Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі



бет6/6
Дата09.07.2016
өлшемі3.23 Mb.
#186682
1   2   3   4   5   6

3.21 ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
3.21.1 Жалпы ережелер

1.1 Университеттегі тәрбие жұмысы білім беру процесі секілді ЖОО қызметіндегі негізгі бөлім болып есептеледі.

1.2 Жастар ісі жөніндегі деканаттың негізгі қызметі − студенттердің кәсіптік және әлеуметтік біліктілігін, белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру үшін жағдай жасау, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда Отанымыздың дамуы мен нығаюына өз үлесін қосуға дайын болашақ дәрігерлердің тұлғалық қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеу.

3.21.2 Тәрбие жұмысының принциптері

2.1. Ізгілендіру принципі студенттің жеке басын мойындауға; оның бірегейлігі мен өзгешелігін сыйлауға негізделген.



2.2. Кәсіпке бағыттау принципі – болашақ мамандардың кәсіптік қоғамдастықтың этикалық нормаларын меңгеруін, өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелеріне деген жауапкершілікті қалыптастыруды, кәсіптік бейімділігін, дарынын, арнайы қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу мәселелерін ескереді.

2.3 Тәрбиелеу арқылы оқыту принципі – студенттерді тұлға ретінде дамыту, өзін-өзі қалыптастыруға, өзін-өзі дамытуға деген оң мотивацияны қалыптастыру, сондай-ақ оқудан тыс шығармашылық-практикалық қызметке бағдарлау мақсатында негізгі, қосымша білім беру бағдарламаларында көрсетілген оқу пәндерінің тәрбиелік әлеуетін пайдалануды көздейді.

2.4 Демократияландыру принципі – тәрбие жұмысында субъектілердің теңдігін және әлеуметтік серіктестікті, студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің болуын, жұмыс істеуін және оның Университеттің әкімшілік-басқарушы құрылымдарымен тиімді қарым-қатынас жасау механизмін қарастырады.

2.5 Ынталандыру принципі – студенттерді оқуда, ғылыми, шығармашылық, спорт, қоғамдық және басқа да қызмет түрлерінде көрсеткен жетістіктері үшін моральдық , материалдық тұрғыдан көтермелеуге негізделген.



3.21.3 Студенттер жатақханасының кеңесі

3.1 Университетте білім алушылардың тұрмыстық жағдайын, білім алу үшін қажетті жағдайды, демалысына және спортпен айналысуын ұйымдастыру үшін жатақхананың Студенттер кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) жұмыс істейді. Кеңес «Астана медицина университеті» АҚ жатақхана тұрғындары үшін үйлестіруші орган болып саналады.

3.2 Кеңес ҚР «Білім туралы» Заңына, «Астана медицина университеті» АҚ-тың Жарлығына, Университеттің студенттік жатақханаларында тұру ережесіне, Университетте білім алушылардың ішкі тәртібіне және Университеттің басқа да нормативтік актілеріне сәйкес өз жұмысын жүргізеді.

3.3 Кеңес Университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің алдында жатақхана студенттерінің мүдделері мен құқықтарын қорғайды.



3.21.4 Мәдени-ойын-сауық базасы

4.1 Университетте студенттер үйірмелері бар:

- «Меd club» КТК командасы – 2009 жылы құрылып, 2010 жылы КТК-ның аймақтық лигасына өтті;

- «Джиу-джитсу» спортклубы;

- «English club» ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын клубы;

- дебат клубы.

4.2 Университетте студенттердің ғылыми қоғамы жұмыс істейді.

4.3 Кафедраларда белгілі бір ғылыми бағытта жұмыс істейтін студенттердің ғылыми үйірмелері бар.

4.4 «Ару» қыздар лигасы тоқсан сайын журналды шығарады. Журналыдң бірінші данасы «Астана медицина университеті» АҚ-тың баспасынан шықты. Екінші данасының презентациясы Назарбаев Университетінде көрсетілді. «Ару» журналының үшінші презентациясы «Подари сердце городу» қайырымдылық акция кезінде көрсетілді. Журналымызды қаланың барлық ЖОО студенттері қызығып оқиды.

4.5 UТV – студенттердің алғашқы қазақстандық интернет-телевидениесі. 2013 жылғы 27 ақпанда жұмыс істей бастады.

UТV мақсаты Қазақстанда шығарылған оқыту материалы көлемді видео-контенті бар студенттердің интернет-телевидениесін жасау. Сайты: www.utv.kz Utv_2013@bk.ru, Контактте: university-Tv Stude.
Utv тобы



Продюсер - Сулейменова Аягоз Нурашевна

Атқарушы директор- Раембаева Р. И.

Жүргізуші – Есенова Н. Е.

Корреспондент – Каиржанов Е. Д.

Оператор – Курмангазинов Е.К.

Бейнеинженер – Каххарова Д.Ф.
3.22 Әлеуметтік қолдау көрсету
Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар санынан білім алушыларды әлеуметтік қолдау көрсету


  • Киіммен қамтамасыз ету;

  • Ай сайын жол жүру билетін беру;

  • Университет асханаларында тамақты тегін беру;

  • Тамақ алуға қаражатты бөлу;

  • Жатақханада тұруға орын беру

Көп балалы отбасынан шыққан студенттерге ай сайын жол жүру билеті беріледі.


3.23 «Астана медицина университеті» АҚ оқу корпустары мына мекенжайларда орналасқан:


  1. Бейбітшілік көшесі 49, «Медициналық академия» аялдамасына дейін теміржол вокзалынан және автовокзалдан № 9, 10, 13, 19, 23 автобустармен, әуежайдан № 10 автобуспен жетуге болады;

  2. Бейбітшілік көшесі 51, «Медициналық академия» аялдамасына дейін теміржол вокзалынан және автовокзалдан № 9, 10, 13, 19, 23 автобустармен, әуежайдан № 10 автобуспен жетуге болады;

  3. Бейбітшілік көшесі 53, «Медициналық академия» аялдамасына дейін теміржол вокзалынан және автовокзалдан № 9, 10, 13, 19, 23 автобустармен, әуежайдан № 10 автобуспен жетуге болады;

  4. Сарыарқа даңғ.33 оқу корпусына және Жеңіс даңғылы 35 мекенжайында орналасқан Университет жатақханаларына (№1, №2 блоктар). «Музыкалық академия» аялдамасына дейін теміржол вокзалынан және автовокзалдан № 21, 25, 29, 31, 39, 40, 47 автобустармен, әуежайдан № 12 автобуспен жетуге болады.


«Астана медицина университеті» АҚ жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-жұма 8.30-18.00, түскі үзіліс 13.00-14.30 (әкімшілік-басқару персоналы үшін)

Дүйсенбі-жұма 8.00-17.00 кафедралар

Сабақтар: Дүйсенбі-жұма сағат 8.00-ден

Сенбі, жексенбі – демалыс күндер

ТІЛЕК
Құрметті студент! «Астана медицина университеті» АҚ-та алған білімің, машықтарың және іскерлігің болашақта сенің жұмысыңда және мансабына көмектеседі. Сен де өз Alma-mater-іңнің беделін асыра бер!

Уақытты бос жібермей, қажымай білім ал, үйрен, машықтан. Сен жоғары дәрежелі маман болу үшін тек жақсы оқып қана қоймай, университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсене араласуың керек.



Бұл күрделі, бірақ өте қызықты жол!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет