2.1. Сынақ-емтихан сессиясының кезеңділігі және ұзақтығы оқу жұмыс жоспарымен және оқу процесінің графигімен белгіленеді. Жазғы сынақ-емтихан сессиясы білім алушыны курстан курсқа көшіретін сессия болып есептеледі.
2.2. Емтихандарды ректордың бұйрығымен бекітілген оқытушылар қабылдайды.
2.3 Емтиханды қабылдау үшін емтихан қабылдаушы осы оқу пәнінің бейініне сәйкес біліктілігі бар және осы академиялық топқа (лекте) сабақ бермеген жетекші профессорлар, доценттер қатарынан тағайындалады.
2.4 Дифференциялық сынақты тиісті пәндерден практикалық сабақтарды жүргізген оқытушылар қабылдайды.
2.5 Емтихан қабылдау рәсіміне қатысы жоқ тұлғалар емтиханға кіруге рұқсат етілмейді.
2.6 Емтиханға келген білім алушы өзімен бірге сынақ кітапшасын әкелуге міндетті.
2.7 Емтихандар жазбаша, ауызша немесе тест түрінде өтеді. Әр пән бойынша емтихан өткізу формасын және тәртібін Университеттің Ғылыми кеңесі бекітеді.
2.8 Емтиханда қойылған оң бағалар емтихан ведомосына және сынақ кітапшасына жазылады, «қанағаттанарлықсыз» бағалар тек емтихан ведомосына ғана жазылады.
2.9 Егер білім алушы емтиханға келмеген болса, онда емтихан ведомосындағы оның аты-жөні жазылған тұсқа «келген жоқ» деген белгі қойылады. Орынды себебі болған жағдайда деканаттың қызметтік өкіміне сәйкес деканат осы емтиханды жеке график бойынша тапсыру туралы шешім шығарады.
2.10 Оқытушы бекітілген бағдарламаларға сәйкес студенттер құрастырған есептер негізінде оқу өндірістік практиканы сыналған деп есептейді.
2.11. Кәсіптік практика ( оқу, оқу-өндірістік, өндірістік) бойынша баға кәсіптік практика жөніндегі ұсынылған есепті қорғау қорытындысы бойынша қойылады. Студент есепті ресімдеп, қорғайтын тақырыбы бойынша білімін көрсетуі керек (практикаға бір жетекші тағайындалған жағдайда).
3.6.2 Білім алушыларға ағымдық, аралық және қорытынды бақылау өткізуді ұйымдастыру тәртібі
3.1 ЖОО-ларда білім алушылардың (студенттердің, интернлердің, докторанттар, магистранттар) оқудағы жетістіктерін бағалау Ғылыми кеңеспен бекітілген, кафедралардың өздері белгілеген бақылаудың түрлі формаларымен (ағымдық, межелік және қорытынды)және аттестаттаумен жүзеге асады.
3.2 Бақылаудың барлық формалары бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктері әр орындалған тапсырма үшін 100 балдық шкала бойынша бағаланады.
3.3 100 балдық шкала халықаралық практикада қабылданған білімді бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес келеді.
3.4. Ағымдық бақылау. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау – академиялық кезең барысында аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда оқытушы өткізетін оқу бағдарламасына сәйкес білім алушылардың әрбір оқу пәні бойынша жетістіктерін жүйелі түрде тексеру.
3.4.1 Ағымдық үлгерімді бағалауды Ағымдық және межелік бақылау нәтижелері бойынша әрбір оқу пәнінің өз оқытушысы жүргізеді.
3.4.2 Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі және оған аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білімді бақылау жатады.
3.4.3 Ағымдық бақылау түрлерін пән ерекшелігін ескеріп кафедра әзірлейді және олар силлабуста жазылады.
3.4.4 Ағымдық бақылауды бағалау критерийлерін кафедра пән ерекшелігін ескеріп БРБС бағалау критерийлеріне сәйкес әзірлейді және олар силлабуста жазылады.
3.4.5 Үлгерімнің ағымдық бақылауының ақырғы нәтижесі академиялық кезең барысында алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық қосындысынан есептеледі.
3.4.6 Оқытушылар ағымдық және межелік бақылаулардың бағаларын бақылау өткізілгеннен кейін педагогикалық журналға жазады және білім алушыларға хабарлайды. Кафедра меңгерушісі 2 аптада 1 рет педагогикалық журналдың толтырылуын тексереді және тексерген күннің тұсына қолын қояды.
3.4.7 Рұқсат рейтингісінің бағасы аудиториялық сабақтарда алынған ағымдық бақылаудың бағалары, СРО ағымдық бақылаудың бағалары және межелік бақылаудың бағалары қосылып, мына формулаға сәйкес есептеледі:
РРБ = Рпр*Х + Рсро*Y + Ррк*Z,
X+Y+Z=1,0
мұнда: Рпр – аудиториялық сабақтарда алынған ағымдық бақылау бағаларының орташа арифметикалық қосындысы
СРСП
Рсро –СРО ағымдық бақылау бағаларының орташа арифметикалық қосындысы;
Ррк – межелік бақылау бағаларының орташа арифметикалық қосындысы;
Х, У, Z– тиісті бағаның үлесін бейнелейтін коэффициенттер.
3.4.8 Х, У, Z мәндері білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылаудың әр түрінің маңыздылығын анықтайды. Бұны кафедра пән саясатына сәйкес өзі анықтайды және бұл мәндер силлабуста жазылады.
3.4.9 Егер кафедра шешімімен (Х, У, Z) тиісті бағаның үлесін бейнелейтін коэффициенттер қарастырылмаған болса, онда аудиториялық сабақтарда алынған ағымдық бақылаудың бағаларының орташа арифметикалық қосындысы есептеліп, рұқсат рейтингісі бағалары, СРО ағымдық бақылау бағалары және межелік бақылау бағалары мына формулаға сәйкес саналады:
мұнда: Рn– ағымдық жәнемежелік бақылау бағаларының орташа арифметикалық қосындысы;
n – үлгерімнің бақылау формаларының саны.
3.4.10 «Жалпы медицина» (4,5 курс) мамандығының блок пәндерін беретін кафедралар РРБ есептеудің бірыңғай формуласын құрастырады.
3.4.11«Жалпы медицина» (3 курс) мамандығының модульдік пәндерін жүргізетін кафедраларда РРБ есептегенде коэффициенттерді анықтауда дербес саясатты қолдануға рұқсат етіледі.
3.4.12 РРБ мәні сандарды жинақтау ережесі бойынша ондық бөлшектерге дейін жинақталады: егер цифр 5 және одан көп цифрге тең болса, онда алдыңғы цифры бірлікке көбейеді;егер цифр 5-тен аз болса, онда алдыңғы цифры өзгермейді.
3.4.13 РРБ үлгерімді есепке алу ведомосында қойылады (3-қосымша) және сабақ біткеннен кейін 3 тәулік ішінде, бірақ емтихан басталғанға дейін 1 тәулік қалған уақыттан кешіктірмей офис-тіркеуші бөліміне тапсырылады. Кафедра меңгерушісі үлгерімді есепке алу ведомосының уақытында толтырылуын және офис-тіркеуші бөліміне тапсырылуын қамтамасыз етеді.
3.5 Межелік бақылау – бір оқу пәнінің тарауын (модуль) аяқтаған соң білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау.
3.5.1 Үлгерімді межелік бақылау пәннің үлгілік оқу бағдарламасына (ҮОБ) сәйкес жүргізіледі, бірақ бір академиялық кезең ағымында екі реттен артық емес.
3.5.2 Көлемі 54 сағат және сағаты одан аз пәндер үшін межелік бақылау қарастырылмаған (үлгілік оқу бағдарламаларында ескерілген жағдайлардан басқа).
3.6 Оқытушы ағымдық және межелік бақылау бағаларын бақылау жүргізілгеннен соң педагогикалық журналға қояды және студенттерге мәлімдейді.
3.7 Циклдің/пәннің соңғы сабағында білім алушының осы пән бойынша рұқсат рейтинг бағасы (РРБ) болып есептелетін ағымдық үлгерім бағалары есептеледі. РРБ үлгерімді есепке алу ведомосына қойылады.
3.8 Білім алушылардың аралық аттестациясы – білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан соң оның бір бөлігін немесе толық мазмұнын меңгеру сапасын бағалау рәсімі.
3.9 ЖОО-да аралық аттестаттау кезеңі емтихан сессиясы деп аталады. Емтихандар білім беру ұйымының басшысы бекіткен кестеге сәйкес аралық аттестаттау кезеңінде тапсырылады.
3.10 Емтихандар білім алушылардың пәннің барлық кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша жетістіктерін тексеру формасы болып табылады және оның мақсаты - білім алушылардың академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін, алған теориялық білімдерін, оларды толық игеру, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, жұмысты өз бетінше істеу дағдыларын, алған білімдеріне синтез жасауды және оларды практикада қолдана білуін бағалау.
3.11 Студенттерді аралық аттестаттауды ұйымдастыру кафедраларға, оқу процесін жоспарлау бөліміне, офис-тіркеуші бөліміне жүктеледі.
3.12 Пән бойынша қорытынды бақылау (аралық аттестация) емтихан, дифференциалды сынақ, сынақ түрінде өткізіледі және мамандықтың жұмыс оқу жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес өткізіледі.
3.13 Дифференциалдық сынақтар білім алушылардың кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес зертханалық, курстык жұмыстардың (жобалардың), сонымен қатар кәсіптік практиканы сәтті орындауын тексеру формасы болып табылады.
3.14 Білім алушылардың қорытынды аттестациясы мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында белгіленген формалар бойынша өткізіледі. Оның мерзімдері мен ұзақтығы академиялық күнтізбеде және мамандықтың жұмыс оқу жоспарында қарастырылған.
3.15. Қорытынды аттестацияға жұмыс және жеке оқу жоспары мен оқу жұмыс бағдарламалары талаптарына сәйкес теориялық және практикалық курсты толығымен аяқтаған
білім алушылар жіберіледі.
3.16 Білім беру процесі аяқталуының негізгі критерийі – жоғары білім беру мамандықтарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сәйкес студенттердің оқытудың теориялық курсының қажетті көлемін және кәсіптік практиканы меңгеруі.
3.17 Емтихандар білім алушылардың пәннің барлық оқу бағдарламалары бойынша оқудағы жетістіктерін тексеру формасы болып табылады және кестеге сәйкес тапсырылады.
3.18 Пәннің қорытынды бағасына рұқсат рейтингісі мен қорытынды бақылау бағалары енеді. Қорытынды бағаны есептеген кезде әр компоненттің үлес салмағы есептеледі: рұқсат рейтинг бағасы 60%-ды құрайды, қорытынды бақылау бағасы – 40.
3.19 Оң қорытынды баға (білім алушының академиялық рейтингісі) оқу пәні бойынша емтихан ведомосына және студенттің сынақ кітапшасына жинаған кредиттері (бакалавриат мамандықтары үшін) көрсетіле отырып жазылады. Білім алушылардың үлгерімін есепке алу бойынша толтырылған ведомосты емтихан қабылдаушы емтихан тапсырылған күні Офис тіркеушіге тапсырады. ҚББ мен ҚБ кафедра журналына жазылады.
3.20 Қорытынды бақылау бойынша қойылған оң бағаны жоғарылату мақсатымен сол аралық аттестация кезеңінде емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
3.21 Академиялық рейтингіні жоғарылату үшін білім алушы ақылы негізде келесі академиялық кезеңде немесе қысқы/жазғы семестрде осы пән бойынша жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған барлық оқу сабақтарына қайтадан қатысады, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.
3.22 Өтемсабақтарда алған балл педагогикалық журналға және өтемсабақтар журналына жазылады. Сабақтан қалу себебі дәлелді болған жағдайда, өтемсабақтарда алған балл есепке алынып рұқсат рейтингі бағасы қайта есептеледі. Сабақтан қалу себебі дәлелсіз болған жағдайда, өтемсабақтарда алған балл ағымдағы рейтингіге есептелмейді, тиісінше РРБ қайта есептелмейді.
3.23 Білім алушы РРБ≥50 балл мәнінде болған жағдайда және қатыспаған (өтелмеген) сабақтары болмаған жағдайда пән бойынша қорытынды бақылауға жіберіледі.
3.24 ҚББ мәні сандарды жинақтау ережесі бойынша ондық бөлшектерге дейін жинақталады: егер цифр 5 және одан көп цифрге тең болса, онда алдыңғы цифрысы бірлікке көбееді;егер цифр 5-тен аз болса, онда алдыңғы цифрысы өзгермейді.
3.25 Қорытынды бақылау бағасын (ҚББ) емтихан қабылдаушы ҚББ-ны тіркеу ведомосына ҚББ≥50 балл мәнінде болған жағдайда қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |