Перманганометрияны келесі мақсаттарда қолданады.
1.Тотықтырғыштарды және тотықсыздандырғыштарды анықтауға;
2.Тотығу-тотықсыздану қасиеттері жоқ заттарды анықтауға;
3.Органикалық қосылыстарды анықтауға.
Стандартты тотықтырғыш потенциалдарды өлшеу. Нернст-Петерс теңдеуі
Әртүрлі жұптардың тотықтырғыш потенциалдары тәжірибе жүзінде анықталғанда, олардың шамасы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың күшіне ғана емес, сол сияқты олардың концентрацияларының қатынасына да тәуелді болады.
Салыстырмалы нәтижелер алу үшін олардың концентрацияларын бірдей қылу керек немесе бірге теңестіру қажет. Алынған тотықтырғыш потенциалдар стандартты (қалыпты) тотығу-тотықсыздану потенциалдары деп аталады және Еº деп белгіленеді. Дәлірек айтатын болсақ, тотығу-тотықсыздану жүйесінің барлық компоненттерінің белсенділігі (концентрациясы) 1моль/л болған жағдайда өлшенген потенциал стандартпен тотығу-тотықсыздану потенциалы болып есептелінеді.
Стандартты потенциалдарды анықтау үшін әртүрлі тотығу-тотықсыздану жұптары стандартты жұппен жалғастырылып, гальваникалық элемент жасалады. Стандартты жұптың ролін сутектік электрод атқарады. Сутектік электрод -иондарының концентрациясы 1моль/л, сутегінің қысымы 1атм. болып келген жұбынан тұрады. Бұл үшін ыдысқа ерітіндісі құйылып, ұсақ дисперстелген платинамен көмкерілген платина электроды салынады. Ерітіндіге түтіктің бойымен сутегі жіберіліп, ол ұсақ дисперстелген пластинаның беткейінде адсорбцияланады.
Стандартты сутектік электродтың потенциалы шартты түрде нольге тең болып есептелінеді. Осындай гальваникалық элементтің 25ºC температурада өлшенген ЭҚК стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалы деп аталады. Оны пайдаланып, кез келген жүйенің тотығу-тотықсыздану потенциалын Нернст-Петерс теңдеуң бойынша есептеуге болады:
-тотығу-тотықсыздану потенциалы;
–стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалы;
n –тасымалданған электрондардың саны;
[тотыққан түрі] – тотыққан түрінің концентрациясы;
[тотықсызданған түрі] – тотықсызданған түрінің концентрациясы;
Достарыңызбен бөлісу: |