АС ҚОРЫТУ ТҮТІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Ас қорыту жүйесінде шартты түрде негізгі үш: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерді ажыратады. Ас қорыту түтігінің келесі бөлімдерін ажыратады (1 сурет):
Ауыз қуысы (1), көмекей (2), өңеш (3), асқазан (4),
Ұлтабарға (5), ащы ішекке (6), мықын ішекке (7)бөлінетің аш (жіңішке) ішек;
Тоқ ішек, оның құрамында бүйен ішек (8), аппендикс (9) және жоғары өрлейтін (10), көлденең (11), төмен кететін (12) және сигма тәрізді (13) жиекшелі ішектер, тік ішек (14).
Жұптасқан сілекей бездері — шықшыт (15), жақасты (16) және тіласты (17) бездері;
Бауыр (18), өт қалтасы (19), өт шығару өзектері (20);
Ұйқы безінің экзокриндік бөлігі (21).
Алдыңғы бөлікке ауыз қуысы мен оның барлық құрылымдық компоненттері, жұтқыншақ және өңеш жатады. Алдыңғы бөлікте негізінен
1 сурет. Ас қорыту жүйесінің құрамы
тамақтың механикалық игерілуі жүзеге асады. Ортаңғы бөлік асқазаннан, аш және тоқ ішектерден, бауыр мен ұйқы безінен тұрады. Бұл бөлікте көбіне тамақтың химиялық игерілуі, оның ыдырау өнімдерінің сіңірілуі және нәжістің түзілуі орын алады. Кейінгі бөлік тік ішектің каудальды бөлімі ретінде көрінеді де, тамақтың қорытылмаған қалдықтарын ас қорыту өзегінен сыртқа шығару қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |