бүйір немесе апроксимальды.
Вестибулярлы (сыртқы беті).
Оральды (ішкі беті).
2. Тістер- шырышты қабықшаның тағамды механикалық өңдеуге арналған сүйектенген өсінділері болып табылады. Филогенез жағынан тістер сүиектердің жиегінде өсіп, бұл жерде жаңа қызметке ие болған қабыршақтарынан пайда болған. Тозу салдарынан олар әлденеше рет жаңарып алмасып отырады: Қарапайым омыртқалыларда өмір бойы көп рет жаңарады да, ал адамда екі рет алмасады. Кейде үш рет ауысады.
Акула қабыршығы қуысында тістің ең басты бөліктері – тіс кіреукесі мен дентин көрінеді, содықтан акула тәрізді балықтардан адамға дейінгі эвалюция процессінде тістердің гомологиясы туралы айтуға болады. Эвалюция барысында жорғалаушылардың тістері жақсүйектерінде беріктеу орнығып, соның нәтижесінде жақтың ұяшықтарында орналасқан түбір бөлігі мен тағамды механикалық өндейтін сыртқы бөлігін - тіс сауытын ажыратады. Соның өзінде құрлықта тіршілік етуге, қоректің түріне байланысты көптеген тістер дамып, жетіле бастайды. Соның нәтижесінде балықтардағы тек қоректі ұстауға арналған біріңғай сүйір тістердің орнына сүтқоректілерде әр алуан қорек түрін ұстап, өндеуге арналған түрлі пішінді тістер пайда болады, атап айтқанда: айырып-үзу , кесу , ұсақтау және ұстау үшін.
Талғаусыз қоректенгенге жататын адамда осы тістердің барлық түрлері сақталған. Алайда ұстап алу қызметінің сүиектердің қолға ауысуына байланысты оның жақ сүйектері кішірейіп, тістерінің саны азайған. Мәселен, плацентті сүтқоректілерде тіс саны 44-ке жетеді. Жаңа Дүниенің кентану маймылдарының тістері аздау, ал Ескі Дүниенің тартанау маймылдарында және адамда тіс саны оданда аздау: 2·1·2·3= 32, соның өзінде адамда 3-азу тіс (ақыл тіс) өте кеш шығады, бұл тістердің регрестену бағытын көрсетеді. Ауытқу ретінде тісі шықпаған адамдар сипатталып жазылған. Тістер өте ертедегі омыртқалардың денесінде қаңқаның басқа бөліктерінен пайда болған бірінші қатты құрлымдар болып табылады. Палеонтологтар палеозойдтың аяқ кезінде омыртқалылардың пайда болғаннан осы кезге дейін сақталып қалған тістерінен ғана білген. Олардың пішіні қоректену тәсілі мен тіршілік бейнесіне сәйкес келетіндіктен, палеонтологтар тістеріне қарап жануарлар мен адамның қазба қаңқаларын анықтай алған.
Тістердің дамуы. Адам тістері шамамен ұрықтық дамудың жетінші аптасында құрыла бастайды. Осы кезде болашақ жоғарғы және төменгі жақ сүиегінің альвеолярлы өсінділері аймағында ауыз қуысын қаптайтын эпителийің қалындаған жері пайда болып, ол доға тәрізді табақша түрінде астыңғы жақтан мезенхимаға бітісе өсе бастайды. Көп ұзамай бұл эпителий табақшасы тереңге бойлай өсуін жалғастыра, ұзына бойына бір-бірімен тік бұрыш жасай орналасқан екі табақшаға бөлінеді.
Алдынғы, немесе жақ – ерін, табақшасы одан әрі ажырап, ерін мен жақтардың қызыл иектерін бөлетін және сөйтіп, ауыз қуысының түзеуге әкелетін ашық эпителий қатпарына айналады.
Артқы тіс табақшасы тіркеу орналасқан. Осы табақшанын жиегінде тостаған тәрізді томпайған эпителий өсіп, ұлғайып, болашақ сүттістердің бастамасын қалайды. Бұл томпақтар тіс тостағандары, немесе кіреукелі мүшелер түзілгеннен кейін тіс табақшасына тереңдей өсіп, кіреукелі мүшелер оның алдыңғы (яғни ерін немесе жақ сүйектеріне қарай) жағында орналасқан.
Дамып келе жатқан кіреукелі мүше пайда болғаннан кейін көп ұзамай тостаған немесе қоңырау пішінге келеді, соның өзінде сәйкесті шұқыр - ойыс тіс бастамасын түзетін мезенхимамен толады.
Кіреукелі мүшелер біртіндеп тіс табақшамен байланысын жоғалтып, тіс бұдыр бастамалары мүлде оқшауланады.
Оқшауланған тіс бастамаларында тістің құрам бөліктері пайда болады, бұл кезде эпителий жасаушалары кіреукеге бастама береді, сүйірлі бұдырдың мезенхима тінінен дентин мен ұлпа түзеліп, ал алғашқы кезде кіреукелі мүшені тіс қапшығы түрінде қоршап тұрған мезенхимадан цемент пен түбір қабықшасы пайда болады.
Тіс бастамасы өскен сайын тіс ұяшықтарының сүйекті қабырғалары да биіктей береді.
Альвеолярлы өсінділерді жабатын тін қызыл иек деп аталады. Бұл жерде шырышты қабықша фиброзды тін арқылы сүйек қабығымен тығыз тұтасып - өседі; қызыл иек тіні қантамырларға бай да, ал нервтерге жарлы болады.
Тіс пен қызыл иектің бос жиегі арасындағы науа тәрізді батыңқы ойыс орналасып қызыл иек қалтасы деп аталады.
Әрбір тіс мына біліктерден тұрады:
тіс сауытынан
тіс мойнынан
тіс түбірінен
Тіс сауыты қызыл иектен шығып тұрады, мойыны қызыл иекпен қауысырылады, ал түбір тіс ұяшығында орналасып, тіс ұшымен аяқталады, онда жай көзбен – түбір ұшында кішкене тесігі көрініп тұрады. Осы тесік арқылы тіске қантамырлар мен нервтер келеді. Тіс сауытының ішінде қуыс болады, ол қуыстың ең көлемді бөлігі - сауыт бөлігі мен қуыстан тарылатын бөлігі – түбір өзегі деп аталатын түбір бөлімнен тұрады. Өзек тіс төбесінде жоғарыда аталған төбе тесігімен ашылады. Тіс қуысын қантамырлар мен нервтерге бай тіс ұлпасы толтырып тұрады. Тіс түбірлері қантамырларына бай альвеолярлы сүйек қабығы, тіс ұяшықтары бетімен тығыз тұтасып өседі. Тіс, периодонт, альвеола қабырғасы мен қызыл иек тіс мүшесін құрайды. Тістің қатты заты мыналардан тұрады: 1) дентин, 2) кіреуке, 3) цемент. Тіс қуысын құрайтын заттың көбісі – дентин. Кіреуке сыртынан тіс сауытын жауып, ал цемент тіс түбірін қаптайды.
Сүттістердің бірқатар ерекшелігі бір: олардың көлемі кішілеу, төмпешіктері мен ажырасатын түбірлері аздау. Сүттістер мен тұрақты тістердің түбірлері саны бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: |