Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министірлігі



бет8/51
Дата06.09.2022
өлшемі3.66 Mb.
#460291
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Есимова Р.АС ҚОРЫТУ ТҮТІГІНІҢ МОРФОФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

ТІЛ


Дамуы. Тілдің бастамасы алғашқы ауыз қуысының түбінде бірінші желбезек доғаларының вентральды бөліктерінің аймағында орналасқан төмпешіктер түрінде пайда болады. Эмбриогенездің 7-ші аптасында бірінші болып тақ санды тілдің төмпешігі пайда болады. Ол 1-ші және 2-ші желбезек доғаларының шеттерінің арасындағы орталық жолақта жатады. Бұл бастамадан тілдің ересектерде соқыр тесіктің алдында орналасқан бөлігі түзеледі. Соқыр тесіктің өзі қалқанша безінің бастамасының қалыптасуы кезінен қалған жұтқыншақтың түбінің өсіндісінің қалдық шұңқырымен берілген.
Сәл кешірек тақ төмпешіктің алдына қарай 1-ші желбезек доғаларының ішкі бетінде екі жұп жуандаған аймақ пайда болады. Ол бүйірлік тіл төмпешіктері. Өсе келе олар бірігеді де тілдің денесінің көп бөлігін және ұшын түзейді.
Соқыр тесіктің артына қарай 2-ші және 3-ші жұп желбезек доғаларының тұсында шырышты қабықшаның жуандаған аймағы түзіледі. Дами келе ол тілдің түбірін береді. Бұл бастамалар тез өсе бастайды. Эмбриогенездің 2-ші айында олар бірігіп тілді түзейді. Тілдің түбірі мен денесінің шекарасында науалы бүртікшелер, ал бүртікшелердің құрайтын бұрышында соқыр тесік орналасады.
Тілдің бұлшық еттері миотомдардан орын ауыстырған миобластылардан дамиды. Тіл асты нервісімен жүйкеленеді. Тілдің шырышты қабықшасы әр түрлі бастамалардан дамып, әр түрлі нервтермен жүйкеленеді: үштік, тілжұтқыншақтық, кезбе нервтер.
Тілдің атқаратын қызметі. Адам тілі дәм сезуге, тамақты механикалық өңдеуге және жұту актісіне қатысумен бірге сөйлеу мүшесі болып табылады. Тілдің негізін қаңқалық көлденең жолақты бұлшықет тіні құрайды.
Құрылысы. Тіл шырышты қабықшамен жабылған. Тілдің астыңғы, бүйір және үстіңгі беттерінде әр түрлі бедерін ажыратуға болады (4 сурет). Астыңғы беттегі шырышты қабықшаның құрылымы мейлінше қарапайым. Бұл жердегі эпителий көпқабатты, жазық мүйізденбейтін болып келеді. Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы эпителийге қысқа бүртіктер жасай отырып енеді. Меншікті табақшаға бұлшық еттерге жанамалас орналасқан шырыш асты негіз жалғасады. Шырыш асты негіздің болуының арқасында тілдің астыңғы бетінің шырышты қабықшасы оңай қозғалады.
Тілдің үстіңгі және бүйір беттерінің шырышты қабықшасы оның бұлшықетті денесімен бірігіп кеткен және ерекше түзілімдер – бүртікшелермен жабдықталған. Шырыш асты негіз жоқ.
Адам тілінде бүртікшелердің төрт түрі бар: жіп тәрізді, саңырауқұлақ тәрізді, науа тәрізді және жапырақ тәрізді. Тілдің бүкіл бүртікшелері

4 сурет. Тілдің бедері мен бүртікшелері


А- жоғарғы бетіндегі жіп тәрізді және саңырауқұлақ тәрізді бүртікшелер


Б- жапырақ тәрізді бүртікшелер
В- науалы бүртікшелер
Г- тілдің астыңғы бетінің тегіс эпителийі
шырышты қабықшаның туындылары болып табылады және жалпы нобай бойынша құрылған. Бүртікшелердің үстіңгі беті базальды мембранада жатқан көпқабатты жазық мүйізденбейтін немесе жартылай мүйізденетін (жіп тәрізді бүртікшелерде) эпителийден түзілген. Әрбір бүртікшенің негізін шырышты қабықшаның дәнекер тіндік қабатының өсіндісі (бірінші реттік дәнекер тіндік бүртікше) құрайды. Бірінші реттік дәнекер тіндік бүртікшенің ұшынан эпителийге енетін бестен жиырмаға дейін, кейде одан да көп жіңішке дәнекер тіндік екінші реттік бүртікшелер шығады. Тіл бүртікшелерінің дәнекер тіндік негізінде эпителий арқылы көрініп тұратын және бүртікшелерге ерекше қызыл түс дарытатын көптеген қан капиллярлары орналасқан.
Жіп тәрізді бүртікшелерсаны жағынан ең көп, тілдің үстіңгі бетін бірқалыпты жауып тұрады, әсіресе үймекпен қоршалған науалы бүртікшелерден түзілген бұрышта мол шоғырланады. Өлшемдері жағынан олар тіл бүртікшелерінің арасындағы ең майдалары болып табылады. Ұзындықтары 0,3 мм шамасында. Жіп тәрізді бүртікшелермен қатар конус түріндегісі де кездеседі. Бірқатар асқорыту жүйесінің аурулары кезінде үстіңгі эпителиоциттердің түлеу үрдісі әлсіреуі мүмкін, яғни эпителий жасушаларының бүртікшелердің ұшында көп мөлшерде жинақтала отырып, қуатты мүйізденген қабаттарды құрауы жүреді. Бұл жағдай бүртікшелердің бетін ақшыл қабыршақпен жаба отырып, ақ үлпек басқан тілдің бейнесін жасайды. Кейбір жануарларда бұл бүртікшелердің ұшы біреу ғана болады және ол толық мүйізденеді. Бұл жағдай бүртікшенің механикалық қызметін арттырады және сұйықтықты жалап ішуге мүмкіндік береді. Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша бұл бүртікшелердің құрамында тактильді рецепторлар болады.
Мүйізденген эпителиоциттердің түлеуінің бұзылуы тілдің үстінде әр түрлі өңездердің пайда болуына әкеледі.
Саңырауқұлақ тәрізді бүртікшелердің саны аз және олар тілдің үстіңгі бетінде жіп тәрізді бүртікшелердің арасында орналасады. Олардың көбі тілдің ұшында және шеттеріне қарай шоғырланған. Саңырауқұлақ тәрізді бүртікшелер жіп тәрізді бүртікшелерге қарағанда үлкенірек – ұзындығы 0,7-0,8 мм және диаметрі шамамен 0,4 - 1 мм шамасында. Бұл бүртікшелердің негізгі бөлігі қысаң түбірлі және кең ұшарлы саңырауқұлақ түрінде болады.
Эпителийдің қыртысында дәм сезу буылтығы орналасады. Олар көбінесе саңырауқұлақ тәрізді бүртікшенің «қалпақшасының» маңында болады. Бұл маңайдан өтетін кесінділерде әрбір саңырауқұлақ тәрізді бүртікшелерде 3 - 4 – ке дейін дәм сезу буылтығын көруге болады. Бірқатар бүртікшелерде дәм сезу буылтығының болмауы мүмкін.
Тілдің жапырақ тәрізді бүртікшелері балаларда ғана жақсы дамыған. Олар тілдің оң және сол бүйірлерінде орналасқан екі топ түрінде көрінеді. Әрбір топқа бір-біріне параллельді орналасқан, жіңішке тар кеңістіктер арқылы бөлінген 4-8 бүртікше кіреді. Олардың әрқайсысының ұзындығы – 2-5 мм шамасында. Бүртікшенің бүйір беттерінің эпителийінде дәм сезу буылтықтары болады. Жапырақ тәрізді бүртікшелерді бөліп тұратын кеңістіктерге ақуызды сілекей бездерінің шығарушы өзектері ашылады. Олардың аяққы бөлімдері тілдің бұлшықеттерінің арасында орын тепкен. Бұл бездердің бөліндісі бүртікшелер арасындағы қысаң кеңістіктерді шаяды. Ересек адамда жапырақ тәрізді бүртікшелер жойылады да, бұрын ақуызды бездер орналасқан жерлерде май немесе лимфоидты тіндер жетіледі.
Тіл түбірінің шырышты қабықшасында бүртікшелер жоққа тән. Бірақ бұл жерде эпителийдің үстіңгі беті тегіс емес, оның бірқатар томпақшалары мен шұңқыршалары болады. Томпақшалар шырышты қабықшаның меншікті табақшаларында кей кезде диаметрі 0,5 см жететін лимфа түйіндерінің жиынтығының есебінен пайда болады. Бұл жерде шырышты қабықша шұңқыршаларды, тереңдемелерді (криптілерді) түзейді де, оларға көптеген шырышты бездердің өзектері ашылады. Лимфоидты тіннің тіл түбірінде шоғырлана орналасқан жиынтығы тілдің бадамша безі деп аталады.
Науа тәрізді бүртікшелер (басқаша аты тілдің үймекпен қоршалған бүртікшелері) тілдің үстіңгі бетінде 6-дан 12-ге дейінгі мөлшерде кездеседі. Олар тілдің еті мен түбірінің арасындағы шекаралық сызықтың бойында орналасқан. Оларды жай көзбен де ажыратуға болады. Бүртікшенің ұзындығы 1-1,5 мм шамасында, диаметрі 1-3 мм. Шырышты қабықшаның үстінен анық жоғары тұратын жіп тәрізді, саңырауқұлақ тәрізді бүртікшелерге қарағанда бұл бүртікшелердің үстіңгі жағы шырышты қабықшамен бір деңгейлес дерлік. Олардың түбірі қысаң, жоғарғы бос бөлігі кең әрі жалпия жазықтанған болады. Бүртікшенің айналасында енсіз, терең саңылау – науа орналасады (науалы бүртікше деп аталуы сондықтан). Науалы бүртікшелерді – шырышты қабықшаның оларды қоршап тұрған қалыңдамасы – үймектен науа бөліктеп тұрады. Бүртікшенің құрамында бұл бөлшектің болуы екінші бір атауды – «үймекпен қоршалған бүртікшені» тудырады. Бұл бүртікшенің бүйір беттері мен оны қоршаған үймектің эпителийінің қыртысында көптеген дәм сезу буылтықтары орналасқан. Бүртікшелер мен үймектердің дәнекер тінінде бойлай, қиғаш немесе айналмалы түрде орналасқан тегіс бұлшықет жасушаларының шоғырлары жиі кездеседі. Бұл шоғырлардың жиырылуы бүртікшенің үймекпен жақындасуын қамтамасыз етеді. Бұл науаға түсетін қоректік заттардың бүртікшелер мен үймектің эпителийінде жататын дәм сезу буылтықтарымен жанасуына септігін тигізеді. Бүртікше түбірінің борпылдақ талшықты дәнекер тінінде және оларға жапсарлас орналасқан көлденең-жолақты бұлшықет талшықтарының шоғырларының арасында шығарушы өзектері науаға ашылатын ақуызды сілекей бездерінің аяққы бөлімдері орналасады. Бұл бездердің бөліндісі бүртікшенің науасын шаяды және оны жиналып қалған тамақ қалдықтарынан, түлеген эпителий мен микробтардан тазартады.
Тілдің бұлшықеттері бұл мүшенің денесін құрайды. Тілдің көлденең-жолақты бұлшықеттерінің шоғырлары үш өзара перпендикулярлы бағытта орналасады: олардың бірқатары – тігінен, екіншілері – ұзына бойына, үшіншілері – көлденең жатыр. Тілдің бұлшықеті тығыз дәнекер тіннен түзелген тосқауылмен оң және сол бөлікке бөлінген. Жекелеген бұлшықет талшықтары мен шоғырларының арасында жататын борпылдақ талшықты дәнекер тінінде май жасушалары көп болады. Бұл жерде тілдің сілекей бездерінің аяққы бөлімдері орналасқан. Тіл денесінің бұлшықеті мен үстіңгі бетінің шырышты қабықшасының меншікті табақшасының шекарасында коллагенді және эластикалық талшықтардың тор құрай шиелініскен шоғырларынан тұратын қуатты дәнекер тіндік табақша болады. Ол терең торлы қабатты құрайды. Бұл - әсіресе науа тәрізді бүртікшелердің аймағында ерекше жақсы жетілген – тілдің өзіндік апоневрозы болып табылады. Тілдің ұшы мен шеттерінде оның қалыңдығы жұқарады. Көлденең – жолақты бұлшықет талшықтары торлы қабаттың саңылауынан өтіп, шырышты қабықшаның меншікті табақшасында жатқан коллаген талшықтарының шоғырларынан құралған кіші сіңірлерге бекиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет