Сүттістер.
Медиальды күрек тістер: 6-8 айда
Бүйір күрек тістер: 7–9 айда
Бірінші азу тістер: 12-15 айда
Иттістер: 16-20 айда
Екінші азу тістер: 20 – 24 айда
Тұрақты тістер.
Бірінші үлкен азу тіс: 6-7 жас
Медиальды күрек тістер: 8 жас
Бүйір күрек тістер: 9 жас
Бірінші кіші азу тістер: 10 жас
Иттістер: 11-13 жас
Екінші үлкен азу тістер: 13-16 жас
Үшінші үлкен азу тістер: 18-30 жас
Тістер қабысқанда жоғарғы күрек тістер төменгі жақтағы сәйкес тіс-тердің үстінен келіп, ішінара оларды жауып тұрады. Бұлай болу себебі мы-надан: жоғарғы тіс доғасы төменгі тіс доғасынан біршама үлкендеу де жә-не оның үстіне жоғарғы тістер еріндер жағына қарай, ал төменгі тіл жағы-на қарай бағытталған. Осының себебінен жоғарғы азу тістердің тілдік төм-пешіктері төменгі азу тістердің тілдік және жақ төмпешіктері арасында жүлгеде жатады; жоғарғы және төменгі тістердің арасында сәйкестік бол-майды: әрбір тіс басқа қатардың бір емес, екі тісімен жанасады.Жанасат-ын тістер антоганистер деп аталады, соның өзінде медиальды төменгі күр-ек тіспен жоғарғы үшінші үлкен азу тістің тек біреуден ғана антоганисі болады.
Физиологиялық тістесудің вариантары мыналар болып табылады: прогнатия (жоғарыда сипатталады), прогения – бұл жағдайда төменгі күрек тістер жоғарғылардың алдында орналасады және ортогнатия – жоғарғы және төменгі күрек тістер ұштары мен қабысады.
Тістер орналасуының ауытқулары. Көрші тістер орындарын ауыстыру мүмкін; тіс жақ доғасы шегінен тысқары қатты тандайға немесе ауыз алдында жақындау орналасуы мүмкін. Кейде тістер мұрын қуысынан, қатты таңдайдан жарып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |