Бірінші жорғарғы үлкен азу тіс. Сауыты қомақты, оның қабысу беті ромб пішінді, ұзын диоганальды тіл пункіне қиғаш өтеді. Тістің үш түбірі бар: екеуі жақ түбірі және біреуі тілдік түбір. Екінші жоғарғы үлкен азу тіс біріншіден кішілеу. Тіс сауытының сыртқы түбі мен қабысу бетінің сипатына қарай бұл тістің бірнеше нұсқаларын ажыратады.
Ең жиі кездесетін бірінші нұсқа: сауыттың жанасу бетінде үш төмпешік бар: екеуі жақ төмпешігі және біреуі тілдік төмпешік. Қабысу беті төбесіне тіл жағына қараған үшбұрыш пішінді.
Екінші нұсқа – қабысу бетінде төрт төмпешіік бар да, тіс бірінші үлкен азу тіске ұқсайды. Мұндай жағдайда екінші жоғарғы үлкен азу тісті бірінші тістің түбірлеріне қарай ажыратады: бірінші тіске тілдік түбір екі жақ түбірі аралығында қарсы орналасады; екінші тістің тілдік түбірі материальды жақ түбіріне қарсы орналасады және тіпті онымен қосылып-тұтасып кетуі мүмкін.
Үшінші нұсқа (сирек) –сауыты үш төмпешікті пішіндес, соның өзіндеде төмпешіктер тіс доғасын қиғаш қиып өтетін бір қатарға орналасады. Бүкіл сауыт енсіз, қысыңқы.
Екінші жоғарғы үлкен азу тіс. Жоғарғы жақтың екінші үлкен азу тісі бірінші үлкен азу тістен кішірек. Сауытының пішіні шайнау бетінің пішіні сияқты әртүрлі. Кесте бойынша оның 4 нұсқасын ажыратады.
1 – нұсқа. Сауытының пішін және шайнау беті бірінші үлкен азу тіске ұқсас.
2 – нұсқа. Сауыты медио – дистальды бағытта ұзарған, вестибула – оральды бағытта қысқарған және созылған призмаға ұқсас.
3 – нұсқа. Сауыты айтарлықтай ұзын, шайнау бетінде үш төмпешік бар, олар тік сызықта орналасқан.
4 – нұсқа. Шайнау бетінде 3 үшбұрыш пішінді төмпешік бар: екі төмпешік вестибулярлы, біреуі оральды.
Ең көп кездесетіні бірініші және үшінші нұсқаудағы сауыттар. Екінші үлкен азу тістің сауытын пішіндеу бірінші азу тісті пішіндеуге ұқсас.
Үшінші жоғарғы үлкен азу тіс. Азу тістер тобындағы ең кішісі, оның сауытының пішіні тым өзгергіш келеді. Көбіне оның үш шайнау төмпешігі болады – екі жақ төмпешігі және бір тілдік төмпешік. Төмпешіктер саны аздау немесе көптеу болуы мүмкін. Тістің үш түбірі болады, бірақ олар көбінесе бірге қосылып-тұтасып, қосылған жерлеріне бойлай өтетін жүлгелері бар доғал конус тәрізді стержень түзеді. Көбіне бұл не мүлде дамымайды, не жарып шықпайды.
Бірінші төменгі үлкен азу тіс. Сауыты куб пішінді. Қабысу беті шаршы, онда 2 тілдік және бір дистальды – барлығы 5 төмпешік орналасқан. Жақ төмпешіктері қомақталау және тілдік төмпешіктерден төмендеу, дистальды – төмпешік кішкентай. Тістің екі түрі бар: медиальды (кендеу) және дистальды түбірлер. Тіс белгілерінен екеуі айқын білінеді: тіс сауыты қисықтық белгісі мен түбірінің белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |